Home » Мақалалар » «Карантиндік кезең» : біліктілігімізді қашықтықтан арттырамыз

«Карантиндік кезең» : біліктілігімізді қашықтықтан арттырамыз

  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі
басқарманың бас маманы
Жалгасбекова Сания  Бауржановна

Жұмыс форматының күрт өзгеруі, білім беру ұйымдарымен бірге «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметкерлерін де есеңгіретіп тастағаны жасырын емес. Оқшаулану мен «карантиндік кезең» желдей ескен қазіргі жағдайда киберқауіпсіздік біліктілгі ерекше маңызға ие. Осы себепті «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» қашықтықтан жұмыс істеу мен оқытудың тиімді нысандарын қарастырды. Осы проблеманы қалай бір жақты қыламыз? Бұл жұмыстың оң нәтижелері бар ма? Әрине, бар! «Өрлеу» БАҰО» АҚ біліктілікті арттырудың қашықтықтан және онлайн-форматтарының теориясы мен тәжірибесін әзірлеумен әрдайым белсенді айналысты.
Қашықтықтан және онлайн форматта оқу осынау қиын сәтте Қостанай облысы мұғалімдері мен педагогтерін барынша қолдауға бағытталған. Сондай-ақ цифрлық әлемде өзін еркін сезінуге, індет туралы қажетті дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» біліктілікті арттыру курстарының ашық онлайн-сабақтарының күні педагогтардың қалыптасқан жағдайда тиімді жұмысқа дайындығын тағы да дәлелдеді.
Сабақ филиалдағы тәжірибелі, сертификатталған тренерлер Жүсіпова Ғалия Сапарбекқызы, Ибрагимов Камиль Темірғазыұлы және Мукина Айнұр Нұрланқызымен өткізілді. Тақырыптары — өзекті және қызықты: сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану, білім алушылардың зерттеу қызметі және ШЖМ-да білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы болды.
Бұл онлайн сабақ оларға республикалық деңгейдегі барлық мүдделі педагогтар мен мамандарға қосылу мүмкіндігін, тренерлердің сенімділік пен жоғары кәсібилігін ғана емес, сондай-ақ сабақты қашықтық режимде сапалы ұйымдастыра білу, онлайн – сабақ пен дәрістік бөлімді және өзіндік жұмысты үйлестіре білу — тыңдаушылардың әр түрлі тапсырмаларды орындауын және тыңдаушылармен тұрақты кері байланыс -сұрақтар, жауаптар, диалог құру мүмкіндігін көрсетті.
Сонымен қатар, онлайн ашық сабақта You tube және ZOOM түрлі платформаларын пайдалану қатысушыларға тікелей трансляция жүргізу үшін қолданылатын сервистердің мүмкіндіктерін көруге және өзіне қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік берді.
Ашық сабақтарды өткізу идеясы институт директоры — Слесарь Марионелла Васильевнаға тиесілі. Оның пікірінше, қазіргі заманғы сандық технологиялар мұғалімдердің оқу үрдісінде кәсіби шеберлігін арттыруда қолданылуы тиіс және бүгінгі жағдай бізді белсенді зерттеуге және өз практикасына енгізуге итермелейді.
Ашық онлайн-сабақ өтті! Барлығы ойдағыдай болды ма? Бұл туралы бірінші кезекте осы деңгейдегі бірінші іс-шараны өткізуге жауапты оқытушы Камиль Тимергазиевич Ибрагимовтан сұраймыз: «Сабақтың мақсаты – ашық диалог өткізу, жаңа қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастыру бойынша пікір алмасу, осы форматтағы «+» және «-» талқылау, курстық жұмыстың осы бағытын одан әрі жетілдіру үшін мүдделі органдар мен мамандардың пікірлерін алу. Курс тыңдаушыларының, педагогтердің, мамандардың пікірлерін талдай отырып, өткізілген сабақтар бойынша қорытынды жасауға болады: курстардың осы форматы ақталды, оның көптеген оң сәттері бар және тыңдаушылардың өздері мойындай отырып, олар өз ауылдарынан шықпай-ақ өз білімдерінің деңгейін табысты арттырады».
Тренер Ғалия Сапарбекқызы Жүсіпованың айтуынша, біліктілікті арттыру курстарын қашықтықтан оқыту аясында ашық сабақ өткізу қызықты және өте жауапты болды. Ашық сабақты өткізу үшін таңдалған ZOOM платформасы педагогтар үшін сабаққа оңай қосылуға, оған қатысуға, диалог жүргізуге, практикалық міндеттерді шешуге, жалпы алғанда – сабақтың сапасын жақсартуға, дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді. Алайда сабақ бірқатар проблемаларды анықтады, олардың арасында кейбір өңірлерде кең ауқымды Интернеттің болмауы.
Өткізілген сабақтарға жоғары баға мен қолдау көрсеткен Қостанай облысының Білім саласындағы департаменті, Қостанай облысының Білім саласындағы департаменті алқалары, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, облыстың қалалары мен аудандарының білім беру бөлімдерінің басшылары, мамандары мен әдіскерлері.
Қостанай облысы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті пікірінде: «Осы форматта өткізудегі сіздің алғашқы және табысты тәжірибеңіз «Өрлеу» БАҰО филиалының профессорлық-педагогикалық құрамының кезекті жоғары кәсібилігін көрсетті. Сабақ өте қызықты болды. Техникалық ресурсты ұйымдастыру қазіргі кезеңде, елдегі ТЖ жарияланған жағдайда өзекті. Орталық оқытушылары түрлі интернет-платформаларды пайдалану, өз қызметінде техникалық қолдану білігін көрсетті. Тыңдаушылардың кері байланысы сауатты және нәтижелі болды. Курс тыңдаушыларының реакциясы бойынша онлайн режимінде сабақтың мазмұны туралы қызығушылық пен түсінік қарастырылды».
Тыңдаушылар онлайн-сабақтарға өз пікірлерін бірден жариялап, соңында оларды ұйымдастырушылар – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» оқытушылары мен тренерлер атына жіберетін оң пікірлер де артылып жатты.
Уақыт өте келе біз үйреншікті жұмыс түрлеріне, үйреншікті өмір ритміне қайта ораламыз, алайда ТЖ кезінде алынған тәжірибе білім беру қызметін одан әрі байытады және сабаққа қатысу формасын жеке шешуге мүмкіндік береді. Әрине, жаңадан алған білімдері мен дағдылары педагогтарға өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін кеңейтуге және оларды мектеп ортасына таратуға мүмкіндік береді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.