Home » Жаңалықтар » Кәсіподақтың марапатын иеленді

Кәсіподақтың марапатын иеленді

БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің үздік әдістемелік кабинеті ұжымын құттықтады.

Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев «Үздік аудандық/қалалық әдістемелік кабинеті» республикалық байқауында 1- орын иеленген Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті ұжымымен кездесті. Кәсіподақ төрағасы жеңімпаз ұжымға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева жолдаған «ASUS» ноутбугі мен сертификатын табыс етті. Оған қоса өңірлік кәсіподақ ұйымы атынан Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі бастауыш кәсіподақ ұйымына Қазақстан аумағындағы шипажайға екі тегін жолдама берді. Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы Эльмира Таганиязова мен аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Үміт Өтебаева да М.Сакиеваны құттықтап, кәсіподақ атынан алғыс хатпен марапаттады.
Сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының дамуы мен нығаюына зор үлес қосқаны және еңбектегі жетістіктері үшін әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Сакиева «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, әдіскерлер А.Жаналиева, А.Кужиева, Т.Уразов облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» республикалық байқауында бас жүлде иеленген Шыңғырлау орта мектебінің мұғалімі С.Байбулатовқа «Сарыағаш» шипажайына тегін жолдама табысталды.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,
«BILIM AINASY», БҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.