Home » Мақалалар » БЕЛЕСКЕ КӨТЕРЕТІН ИГІЛІКТІ ІСТІҢ НӘТИЖЕСІ

БЕЛЕСКЕ КӨТЕРЕТІН ИГІЛІКТІ ІСТІҢ НӘТИЖЕСІ

«Өрлеу» БА ҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ-дың Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының  тренерлері Куанышбаева Зауре Бекеновна, Шораева Улбала Бахытжановна

Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет.

А.Байтұрсынов «Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақ. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» — деген болатын.

Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпы педагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты.

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруде және практикалық білімдерін шыңдауда біліктілікті арттыру курстары мен әдістемелік кеңес беру жұмыстары мұғалім мәртебесін арттыруға, мұғалімнің ғылыми теориялық білімдерін дамытуға өз үлесін қосып отыр. Әрбір ұйымдастырлған әдістемелік іс-шаралар мұғалімнің өз пәнін жақсы меңгеруге, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеруге, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарынын дамытудағы іздену-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.  Осындай маңызды шаралардың бірі Түркістан облысы, Кентау қаласының бастауыш сынып мұғалімдерімен «Педагогтердің кәсіби дамуын шыңдау» тақырыбында өтілген онлайн жүйесіндегі әдістемелік кеңес мұғалімнің кәсіби біліктілігін шыңдауға, практикалық дағдыларын қалыптастыруға, аттестаттау сынағына қатысуға, ғылыми теориялық білімдерін дамытуда қолданылатын ғылыми теориялық басылымдар мен оқулықтарды зердеулеуге өз септігін тигізді.

Әдістемелік кеңесте мұғалімдердің біліктілігін аттестаттциялаудың жаңа жүйесінің ерекшеліктері, талаптары және «Оқыту пәнінің мазмұны» мен «Педагогика оқыту әдістемесі» бойынша қолданылатын әдебиеттер ұсынылып, Ұлттық біліктілік тестілеуде мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығын қалыптастыру бағытында әдістемелік кеңестер берілді. Атап айтқанда, емтихан тест  алдында психологиялық дайындықпен,   өз ойларыңызды жинақтап, ең оңай деген сұрақтарға жауап беріп, қиын сұрақтарды соңына қалдыруға, тест тапсырмалары бойынша берілген сұрақтарды бірнеше рет қайталау, басты деректердің дұрыстығын тексеру мен кітап оқу барысында, сүйенетін негізгі ойларды белгілеп отырып, қағазға жеке-жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жасап алу кеңестері берілді.

Әдістемелік кеңестің қорытындысында мұғалімнің кәсіби біліктілігін шыңдау аясында қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыруды және мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығын қалыптастыруда ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді арттыру қажет деген ұсыныстар беріп,  сынақ тапсырғалы отырған ұстаздарға сәттілік тіледі.

Қорытындылай келе,  «Әлем көші тоқтамас, ермесең сені жоқтамас» — деген тәмсіл бар халықта. Күн санап дамып жатқан әлемде, білімнің көшін алға сүйрейтін ұстаздарымызға бәсекеге қабілетті де, білікті маман болуда нәтижелі жұмыс жасайық.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.