Home » Мақалалар »   Қашықтан оқыту ерекшеліктері.

  Қашықтан оқыту ерекшеліктері.

Жетісу ауданы
№118 мектеп-гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пінінің мұғалімі
Абдуллаева Мехрибан Абдурсуловна

              Елімізде карантин режиміне байланысты барлық оқу орындары 2020 жылдың 6-сәуірінен бастап жаппай қашықтан оқу режиміне ауысты. Бұндай оқу процессі шет мемлекеттерде әлдеқашан тәжірибеге енгізілген. Шетелдік оқу орындарында  қашықтан дәріс алып жатқан студенттер көп. Қазақстан – карантин режиміне байланысты оқытудың осы процессін  жедел түрде жалпы білім беретін мектептерге, колледж және жоғарғы оқу орындарына  енгізді. Ондағы басты мақсат – қашықтан білім беру жүйесінің оқушылар мен студенттердің оқу бағдарламасы бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болды. Қашықтан білім беру технологиясы білім алудың перспективті тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл – халықтың басым бөлігіне, әсіресе мүмкіншілігі шектеулі адамдардың сапалы білімге қол жеткізу мүмкіндігін арттырды.

Қашықтан оқу процессі кезінде мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара сандық- инновациялық байланыс орнады . Сонымен бірге қашықтан оқу барысында оқушылардың  өз бетімен жұмыс жасауына  көп мүмкіндік болды. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген. Демек, оқушы бұған дейін смартфон мен ноутбуктарды тек фильмдер көріп, ойын ойнауға ғана пайдаланса, ал қазір  білімін жетілдіруге де көмегін тигізетініне анық көзін жеткізді.

Оқушылар оқу процессінде белсенділік танытып, кері байланысқа үнемі шығып отырды. Осы орайда оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, тіпті үлгерімі төмен балалар да белсенділік көрсетіп жатты. Оқушылар көктемгі демалыс кезінде шалғай ауылдарға кетіп қалғандықтан, электронды оқулықтарды да жүктеп алып, еш қиындықсыз пайдаланды. Сонымен қатар білім алушылар ауданаралық пәндік олимпиадалар мен сурет конкурстары және түрлі іс-шараларға онлайн қатысып, өз марапаттауларын алып жатыр.

Мұғалім мен оқушының алшақтығына қарамастан ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен барлық сабақтар өз деңгейінде орындалып, мұғалім өз мақсатына  жетіп отыр дегім келеді. Яғни, қашықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдер мен оқушылар көптеген ақпараттық технологиялық құралдармен жұмыс жасап қана қоймай, ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алды.

Сонымен бірге мектептерде  оқыту мен тәрбие жұмыстарының сапасын жетілдіру мақсатында педагогтар да өз білімін жетілдіру үшін қашықтан   дәрістер алуда. Өз білімін жетілдіру – өз мамандығын сүйетін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, алған дәрістерін тиімді пайдаланатын мұғалімдік кәсіпке тән жағдай. Қашықтан оқыту – мектеп оқушылары ғана емес, сонымен қатар  ұстаздардың да біліктілігін көтеруде зор үлесін қосып жатыр.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.