Home » Мақалалар » Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын сабақта тиімді қолдану

Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын сабақта тиімді қолдану

Миркинова Гульнара Лимовна
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей
бастауыш сынып мұғалімі

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Мен өзімнің сабақтарымда балаларды қызықтыру үшін әр түрлі жұмыстар жүргіземін. Менің сабақтарым  үш фазадан тұрады:

  1. Миға шабу
  2. Сын тұрғысынан ойлау
  3. Рефлексия

Осындай стратегиялар арқылы оқушылардың белсенділіктері арттып, сабақа деген қызығушылықтары ойанады. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — мұғалімнің бағыттаумен оқушылардың өз бетінше білімді игеру, кейбір практикалық іскерліктерінің қалыптасуы. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар бар. Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі:

  1. Негізгі ойды суреттеу
  2. Топтастыру
  3. Бес жол өлең
  4. Эссе жазу
  5. Болжам кестесі
  6. Галереяға саяхат
  7. РАФТ
  8. Блум жүйесі

9 Автор орындығы

  1. Инсерт
  2. Венн диаграмма
  3. Кубизм

Сын тұрғысынан ойлау оқушыларды өз бетінше ізденуге үйретеді, логикалық сараптамалық ойлау қабілетін дамытады, жан- жақты мағлұмат алуына бағыт береді, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыларды топтық жұмысқа бейімдейді. Осы технология арқылы оқушыларымыз сыни тұрғыда ойлау ретінде өз пікірлерін еркін айтып, салыстырып, ізденіп, пікір алмасып отырады. Бұл технологияның ерекшелігі оқушыларымыз топпен бірге жұмыс істеп, өз белсенділіктерін көрсетеді. Біз ұстаздар өз сабақтарымызда осындай технологиялар арқылы оқушыларымызды болашақ өміріне дайындаймыз. Сондықтан біз ұмытпауымыз керек, біздің оқушыларымыз- біздің болашағымыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.