Home » Мақалалар » Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тұлға қалыптастыру жолдары

Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тұлға қалыптастыру жолдары

Асанова Жанаргүл Ерденқызы,
ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия»
МКК-нің көркем еңбек пәні мұғалімі

Әр оқушы —  шығармашыл тұлға. Оның  бойындағы қабілет пен қарымды байқап, одан әрі шыңдалуына  пән мұғалімі, сынып жетекшісі, ата-анасы көмектесе алады. Өз тәжірибемізге сүйене отырып, мен  пән мұғалімі ретінде қандай жұмыстар жүргізгеніме тоқталмақпын. Мен сабақ беретін көркем еңбек пәніннің   міндеті жан — жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігін сәнді қолданбалы қолөнерді  қолдануға арнап келемін. Сәнді қолданбалы қолөнерді ұлттық нақышпен байланыстыру мақсатында оқушылардың бос уақытына ыңғайлап, жоба-жоспар құрастырдым.   Қолөнермен айналысу — эстетикалық тәрбие берудің басты құралы. Мектеп қабырғасында оқушылардың қолөнермен айналысуы олардың рухани дамуы мен дүниетанымының кеңюуіне ықпал етеді. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді,  мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, рухани сән-салтанатымызды, болмысымызды тануға негіз болады.

     Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тұлға қалыптастыру мақсатында ең алдымен осы бағытта жұмыс жасауға бағыттау жұмыстарын жүрігзу аса маңызды. Мәселен, ұлттық бұйымдар  жасау, ұлттық киім тігу, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған сурет салу үшін өз бетінще эскиз жасап, өлшем алуға үйрету, қандай материалдардың қажеттігі мен оларды талапқа сай, таңдап алуға үйрету маңызды.  Шығармашылық шеберханада оқушының жасаған жоба жұмысы бойынша бірлесе жұмыс жасау әлдеқайда нәтижелірек болады. Оқушының жасаған әрекетіне баға беріп қана қоймай, сапалы жасауына бағыттау, дер кезіндк қол ұшын беру жұмысты нәтижеге бағыттайды. Наурыз мерекесіне орай, оқушылар жер үстел, бесік, сандық, абдыра, т.с.с. қолөнер бұйымдарын жасады.

Бала қиялынан туған туындының өзі бір керемет дүние дерсіз. Жасаған бұйымының әрбір деталіне мән беріп қана қоймай, ұлттық ою-өрнекпен әсемдеуге тырысуы шығармашылық тұрғыда дамуына жол ашты. Кесте, басқұр, сырмақ, ұлттық киім тігуге да баса назар аударылды. Қыз балалар шолпы, білезік, түрлі сәндік бұйымдар жасауға қызыға кірісті.   Ұлттық құндылықтар тақырыбында түрлі суреттер салып, арнайы мектеп дәліздерінде шығармашылық көрмелер ұйымдастырылды. Оқушылардың аталған бұйымдарды жеке, өз бетінше жасауына, сонымен қатар, топпен бірлесе жасауына да мүмкіндік жасау әлдеқайда қызықты болды, сондай-ақ жұмыстың жылдам аяқталуына себепкер болды. Қолөнерді жасап қана қоймай, оның жасаудың жоба-жоспарын жасап, сыныптан тыс уақытта жиналып, жас қолөнершілерден құралған шығармашылық топ алдында өз жұмысын қорғауға дағдыланды. Бұл жұмыс оқушылардың түрлі ғылыми жұмыспен айналысуына, түрлі тақырыптағы  қолөнер көрмесіне, конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанып, мектеп мәртебесін арттыды.

«Шебердің қолы алтын», «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп дана халқымыз айтқандай, жан-жақты дамыған тұлғаны іске икемді, епті, өнерлі, шебер етіп тәрбиелеуге  бағыттағы  осы жұмыстарды жалғастырып,  одан әрі жандандыруды мақсат тұтпақпыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.