Home » Жаңалықтар » Математиканы оқытудағы функционалдық сауаттылықтың маңызы

Математиканы оқытудағы функционалдық сауаттылықтың маңызы

Шыныбай Жанна Ізбасарқызы,
Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті
«Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектебі» МКМ
бастауыш сынып мұғалімі

Математиканы оқытудағы функционалдық сауаттылықтың маңызы өте зор.  Қазіргі  ғылым мен білімнің, техниканың дамыған заманында математика ең қажетті пәнге айналды. Оқушылардың математиканы қызыға оқуы, сол пәннің ерекшелігінде: логикалық тапсырмалары, жылдам есептеу тәсілдері, есеп шығару кезіндегі шынайы өмірмен байланыстылығы, күрделі теңдеулерді шешу, фигуралар, пішіндер және кеңістік фигураларының орналасуы, формулалары, әртүрлі әдіс-тәсілдермен шығарылатын өрнектер. Берілген тапсырмаларды  түсініп оқып, белгілі, белгісіз жағдайларды анықтап ала отырып, тапсырмаларды шынайы, дұрыс,  нақтылап орындауы мен  функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары қарастырылған. Оқушылардың жан жақты математикалық өте терең ойлауын, ғылыми жан жақты көзқарасын мен белсенділігін, өз бетінше терең білім алу дағдысын  айқындайды. Математика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың математикалық білімін одан әрі дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында   «Математика сабақтарында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылықтарын дамыту» әдістемелік құралы жасалды.  Мұнда бастауыш сынып оқушыларына арналған қызықты тапсырмалар, логикалық жаттығулар, күрделірек есептер, қарапайым математикалық есептеулер, геометриялық фигуралармен түрлі математикалық ойын есептерді жинақталған.

Математика адамның тез, жылдам ойлау қасиетін арттырады, алғырлыққа, жылдамдыққа,  табандылыққа, сабырлылыққа  жетелейді. Математика – ғылымдар патшасы деп бекер айтылмаған, оқушылар  математиканы оқытудағы функционалдық сауаттылықтың маңыздылығын  өздері сезіне білсе, ол ұстаздың жеңісі деп білемін.

3 комментария

  1. Толықтай келісем, математика ойындар оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып және табандылыққа шыңдайды

  2. kausarerzan49@gmail.com

  3. Өте керемет!Математика балалардың ми жүйесін дамытады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.