Home » Балабақша »     Аналар -асыл жан

    Аналар -асыл жан

Алматы қаласы Алатау ауданы
МҚКҚ «№164 бөбекжай — балабақшасы»
Ересек «Балдәурен» тобының тәрбиешісі
Нұрғожа Жанар Қамалбайқызы
                Аналар -асыл жан
Мақсаты: Балаларға көктем туралы мағлұмат беру. 8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі екенін ұғындыру. Отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті түсіндіру.
(балалар музыка залына әуенмен кіреді. Ортадан екі бала шығады)
Асылжан: Сәлеметсіздер ме! Құрметті қонақтар, ақ жаулықты аналар, әжеле, аяулы ару қыздар.Раяна:  Сіздерді 8-Наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз.
Асылжан: Білесің бе Раяна ана деген керемет асыл жан ғой, менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны әперетін, шөлдесем шырын беретін.
Раяна: Ал менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып беретін, орнымнан тұрарда еркелетіп оятатын.
Асылжан: Ән демекші, бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әнмен бастасақ қалай қарайсың?
Раяна: Олай болса Асылжан бүгінгі мерекемізді әнмен бастайық.
Хор: Анашым ана жаным
Тәрбиеші: Армысыздар, ақ жаулықты әжелер, аналар, сымбатты қыздар. Міне көктемнің алғашқы күнімен бірге келген 8-Наурыз мерекесі құтты болсын.
Тәрбиеші: Бала,бала,бала-деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған- демекші, балаларымыздың аналарына арналған өлең шумақтарына кезек берейік.
Тақпақтар:
Жанерке: Ана деген-жарық жұлдыз шырағың
Ана деген-қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген-өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің, жаң құрбың.
Нұрали: Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан,
Бөбегіде кетпейді.
Раяна: Аялаймыз ананы,
Құрметтейміз, бағамыз.
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.
С.Нұрали: Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар!
Амира: Аяулы анашым-ардағым,
Жанымда жүрші сен әрдайым.
Құлпырған гүлімдей жайнай бер,
Әнімді мен саған арнаймын.
Батыр: Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым.
Мұхаммедали: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Жеке ән Раянаның орыдауында
Тәрбиеші: Біздің кішкентай ұлдарымыз аналар мерекесіне өз өнерлерін көрсетпекші олай болса ұлдарымыздың «Джентлимен» биін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші : Балалар, аналар мейрамы  жылдың қай мезгілінде болып жатыр?
Көктем ханшайымы кіреді
Хор: Көктем келді
Санжар: Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ма екен.
Айша: Аналар, әжелер мен сұлу қыздар,
Мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар.
Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді,
Ең бақытты ең ардақты болыңыздар.
Асылжан: Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күншуақ,
Бізге қымбат анамыз.
Мансұр: Ана-біздің күніміз,
Ана-біздің гүліміз,
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ханым: Айналайын ақ мамам
Балапаным мақтаған,
Анам барда әрдайым
Қуанамын шаттанам.
Қадия: Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күншуақ,
Бізге қымбат анамыз.
Кәусар:  Жарқын жүзді жананам,
Сендей болса бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан.
Қазыбек: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Ара кіреді
Би: Аралар
 Тәрбиеші: Бүгінгі мереке күні аналарымыздың анасы әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Медина: Тосып тәтті дәндерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
Алинур: Тірегі болып жанында,
Бірге еріп жүремін.
Жанашырым жанымда,
Тек әжемдеп білемін.
Сымбат: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Алаң: Ақанашым,аппағым
Өзің жайлы таппағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрінде
Алижан: Мәпелеп мені  өсірген
Аяулы менің анашым
Жамандықтан жирен деп
Жақсылықты үйрен деп
Өсірген менің анашым
Хор: Әжемнің шайы
Ойын:
Би: Мамарина
Ән: Ата-ана
Тәрбиеші: Міне, құрметті біздің абзал жанды аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыдар!

56 комментариев

  1. Балжан Шымкентбаевна

    Жанар апай, керемет білікті маман. 👍

  2. Зауре Жайлаубаевна

    Жанар апай білімді, білікті маман иесі. Шығармашылығыңыз шыңдала берсін

  3. Өз маманның шебері

  4. Акжаркын

    Жанар апай еңбегіңіздіі жемісін жеңіз

  5. Еңбегіңіздің жемісін жеңіз.

  6. Эльзира

    Еңбегіңіз жемісті болсын

  7. Гүлбану

    Еңбегіңнің жемісін көре бер! Жарпйсың, Жанар!👏💐

  8. Сіз секілді тәрбиешілер аз, баламыз сізді мақтап жүреді. Барған сайын көңілді жүресіз. Ашық свбақтарды мықты деңгейде өткізесіз👍👍👍 мың алғыс сізге❤️❤️❤️

  9. Күшті апай, алға

  10. Жанар апай алга

  11. Өз маманының шебері. Ұлағатты ұстаз.

  12. Қарлығаш

    Өз ісінің нағыз маманы!

  13. Еңбегің жемісті болсын

  14. Жанар апай еңбегіңізге табыс тілеймін.Өте білікті маман.Жарайсыз.Балапандарымыз риза сізді жақсы көреді

  15. Айнагуль

    Шығармашылық табыстар тілеймін

  16. Диана Сабитовна

    Керемет 💐💐💐💐💐

  17. Сабира Оратаевна

    Жанар тәте жарайсыз👍Еңбегіңіз еленіп, табысты болыңыз

  18. Жұмыста табысты бол

  19. Еңбегіңіз жаңа берсің

  20. Жанар апай еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  21. Сағымкүл

    Жанар апай керемет.Еңбегіңіз елене берсін

  22. Жанар апай керемет тәрбиеші 👏👏👍

  23. Жанар апай еңбегіңіз жансын! 💐💐💐💐💐💐

  24. Керемет. Жарайсыз Жанар апай жұмысыңыз табысты болсын.

  25. Керемет! Еңбегіңіз жана берсін👏👏👏

  26. Дерски мамагой❤️

  27. Еңбегініз жемісті болсын!!!👍🏻👏🏻👏🏻👏🏻

  28. Еңбегініз жемісті болсын!!!👍🏻👏🏻👏🏻👏🏻

  29. Гулзира

    Жанар Қамалбайқызы сіз өте еңбекқор жансыз,,қашанда ізденіс үстінде жүретін идеясы өте жоғары мықты тәрбиеші деп айтамын.Еңбегіңе шығармашылық табыс тілеймін.Білімді,парасатты,ұлағатты ұстаз еңбегің жанып, биік белестерден көріне бео😘😘😘

  30. Қалибай Айару

    indikk@mail.ru

  31. Еңбегінізге жеміс тілейміз💐 өте керемет білімді мамансыз, балаларымыздың тәрбиесіне мың алғыс🌷🌷🌷

  32. Сүйікті апайымыз. Сіздердің арқаңызда қыщым мектепте отличница 🫶🏼 рақмет апай көп жасаңыз

  33. Керемет! Жумысынызга табыс тилеймин👍🏻❤️😘

  34. Жанар еңбегің бағалана берсін.

  35. Жанарым апайымыз өте сабырлы, баламыздың екінші анасы! 🥰🌺❣️😘

  36. Алижанның анасы Үміт

    Алғаш бала бақшаға барғанда жылы жүзімен қарсы алған біздің апайымыз.Жанары қашанда жадырап тұрады.Алла рахмет бізге осындай апайды жолықтырған.Менің Алижан баламның сүйікті апайы.Құрмет тұтамыз апайды.Бізге арнап өткізген ертеңгілік мерекесі үлкен деңгейде өтті.Рахмет апай.

  37. Керемет ұстаз, білікті маман! Әрқашан күлімдеп тұрады, балалар апайын өте жақсы көреді! Еңбегіңіз жансын!

  38. Жанар апай, аналарға арналған оқу қызмет күшті деңгейде дайындалыпты. Сіз өте білімді, тәрбиелі, ұлағатты тәрбиешісіз. Тек қана АЛҒА!

  39. Баймешова Гулзинат

    Жанар шығармашылық табыс тілеймін, еңбегін елене берсің 👏👏👏

  40. Баймешова Гулзинат

    Жанар тек Алға.еңбегін елене берсің 🌹🌹🌹

  41. Мединаның мамасы

    Жанар апайымыз ең керемет тәрбиеші
    Кез келген баланың журегін жаулап алатыын ұстаз
    Білікті маман мейірімдіі жан

  42. Еркежан Оралгазиновна

    Жанар апай, еңбегіңіз елене берсін! Ұстаз болу — жүректің батырлығы, оң-солын әлі танып үлгермеген бүлдіршіндерді ізгілікке баулу оңай емес. Жұмысыңыз жемісті болсын 👍

  43. Биік шыңдардан көріне беріңіз 🌷🌷🌷

  44. Құралай

    Керемет тек биіктен көріне беріңіз!!!

  45. Наша Жанар апай самая лучшая ! Творческих успехов вам !

  46. Жанар Камалбайкызы Оз исинин маманы.биликти.билимди.талимгер.Меирмди Ана,суикти жар.Енбегин еселене берсин.Биик белестерден корине беруне тилектеспиз.

  47. Еңбегіңіз еселене берсін!

  48. Шапағат

    Жанар апай екі бірдей чемпионды өмірге әкелген ана. Өз кәсібінің шебері.

  49. Гульмира

    Жанар апай өте білікті маман.

  50. Жанар апай, еңбегіңіздің жемісін жей беріңіз!!!

  51. Өте керемет іс шара. Еңбегіңіз жана берсін!

  52. Гүлмира Айдылмашқызы

    Жанар Қамалбайқызына алғысымыз шексіз,балапандарымыздың жылы жүректі ұстазы!
    Ілмейтінді ілдіретін,білмейтінді білдіретін.Әр кезде аялайтын,дәрісті аямайтын өз кәсібінің шебері!!!

  53. Ильяс Раяна мамасы

    Жанар апайымыз өте керемет, білікті маман! Еңбегіңіз жана берсін!

  54. Амираның мамасы

    Жанар апай біздің ең сүйікті апайымыз! Екі қызым да Жанар апайдың тобында болған. Еңбегіңіз жана берсін! Жұмысыңыз табысты болсын!

  55. Өз ісінің маманы, керемет жан! Сүйікті апайымыз!

  56. Утренник өте керемет өтті

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.