Home » Балабақша » Елін сүйген Елбасы

Елін сүйген Елбасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы: «Коммуникация» «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Балаларға отанын, туған жерін сүюге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, видео ролик, суреттер.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
— Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.

Балалар екі топқа бөлінеді:

1-топ Астана

2-топ Бәйтерек
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады. Яғни балалар 1 желтоқсан Президент күні екен!
-Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
-Ия, Қасым Жомарт Тоқаев. Біздің елбасымыз Нұрсұлтан қаласында тұрады, ал жұмыс жасайтын орны – Ақорда!

— Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?

-Қазақстан!

-Біздің Астанамыз?

-Нұрсұлтан! – дұрыс айтасыңдар балалар! Кім Нұрсұлтан қаласына барып көрді?

-Нұрсұлтан қаласында тағы не бар?

-Бәйтерек, Ханшатыр, Пирамида!

-Ой жарайсыңдар!
Ал енді біздің кішкентай тәтті бүлдіршіндеріміз келген қонақтар өздерінің тақпақтарын айтып береді!

Айсұлтан:

Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!

Алтынай:
— Қазақ елі – Қазақстан
— Болашаққа үн қосқан
— Жақсы күнге жетелеп
— Елбасым менің – Нұрсұлтан

Нұрсая:

Бағдарлап елдің ертеңін
Тыныштық тауып жатпаған
Болашақ үшін тер төгіп
Үмітін елдің ақтаған

Отан отбасынан басталады! Отанды сүю оны құрметтеп қорғау әр азаматтың борышы екен! Енді біз өз отанымызға арнап тақпақ айтып берейік. Кім Отанын сүйеді екен!

— Қуат алған өзінен
— Туған елдің ұлымын
— Бақытты етіп өсірген
— Отанымның гүлімін.
Айкөркем:
— Отан – оттан да ыстық
Диана:
— Отан – қуат
— Отбасы – шуақ
— Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
— Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?

-Ана тілі.
— Еліміздің рәміздерімен де таныс болайық балалар.
— Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
— «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
— Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Айша:
— Көк аспандай көкпеңбек
— Қазақстан жалауы
— Көк емес ол тектен — тек
— Елдің ашық қабағы.
Айкөркем:
— Елтаңбасы елімнің
— Неткен әйбат әдемі
— Тұнығындай көңілдің
— Ортада аспан әлемі.

Нұржан:
— Құт береке – шаңырақ
— Орын алған – ол төрден
— Қанатты қос арғымақ
— Екі жақтан көмкерген.

Балалар, дидактикалық ойын ойнайық.

Бәйтерек тобы Туымызды құрастырады!
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Ал Астана тобы Елордамыз Нұрсұлтанның символы «Бәйтеректі» бояу арқылы әсемдейді.

Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
— Балалар, біз нені жабыстырдық?
— Күннің түсі қандай?
— Күннің пішіні қандай?
— Тудың түсі қандай?
— Күнді
— Сары
— Домалақ
— Көк

-Балалар біз нені бояп шықтық?

-Бәйтерек
Сергіту сәті:

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді.

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгірейік бір уақ.

— Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы елбасымызға арналған видео роликті тамашалайық!

— Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасымыз аман, көк туымыз мәңгі көкте желбірей берсін!
Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.

Әлімхан Сафура Омарбекқызы,
 Алматы облысы Іле ауданы КазЦик ауылы

«Нұр бөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.