Home » Мақалалар » Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары

Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№102 ЖББМ КММ
Педагог-психолог
Базарғалиева Назерке Әсемханқызы

             Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің тың өзгерістеріне және оның әлеуметтік-қоғамдық жағдайына байланысты оқушыларға бірыңғай ұлттық тестілеу қолданылуда. Сондықтан да оқушыларды  бірыңғай ұлттық тестілеуге психологиялық  тұрғыда дайындау өзекті мәселе болып отыр.

Сондықтан да психологтар қауымы   бірыңғай ұлттық тестке дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеу, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау дағдысын оқыту, өзіне сенімділігін арттыру мақсатында практикалық сабақтар өткізуді жоспарлады.

Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңге    оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін;

өзін-өзі реттеуін;

өзін-өзі бақылау дағдысын оқытуын;

сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.

Міндеттері:

  1. Стреске қарсы тұруын арттыру
  2. Сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру
  3. Эмоциялық ерік сферасын дамыту
  4. Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім  білдіру.
  5. Ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.
  6. Іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу
  7. Конструктивті өзара әрекет дағдысына оқыту.

Көзіңіз шаршаса не істейсіз?

Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзіңнің демалуына жағдай жасау қажет.

Кез-келген екі жаттығуды орында:

—   кезегімен жоғары-төмен (25 сек), оңға-олға (15 сек) қара;

—   көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;

-ұзақтығы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңдағы қағазға 20   секунд көзіңді тік;

—   сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңмен және квадрат, үшбұрышты сал.

Күн тәртібі

Бұл күнді үш бөлікке бөл:

—   емтиханға дайындық күніне 8 сағат

—   спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге, би алаңына баруға 8 сағ;

—   8 сағаттан кем ұйықтама және қажет болса, түсте демалып ал.

Тамақтану

Тамақтану 3-4 реттен және витаминге толы болу керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Тағы да бір кеңес: емтихан алдында тамақтанбау керек.

Сабаққа арналған орын

Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр. Үстел үстіне сары және күлгін түстен суреттер мен заттар қой, өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

Жыл бойына, аптасына бір күнімізді өздеріңіз үшін бөлген болатынбыз енді осы өткізілген тренингтер ҰБТ тапсыратын түлектерге сенім мен күш жігер береді деген ойдамын.

Тренинг тақырыбы: «Әрбір тұлға-бір жұлдыз»

  1. Мақсаты: Танымдық қабілеттерін дамыту;
  2. Урей сезімінен арылып, өзіне сенімділігін арттыру

Тренинг міндеттері:

Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, тыңдай білуге  өз көзқарасын білдіре алуға, өзге адамдарды түсіндіруге ырымшылдыққа келуге  қалыптастыру.

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Амандасу жаттығуы. «Бумба – юмба тайпасы»

        Нұсқау: Біз сіздермен «бумба – юмба » тайпасына қамауға алындық. Енді біз олардың айтқаны бойынша жүруіміз керек.

  1. Сәлемдесу   1.шапалақ – мұрнымыздың ұштарымен үйкелеміз.
  2. шапалақ – арқамызбен үйкелеміз.
  3. Дос болу      1. шапалақ – бір- бірінің қолына шапалақ ұру
  4. шапалақ – бөкселерімен ұрылады.

3.Қоштасу         1. шапалақ – оң жақ беттерімен үйкеледі.

  1. шапалақ – сол жақ беттерімен үйкеледі
  2. шапалақ – қолдарын көтеріп айналады.

Сұрақтар:

  1. «Қатысушылардан қандай ерекшелігім бар?»
  2. «Қатысушылармен қандай ұқсастығым бар?»

«Атом және молекула» жаттығуы.

Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .

Зейінді дамытуға арналған «33» ойын-жаттығуы

Мақсаты: зейіннің ауспалығын дамыту.

Нұсқау: Қатысушылар санақ бойынша санайды. Әр 3 саны бөлінетін санға келгенде санақ орнына қол шапалақтайды. Ойын жаңылысқанға дейін жалғасады, шатасқан уақытта санақ басынан басталады.

«Сырласу» қызықты оқиғалармен бөлісу

Әдістеме мазмұны: Тұлғаның жан –жақты  өсуіне ,өзіндік сананы қалыптастыру.

Тренинг тақырыбы: «Топтық динамиканы орнату»

Мақсаты:

өзін-өзі  тануға ұмтылыс, өзінің ішкі әлеміне  үңілуге және  оны бағдарлауды  қалыптастыруға жағдай жасау.

Қатысушылардың сезімі мен эмоциясы туралы білімін  кеңейту, өз сезімі мен эмоцияналдық реакциясын  білдіруде  басқара білуге үйрету.

Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, тыңдай білуге  өз көзқарасын білдіре алуға, өзге адамдарды түсіндіруге ырымшылдыққа келуге  қалыптастыру.

Жұмыс уақыты: 30 мин.

Нұсқау:  Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бірін- бірі қайталамай топпен кез- келген тәсілмен  сәлемдеседі.  Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз».

«Туған күн» ойыны

«Сөйлеуші заттар» жаттығу

Қорытынды: Бұл тренингте білім алушылар  өздерінің инстинктеріне бағынышты. Білім алушылардың ұйымшылдығы байқалды. Бұл тренинг  білімалушылар  бірін-бірі тыңдап, бірге жұмыс істеуді үйретеді.

Қазіргі сәтте ойларыңыз шашыраңқы, мақсаттарыңыз күңгірт, белгісіз болса, ұстанымды дұрыс қоя білу арқылы Сіз күрт өзгере отырып, тамаша жетістіктерге жетуге болатындығын сезіндіңіздер.

“Құпияны табу” жаттығуы

Мақсаты: Өзінің қайталанбас тұлға екенін сезіндіру.

Жүргізуші. Бір ғалым дәл өзіне ұқсас адамды жасапты. Бірақ ол өте қатігез екен. Өзінен қандай айырмасы бар екенін дәлелдеу үшін шарқ ұрыпты. Сізде осындай жағдай болса, не істер едіңіз? Ол адамда қайталанбайтын, сізде ғана бар қандай қасиетке иесіз? Сізде басты қандай құпия бар? Барлық қатысушылар өз құпиясымен бөліседі.

“Мен дегеніміз деген не?” талқылау

Жүргізуші алдымен кіші, сосын үлкен топта осы сұрақ бойынша талқылама жасауды ұсынады.

Жүргізуші. “Мен” – бұл сезімдерің, ойларың, тәнің, әрекетің, тілегің, армандарың, жаның, мінезің т.б. деп қорытындылайды.

  1. “Мен … ” және “Мен қандаймын” жаттығуы

Мақсаты: “Мен тұжырымдамасына” саналы түрде көңіл бөлу.

Жүргізуші. Сіздер жұмыс дәптерлеріңізге “Мен …” сөзін зат есіммен толыққан 10 қатар сөз тіркесі етесіз. Сосын “Мен қандаймын?” деген сұраққа сын есімді қолданып 10 рет жауап бересіз. Барлығын жазып отырасыз. Алдамен кіші, сосын үлкен топта талқылама жасалады.

  1. “Үй, адам, жер сілкінісі” жаттығуы

Мақсаты: Сергіту арқылы еркін әрекет етуге үйрену

Жүргізуші “Үй” дегенде екі адам бірігіп, шатыр құрады. “Адам” дегенде екі адам бірігіп, ортасына адам кіреді. “Жер сілкінісі” дегенде бейтарап болып жүреді. Қалып қалған адам жүргізуші болады.

  1. “Құпия досым” жаттығуы

“Құпия досына” хат жазу және кімнен хат келгенін табу.Осы күнге дейін біз сіздермен көптеген семинар-тренингтер мен ойын-жаттығуларды бірге өткіздік.Әрбір жүргізілген жұмысымыз сіздерге өз нәтижесін береді деген сенімдемін.

Ең соңында айтарым: «Бүкіл әлемді өзгертемін дегенше, өз ішкі дүниеңізді өзгерткеніңіз дұрыс». Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін.

Сізге жарқын болашақ, жақсы өмір тілей отырып, қамшының сабындай осы бір қысқа өмірдің әр минутын мәнді де қызықты өткізулеріңізге тілектеспін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.