Home » Мақалалар » Нұр Отан

Нұр Отан

 

Білімі — жоғары Қызылорда Мемлекеттік Университетінің тарих және артив ісі мамандығын бітірген. Ұстаздық жолын 2000  жылдың қыркүйек  айынан бастады. Осы жылдар ішінде тарих құқық  пәнінен сабақ берді.  Үнемі ізденіс жолында жүретін ұстаз. Баланың рухани жан дүниесін дамыту мақсатында жаңаша әдіс –тәсілдерді сабақ  барысында  тиімді пайдалана біледі және бала бойынан қасиеттерін көруді мақсат етеді.  Әр оқушы бір жұлдыз деп санайтын ұстаз,өз шәкірттерімен үнемі мақтанып отырады.  Еліміздің  жас жеткіншектерін оқытып,тәрбиелеу жолында  сіңірген еңбегі  және  білім саласын дамытуға қосқан үлесі  үшін Нұрылдаева Нұргүл Әлібекқызы    2018  жылы Нұр Отан партиясының   «Алғыс хатымен » марапатталды.  «Облыстық  білім басқармасы білім және ғылым  қызметкерлері  кәсіподағының облыстық  комитетінің   «Алғыс хатымен»  2016 ж марапатталған.  Қалалық  білім бөлімінің  «Құрмет грамотасымен» марапатталған.   «Нұр Отан » партиясының стратегиялық бағыттарын насихаттап  болашақ ұрпақты рухани – парасаттылыққа тәрбиелеп, ел болашағының азаматы мен патриот болып қалыптасуына  қосқан үлесі үшін  «Құрмет грамотасымен » марапатталды. Ел бостандығы үшін күрескен халық батыры  Жанқожа Нұрмұхамедұлының  240 жылдық мерейтойына орай 9 -10 сыныптар арасында “Жанқожа батыр өмірінен сахналық қойылымдар” байқауында белсенділігімен ерекшеленгені үшін  Қалалық білім бөлімінің  «Алғыс хатымен» марапатталады. Ізденімпаз ұстаз  Кәсіби және иноватциялық даму нәтижеге бағытталған білім  беру негізі атты жинаққа өзінің ашық сабақтарын енгізіп қазіргі таңда өз шығармашылығын шыңдау үстінде. Сонымен бірге Қызылорда облыс білім басқармасының  «Құрмет грамотасымен»  Еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі және білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін марапатталған. Қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен Тәуелсіз еліміздің тұлғасын қалыптастыруда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде қосқан үлесі үшін марапатталған. Даңқты қолбасшы Жалаңтөс Бахадүрдің 550 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран- Бахадүр» атты жарыста оқушысы алғыс хатпен марапатталған.  2016 жылы Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ орынды Төлеген Бауыржан  иеленді.  2016 жылы Алтын белгі иегері  Дәулет Бейбарыс Үздік аттестат иегері Ерболат Айдана Қазақстан тарихынан жоғары балл иеленіп ақтап шықты Әріптестерінің арасынд беделі зор, өз ісіне тиянақты жан. Қазақстан Республикасының білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлері  «Алтын кітап» энциклопедиясына еніп, 2019 жылы Қазақстан Республикасының білім саласына үлес қосқан еңбегі үшін республикалық, ғылыми-әдістемелік педагогикалық «Мектеп» журналы арнайы құрылған комиссиясының 27 қыркүйектегі № 12 шешіміне сәйкес «Үздік мұғалім» төсбелгісімен марапатталды. Мұғалімдермен етене араласып, көңілдерінен шыға білді. Мектепте өткізілген іс шараларға белсене араласып, өз ой пікірін ортаға салады.  Қорытындылай келе көп жыл бойы  өз ісін үлгілі атқарып ұжымда өз беделімен көзге түсіп отырған ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы.

       

  директордың ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары тарих,құқық пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.