Home » Балабақша » Педагогтардың кәсіби креативті құзыреттілігін жетілдіруде ұлттық ойындардың рөлі

Педагогтардың кәсіби креативті құзыреттілігін жетілдіруде ұлттық ойындардың рөлі

Балабақшалар арасындағы түрлі  семинарларға куә болып жүрсек те,  ұлттық ойынымыз асықпен ойналатын  түрлі ойын түрлерін насихаттап келе жатқан  бірден бір білім ордасы №48 «Ақкөгершін» балабақшасы. Өткен жылы «Ұлттық ойын – бала денсаулығын нығайтудың кепілі» тақырыбында өткен қалалық семинар биылғы жылы балабақша меңгерушісі Сәбиева Ұлжан Әбенқызының бастамасымен Ұлттық академиялық кітапханада өтті.
Рухани ордада  өткен басқосуға жиналған педагогтардың қатары көп болды. Өткен жылы 7 балабақша бірлескен  салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы кластерге биыл жекеменшік балабақшалармен қосқанда 12 ұжымның басы бірігуі оған Ұлжан Әбенқызы басқаратын ұжымның жетекші балабақша болып бекітілуі сенімнің артқаны.
Оған дәлел адам өмірінің алтын арқауы саналатын ұлттық тәрбиенің тағы бір негізі ұлттық ойындарды жандандырудың алар орны ерекше екендігі .
Семинар шымылдығын «Отаным Қазақстан» әнімен ашқан балалар хоры бала бойына патриоттық қасиеттерді қалыптастыруда ұжымың қолға алған жұмысының тағы бір қыры. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері  Оразова Сара Лепқызының жетекшілік жасап музыка құдіретін түсінуге үйрете бастауы қуанарлық және құптарлық бастама. Рухани құндылықтар, ізгілік нұрын бала санасына сіңіру жағына келгенде жас ұрпаққа не керек екенін дүп баса білетін Ұлжан Әбенқызының іскерлігіне еріксіз сүйсінесің. Өткен жылы спорт шебері, Самбодан ел чемпионы атанған білікті спортшы Айбек Сүлейменовты қатарға қосып, балабақшаның жас ұландарын ертеңгі ел мақтаныштары етіп тәрбиелеу жолында қазақ күресіне балаларды баулуға алғашқы қадам жасағандары таңдандырған еді. Шыны керек балабақшалар арасында қосымша үйірмелер қатарына қазақ күресін қосқан балабақшалар жоқтың қасы.  . Балабақшаның инновация әдіскері Лаура Бурумбаеваның «Time building» тақырыбындағы тренинг жиналған көпшіліктің бір-бірін жете тануына және тамаша тілектер жолдап көңіл күйдің көтерілуіне сеп болды.  
Білім беруді жаңғырту орталығының  Білім кластері бөлімінің жетекшісі Нұғыман Ақмоншақ Нұртазақызы «Жаңартылған білім беру жағдайында ойын түрлерінің ерекшелігі» жайында педагогтарға мағлұмат берді. Баяндама соңында қазақтың ұлттық ойын және спорт түрлерін атаудан екі топ сынға түсті.
Балабақша педагогтарына үнемі шығармашылық жағынан қолдау көрсетіп, білімдерін шыңдауға жол  сілтер ғылыми жетекшінің болуы да ұжымның ісін алға бастайды. Бұл күні де аталмыш білім ордасының ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты Ақжарқын Бәделқызы аталмыш тақырыпта баяндама жасап талай тың мәліметтермен бөлісті. Жасампаздық деген түсінік беретін кретивтілікке бастаудың алғашқы сатысы кітап  оқу, іздену екенін айтқан Ақжарқын Бәделқызының сөзіне арқау болар шара дәл осы кітапхана шаңырағында өтуі сәйкестік. «Креативті шеңбер» ойыны арқылы тәрбиешілердің жылдам ойлау қабілетін тексерген ойын түрі де көпшілік көңілінен шықты. «Бала денсаулығын нығайтуда ынталандыру технологиясын асықпен кіріктіре қолдану» тақырыбында барлық істің ойлансаң шешімі болатынындай асықтан балалар үшін таптырмас ойын түрі екенін балабақша әдіскері Шамалова Бану Төкенқызы тамаша жеткізді.
«Бес тас» ойынының түрлері мен ойналу жолдарын түсіндірген  тәрбиеші Ташметова Азада Ержановна, «Тоқ-тоқ» ойынын ортаға алып шыққан  Абдукахарова Гулбахор Усеновнаға ойынға қатысқан әріптестері ізгі лебіздерін білдірді. « Ханталапай» ойынын көрсеткен тәрбиешілер Казиева Нүргүл, Науанова Жанар жылдамдықпен, зеректікке жетелейтін ойын түрін түсіндіріп, әріптестеріне ойналу жолдарын көрсетті. «Асық shapes» ойынында  Нүргүл Үсен, Н. Қазиева  түс ажыратуға үйрететін ойын түрі әрі бала денсаулығына пайдалы массаж құралы екендігін де көрсетті.
Екі жыл қатарынан ұлттық ойын түрлерін қолданып, балалар қызығушылығын арттырып келе жатқан педагогтар өз ойларын жеткізумен қатар ұлттық ойын жайлы тереңнен ізденіп ойнау жолдарына әбден қаныққандары бірден көрінді.
Жаттығуын тоқтатпай бүгінде талай сайыста топ жарып жүрген балабақша түлектері жаттықтырушылары Айбек Сүлейменовпен бірге қазақ күресінің қимыл-қозғалыстарын көрсетті.
«Асық fitness»  сергіту сәтінде Қапарова Айда Жексенбайқызы әріптестеріне би қимылдары кезінде асықтан жасалған массаж төсеніштердің пайдасын көрсетті.
Семинар соңында № 7 «Аққу», №84  «Кәусар», 16 «Шағала», 24 «Айналайын» балабақшаларының меңгерушілері  Айман Дахарқызы, Динара Артықбайқызы, Гүлнәр Қалиасқарқызы, Клара Боранбайқызы өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Рухани азық болар ұлттық құндылықтарымызға басым бағыт берген, ұлттық ойын түрлерін  арқылы ұрпақ санасына ұлттық болмысты сіңіре  білген ұстаздар еңбегіне тағы бір мәрте алғыс білдіреміз.

 

Әлия Ғалымбекқызы,
Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.