Home » Мақалалар » «Менің отбасым- супер»

«Менің отбасым- супер»

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
«№13 гимназия»кмм
бастауыш сынып мұғалімі
Темиржанова Айымгуль Серикбаевна

Отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдік нормаларды игереді.

«Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар- білімді, парасатты, ұл- қыз, немере тәрбиелеу бәріміздің басты парызымыз.

Ата-аналар мәдени іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету жұмыстары ата-аналардың мектеп өмірімен етене жақындасуына, танысуына және өз баласының даралық қасиеттерін тануына зор ықпал етеді. Жалпы ата-аналармен байланыс жасаудың олармен ынтымақтастықты нығайтудың , ең бастысы ұрпақ тәрбиесіндегі бірліктің негізі дей отырып ата-анамен бірлесіп өткізген «Менің отбасым- супер» 1 сыныпқа арналған сынып сағатын ұсынғым келіп отыр.

Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: проектор, слайд

Сынып сағатының өту формасы: топтық жұмыс

Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, суреттер,шляпа,

Сынып сағатының барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Тақырыппен таныстыру

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы — бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.

2. Ойланайық, әңгімелесейік. «Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу. «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Отбасы негізі неде деп ойлайсыз? Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз? Отбасын құру үшін ата-ананың келісімі керек пе? Отбасын құру үшін адамдар қанша уақыт бірін-бірі білуі керек деп ойлайсыз?

Жаңа ақпарат. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс — тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай — үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру — ата-ананың ең маңызды міндеті.«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

3. Шығармашылық жұмыс. Оқушыларды үш топқа бөлу.

Әр топ «Бақытты отбасы» модулін салады, оны қорғайды.

Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке — біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата — бәйтерек,бала -жапырақ», «Әкеден — ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың — тынысы бар»,-дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-бақыттымыз.

4. Ситуациялық көрініс.Әр топ жағдаят дайындап көрсетеді.

Апа, Апа, маған велосипед алып берші! деп анасын мазалайды .Анасы әртүрлі сылтау айтып, көңіл бөлмейді.

-Кейін алып берермін

-Не қажеті бар? Осы ситуацияны үлгілі отбасына талқылауға беру.

Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?

5. Отбасына қатысты мақал жарысы.

6. Қорытынды:

Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.