Алматы қаласы Алатау ауданы
№156 жалпы білім беретін
мектебінің психолог маманы
Джангурбаева Индира Нарбайкызы
Қашықтықтан оқыту барысында оқушыларымыз бен ата-аналарымыз біраз үйренісіп қалды. «Басқа түссе баспақшыл» дегендей, бір кісінің баласындай атсалысып, жан-жақты мықыт тәжірибелі әдістерімен жұмыс жасаған ұстаз қауымының еңбегі шексіз. Оқу жылының аяқталуына да аз уақыт қалды. Ендігі кезекте 11 сынып оқушылары үшін ең маңызды міндет ол – ұлттық бірыңғай тест болып табылады. Мектеп бітіруші түлектерінің тыныштығы, сенімділігі, психологиялық тұрақтылығы ең алдымен олардың ата-анасы болмақ. Жоғарғы сынып оқушыларының әрбір ата-анасының, әрбір отбасының алдында орасан міндет тұр. Барлық ата-ана өз баласын ересек өмірге өз күшіне нық сенетін тұлға ретінде. Шығармашылық пен жасампаз, еңбекке ынталы тұлға ретінде. Мақсат пен табандылықты ту еткен тұлға ретінде қадам басуына көмектесуі керек. Бізде, жауапты кезеңде өз балаларының тағдырына алаңдамайтын немқұрайлылық, жауапсыз енжарлық көрсететін немесе керісінше, бос үрейге бой алдырып, өз балаларын қорқытатын ата-аналар болмауы тиіс.
Қазіргі таңда ата-ана балаларына өмірдің ең қиын және қорқынышты сәтінде көрсетілген қолдауы бәрінен жоғары бағаланатынын және ұмытылмайтынын есте сақтау қажет. Өйткені ата-ана өз балаларын жақсы түсіне алатыны, олардың алаңдаушылықтарын сезінетіндерін, олардың болашақтары үшін күресіп жатқандарына бірге екенін айқындайды. Әрбір ата-ананы өз баласының тағдыры алаңдатады. Әрбір ата-ана балаларының өмірі ойдағыдай жақсы болғанын, дендері сау болғанын және бақытты болғанын қалайды. Жоғарғы сыныпта оқитын балаңа қалай көмектесу қажет? Осы тұрғыда арнайы кеңесімді бөліскім келеді.
Жағдайды сыйлаңыз.
Оның жақсы тұстары мен жаман тұстарын қабылдаңыз. ҰБТ – бұл біздің білім беру кеңістігіміздегі қалыптасқан шындық және бұны жоққа шығаруға, санаспауға болмайды. Өз күштеріңізді жағдайдың жақсы жақтарын барынша толық пайдалануға бағыттаңыз, сонымен қатар жаман тұстарын пайдаға айналдыруды біліңіз. Жаманныңда жақсы тұсы барын ұмытпайық.
Жасөспірімді сыйлаңыз.
Балаңыз өзін бағалауын көтеріңіз, оған өзін көтеруді үйрете отырып өзіңізде көтерілесіз. Балаңыздың өз күші мен қабілеттеріне деген сенімін нығайтыңыз. Оның жетістіктерін құптаңыз, кемшіліктерін сынауға көп көңіл бөлмеңіз. Балаңды сынағаның, өзіңді сынағанмен тең.
Сүйіспеншілік пен ынталылық танытыңыз.
Жасөспірімдердіің көңіл-күйі мен мінез-құлқындағы барлық өзгерістерді уақытында аңғарып бақылаңыз. Оған жүктемелерді организмнің физикалық және психологиялық ресурстарына күш түсірмей жеңіп шығуына ықпал жасап көмектесіңіз.
Әрбір ата-ана түсінуге тиіс деп санаймын. ҰБТ нәтижесінің маңыздылығы, баланың денсаулығы мен эмоционалдық саулығына алаңдаушылығынан басым болмауы керек. Жасөспірімдерді қолдау бойынша ата-аналарға арналған стратегияларды ұсынамын.
— Өз балаларыңызға көбірек күлімдеп қараңыздар!
— Олардың барына риза болыңыздар!
— Өз балаларыңызбен көбірек сөйлесіңіздер!
— Олардың сұрақтарына ренжімей жауап беріңіздер!
— Олардың қобалжуы мен іштей қорқыныштарын талқылаңыздар!
— Балаңызға дұрыс ынталандыратын, тыныштандыратын және
балаңыздың өзіне деген сенімін ұялататын ақыл-кеңесті бере
біліңіздер!
— Өз балаларыңызды құшақтауға жомарт болыңыздар!
— Өз балаңды құшақтау – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады.
Әйгілі американдық отбасы психологі Вирджиния Сатир былай деп жазған: «Жай ғана тірі болу үшін балаңды күніне төрт рет құшақтау қажет, ал қалыпты даму үшін он екі рет құшақтау қажет» деген.
Бала ата-ананың айнасы.
Ата-ананың балаға берер ақыл-кеңестерінің үздік мысалдары мынадай: «Сенің қолыңнан келетініне сенімдімін!», «Бәрі жақсы болады!», «Уайымдама, сабырлы бол!», «Өзіңе сенімді бол!», «Сен ақылды әрі мықтысың!», «Мен сені мақтан тұтамын!», «Қандай жағдай болса да, біз сені жақсы көреміз!», «Сен біз үшін ең үздік жансың!»
Құрметті ата-ана, сіздердің жылы сөздеріңіз жағдайды жақсы жағына қарай өзгертуге көмектеседі, осыны ұмытпайық.
2019-2020 оқу жылында ҰБТ-ге дайындық бойынша қашықтықтан оқыту өз жалғасын табуда. Мектептегі ұстаз қауымдары толықтай атсалысып, сабақ кестесіне сәйкес уақытымен өтуде. Төтенше жағдай орын алғанда, үйден сыртқа шықпай оқу кезінде қиналыстар орын алмасын деп арнайы психологиялық көмек көрсетілуде. Психологиялық көмек барысында жоғарғы сынып оушыларының ішкі қорқынышын басуға, ішкі жан дүниесін ашуға және өздерін еркін сезіне алуға, өздеріне сенім артуға үйрете отырып тиімді қарым-қатынасқа түсуге, өзін-өзі құрметтеу туралы арнайы жұмыстар атқарылып жатыр.