Home » Балабақша » Сиқырлы бояулар

Сиқырлы бояулар

Алматы қаласы, Алатау ауданы
МКҚК  «№164 бөбекжай – балабақшасы»
мектепалды даярлық «Ертөстік» тобының тәрбиешісі
Такирова Айгерим Бозгулановна

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Тобы: «Аққайың» тобы
Білім беру саласы:«Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бөлімі: «Сурет салу»
Тақырыбы: «Сиқырлы бояулар»
Мақсаты: Балаларға сурет салу техникасын үйрету. Бояулармен, қарындаштармен, сурет салудың техникасын жетілдіру. Сиқырылы бояулар арқылы көңіл күйімізді жеткізуге болатынын және түстерден бірнеше түстер шығаруға болатынын үйрету. Есте сақтау, көңіл аудару, кенестік бағдарды үйрету және қолдың ұсақ моторикасын дамыту, сұрақ қою арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, ойын арқылы көңіл- күйлерін көтеру.Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: бақылау, еңбек, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап алу, ойын ойнату, жеке жұмыс.
Қажетті көрнекі құралдар: Төрт мезгілдің суреті , кемпірқосақ, ақ қағаз,
Шаттық шеңберінде қонақтармен амандасады.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Жылулық шеңбері

Балалар біз бүгінгі сурет оқу іс-әрекетінде сиқырлы бояулар туралы көп мағұлматтар білеміз. Бояулар алуан түрлі болады. Бізді қоршаған орта табиғатымыз әртүрлі түстерден құралған, тіпті үстімізге киген киіміміздің өзі әртүрлі түстерден жасалып, тігілген.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде күн қандай болады?
-Көктемде неше ай бар?
Олай болса көктем туралы тақпақтарға кезек берейік:

Айзере: Көктем келді алақай
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жауын жауады
Бақша гүлге толады.

Рауан:   Бүршік жарып ағаштар,
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.

Айлана: Көктем келді, көктем келді
Жадыраған жайнаған
Шашыраған сәулесімен
Жасыл көктем сайраған.

Адия: Көктем келді тамаша
Далаға бір қараса.
Бұлбұл құстар сайрайды,
Күн шуағын төгеді
Менің туған жеріме
Тең келмейді ештеңе.

Балалар сендер қандай түстерді білесіңдер? Ал балалар білесіңдер ме бояулар сиқырлы болады, түстерден қосымша түстер шығаруға болады? Сиқырлы бояаулар біздің өмірімізбен байланысты. Біздің көңіл күйімізді сиқырлы бояулар арқылы білуге болады. Олай болса балалар сиқырлы бояулар қалай пайда болады екен, бәрің бері қараңдаршы. Бояулармен тәжірибе жасау.

Мысалы:
қызыл+сары=қызғылт сары,
қызыл+көк=сия көк,
сары+көк=жасыл.

Балалар бояулар туралы тақпақтар айтады.
Б.Аяла Қызыл бояу қызғалдақ
Сары бояу сарғалдақ
Жасыл бояу жайлауым
Іздеп келер армандап. 

Еңлік: Түрлі – түсті бояумен
Сурет салған ұнайды
Қызыл, жасыл, көк, сары
Ажыратам оңай ақ.

Балалар біздің сабағымыз «Сиқырлы бояулар» атты болғандықтан мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр, қанеки шешуін тауып көріңдер…
Жаңбыр жауып басылды
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды
Көкте бір зат асылды  (Кемпірқосақ)
Бұл не балалар? 

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді.
Дидактикалық ойын: Кемпірқосақтың суретін құрастыру. Түрлі- түсті қағаздан қиылған кемпірқосақтың бөліктерін кезекпен орналастыру арқылы кемпірқосақты балалар құрастырып шығады.
-Жаңбыр жауып күн ашылған соң аспанда не пайда болады?
-Балалар кемпірқосақ неше түсті болады?
-Қанеки кемпірқосақтың түстерін санайық
Кемпірқосақ туралы балалардың тақпақтары:
Бақкелді: Жаңбыр жауып басылды
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды
Кемпірқосақ асылды

Айлин:  Кемпірқосақ көріп балалар
Алақайлап қуанар
Қараңдаршы балалар
Түрлі-түсті бояулар 

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Тамшысындай жаңбырдың,
Бір сіркіреп алайық.
Күн көзіндей жарқырап,
Сәуле шашып тұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық. 

Шығармашылық әлеміне саяхат:
Біз бүгін шығармашылық әлемінде сендермен кемпірқосақ  суретін саламыз.
Балаларды үш топқа бөлу. Үш топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.
Бірінші топ: гуащь бояуы арқылы оны қылқаламмен жұмсақ мақтаға жағу арқылы ақ қағаз бетіне кемпірқосақ суретін салады.
Екінші топ: қағазға кемпірқосақ суретін түрлі-түсті қарындашпен салып, бояйды.
Үшінші топ: Аспан түстес көк қағазға түрлі-түсті қағаздардан қиылған кемпірқосақ жолақтарын желім жағу арқылы жапыстырады.
Балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып тапсырмаларын орындауға көмектесу.

Қорытынды: Бүгінгі сабақ туралы не үйренгендерін сұрау. Қандай түстермен таныстыңдар? Бояулар әлеміндегі тәжірибе жасаған ұнады ма? Кемпірқосақ қай кезде пайда болады? Кемпірқосақ неше түстен тұрады? Боялар арқылы сурет салған ұнайды ма?

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Түстерді ажырата біледі. Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстарын атайды. Соның ішінде кемпірқосақ неше түстен тұратынын біледі. Бояулармен, қарындашпен сурет салады және бояйды.

27 комментариев

  1. Тек алға. Айгерім

  2. Балжан Шымкентбаевна

    Айгерім апай керемет, білікті маман. Еңбегініздің жемісін жеңіз. Шығармашылық табыс тілеймін.

  3. Зауре Жайлаубаевна

    Айгерим Бозгулановна еңбекте табысты, жұмыста беделді тәрбиеші. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  4. Акжаркын

    Айгерім апай еңбегіңіздің жемісін жеңіз

  5. Менің үлгі тұтар тәтем! Тек биіктен көрін.!Үлгі тұтар шәкірттерің көп болсын! Тек алға! 😍❤️

  6. Айгерім тек алға
    Шығармашылық табыс тілеймін
    Шәкірттерің биік белестерден көріне берсін

  7. Салтанат

    Алға! Айгерим сәттілік

  8. Жарайсың, Әйгерім еңбегінің жемісін көр. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп данышпан Абай айтқандай, ерінбей, жалықпай еткен еңбегінің арқасында шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген мұғалім ғана нағыз ұстаз бола алады.

  9. Жарайсыз Айгерім апай

  10. Арайлым

    Айгерім Бозғұланқызы сізге сәттілік.Шығармашылық табыс тілеймін

  11. Әйгерім еңбегіңнің жемісін көр

  12. Рузанна

    Айгерім апай еңбегіңіздің жемісін көріңіз💐

  13. Айгерім, жарайсың, сәттілік тілеймін!

  14. Керемет апай! Сәттілік тілеймін!

  15. Жарқынгүл

    Керемет❣️еңбегің жана берсін❣️💐💐💐

  16. Катя апай

    Айгерім еңбегінің жемісін же тек алға сәттілік

  17. Жарайсың Бозғұланқызы.Еңбегің жана берсін!

  18. Балада тәрбиесі үлкен жауапкершілік . Еңбегіңіз жана берсін

  19. Диана Сабитовна

    Айгерим тек алга 💐💐💐💐

  20. Айгерим апай өте керемет ұстаз, ана Тек алга қолыңыздан бәрі келеді

  21. Айгерим апай оте керемет устаз.Кызым катты жаксы кореді.Енбегиниздин жемісін кориниз.

  22. Сандуғаш Серғалиевна

    Айгерим Бозгулановна мықты мамансыз! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  23. Жарайсын! Тек биік белестерден көріне бер💐💐👏

  24. Зауре Аманалиева

    Жарайсың. Шығармашылық табыс тілеймін

  25. Гульшат

    Айкенай енбегин жана берсин деймын. Алланын нуры жаусын, тек алга, алга койган максатына жете бер!!!

  26. Еңбекте табыс бол🌷🌷🌷

  27. Сусымбаева Алия Болатқызы

    Еңбегіңнің жемісін көр, биіктерден көріне бер сәттілік тілеймін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.