Home » Сайыс сабақ » Жасай бер, Шардара!

Жасай бер, Шардара!

Куттыхова Зульфия Бердибаевна
Түркістан облысы, Шардара қаласы
Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы
жалпы орта мектебінің
мектепалды даярлық тобының жетекшісі

«Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл толуына  орай өткізілетін»эстафеталық  жарыс.
Мақсаты: — Салауатты өмір салтын  сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу;

  • Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа  баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру;
  • Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен  шұғылданып тұруға шақыру;
  • Сымбаттылыққа шымыр болуға, ептілікке  тәрбиелеу;
  • Күш қуат пен сергіткішті дамыту.

Қажетті құралдар: Кедергілер, әр топтың  өзінің түсіне қарай қаптар,  үлкен доптар, арқан, стакан мен шелек.
Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан- жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Мектебіміздің  негізгі  мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы  «Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл толуына  орай өткізілетін» эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер.
Бүгінгі сайысқа «Барыс», «Сұңқар», «Тұлпар», «Қыран»   топтары  қатысқалы отыр. Сайысқа  қатысушы сайыскерлерімізге  қол шапалақтап  құрмет көрсетіп қоялық.
Жүргізуші: Дүбірле балақай,  дүбірле,
Жақсылық болсын үйіңде.
Қуаныш толып жүзіңде
Арнаулы жолдан сүрінбе.
Жарыстан нағыз мықтылар,
Жеңіске жетер түбінде.
Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1.Топтың  аты мен ұраны (таныстыру)
2.Кенгуру (қап пен секіру)
Үлкен доп (доппен секіру)
Алма жинау (ағашта тұрған алманы себетке жинау)
Стакан мен су (шелектегі суды стаканмен тасып банкіге құю)
Жүргізуші: Бүгінгі жарысымызда  әділ баға беріп төрелік ететін әділқазылар алқасымен  танысайық.
Бастауыш сынып оқу ісі  жөніндегі  орынбасары: Қалиева Ләззат апай.
Бастауыш сынып бірлестігінің  жетекшісі: Қоңырбаева Зәуре апай
Бастауыш сынып мұғалімі: Нұрманова Миаш апай
Дене шынықтыру  бірлестігінің жетекшісі: Айтбаев Наубай  ағай.
Жүргізуші: Міне,балалар шықты алаңға,

Жас спортшылар жеке-жеке команда.

Ал балалар, өздеріңді танытыңдар,

Естелік,мықтылық,батылдық, көрсетіп табанды

«Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз,

Жарысымызды бастаймыз!

Ал енді сайсымызды бастайық.

  1. Топтың аты мен ұраны. Әр топ өздерінің атымен  ұрандарын таныстырады.
  2. 0 А «Барыс» тобы

Топтың ұраны.

Барыс — топтан   қалмай жарыс, Ура!

  1. 0 Ә «Сұңқар» тобы

Топтың ұраны.

Көк аспанда қалықтап

Сұңқар тобы тек алға.

Шарықтай бер, шарықта!

  1. 0 В «Қыран» тобы

Топтың ұраны.

Қыран құстай самғаймыз,

Топтардан біз қалмаймыз.

  1. 0 Г «Тұлпар» тобы

Топтың ұраны.

Жеңсек тасымаймыз,

Жеңілсек тасымаймыз,

Бірлігіміз жарасқан,

Тұлпар тобынан жалынды сәлем.!

Жүргізуші: Қалма жұрттың  соңында,

Қажет  болса мың атта.

Аздық етер  оныңда,

Жету үшін мұратқа.

  1. «Кенгуру жарысы» (қаппен секіру)

Шарты: Әр топтан бір бала  қап киіп, айналып жүгіреді, келесі бала  сол айналымды  қайталайды. Қай топ бірінші болып келсе, сол топ жеңіске жетеді.

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша

Міне тұрмыз жараса.

  1. Үлкен доп (үлкен доппен секіру)

Шарты: Әр сыныптан бір-бірден  кезек-кезек белгіге дейін, үлкен доппен секіріп барып, секіріп келу.

Жүргізуші: Қалма жұрттың  соңында,

Қажет  болса мың атта.

Аздық етер  оныңда,

Жету үшін мұратқа.

  1. Алма жинау (ағашта тұрған алманы себетке жинау)

Шарты:  3 минутта ағашта тұрған алманы кезекпен барып, бір-бірден алып себетке салу.

  1. Стакан мен су (шелектегі суды стаканмен тасып банкіге құю)

Шарты: Балалар кезектесіп шығып, шелектегі суды стаканмен тасып, мәреде  тұрған  банкіге құю. Қай топтың баласы көп жинаса сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыста ренжімей,

Тараса бізге жарады, — демекші  сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып  жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазы алқасына беріледі. Жеңіске жеткен топ марапатталады.
Жүргізуші:Жарқын, шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.