Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқытуды тиімділігі

Қашықтықтан оқытуды тиімділігі

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
№17 жалпы білім беру орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі
Мұхтарова Қаламқас Қапизқызы

Қазіргі таңдағы әлемді дүрліктірген Covid 19 жұқпалы дертінің таралуына байланысты барлық білім беру жүйелері қашықтықтан білім беруге кіріскені белгілі. Бұл мұғалімдер қауымы үшін де, ата-аналар мен оқушылар  үшін де үлкен сынақ болды.

Қашықтықтан оқыту – бұл ғаламторды пайдаланып қашықтықтан оқыту тәсілі, мұндай кезде оқытушы мен білім алушы оқушылар физикалық тұрғыдан әр түрлі орындардан табылады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, сапалы білім беру үшін әртүрлі платформаларды қолдандық. Мысалы, zoom, daryn onlain, whatsupp желісі. Дегенмен әр түрлі қиындықтарға да тап болдық.  Zoom платформасында көпшіліктің қолдануына байланысты шектеулердің пайда болуы т.б. Қазіргі таңда whatsupp, mektep edu платформаларын қолданамыз, тез әрі кері байланыс жасағанда ыңғайлы. Сонымен қатар Youtube каналынан, bilim land сайттарын қолданамын.  Bilim land өте ыңғайлы, әр сабағына жоспарланған бейнебаяндарды, мәліметтерді тез тауып алуға болады.

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:
Заман талабына сай ақпараттық — телекоммуникация технологияларын қолдану;
Сапалы білім беру;
Уақытты үнемдеу;
Оқушы өз мүмкіндігін, уақытын таңдап алу;
Оқушының өзі ізденуі т.б;
Міне, оқу жылы да аяқталуға жақын. Мектеп оқу басшылары әзірлеген БЖБ, ТЖБ өткізудің біріңғай кестесіне сай оқу жылын  қорытындылау үшін жұмыстанудамыз. Ата-аналармен, оқушылармен алдын ала қашықтықтан оқыту, жиынтық бағалу жұмыстарын алуды ұйыдастыру және өткізу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілудің арқасында нәтижеге қол жеткізудеміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.