Home » Жаңалықтар » Хакім –Абай даналығы

Хакім –Абай даналығы

Нұр–Сұлтан қаласы
№56 мектеп – лицейі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Адилбаева Айнагул Жумаевна

Биылғы жыл –қазақ халқы үшін ерекше жыл. Себебі данышпан Абайдың – 175 жылдығы қарсаңында түрлі іс- шараларды  қазақ елі өткізгелі жатыр.

Ақын Абай  әдебиетінің басты  міндеті адамды дәріптеу, адамды эстетикалық  сезімге  бөлеу,  сөйтіп  оны  жан-жақты  дамытып,  толық  адам дәрежесіне  жеткізу  деп санаған.  Сондықтан да  ол өз  шығармашылығында туған  халқының рухани байлығын  молынан  пайдаланған  және  онымен шектелмей,  бүкіл  адамзаттың  игілікті  мұрасын да арқау  еткен.   Абайдың поэзиясы мен қара сөздері жалпы адамзаттық мәнге ие. Абай  қазақ  әдебиетін   жаңа  сапаға,  биік  деңгейге  көтерді. Абай теңдесі жоқ ақын, осы кезге дейін Абайдың өнері жыр болып айтылып, қара сөздері адамға қуат беріп өмірде адамдар қолданып келсе де, әлі күнге дейін Абай сөздері мұра, адамға күш ,жігер бере алатынын бүкіл қазақ халқы мойындап отыр. Соңғы кездері Абай жаөбалары әлем елдерінің сұраулары бойынша түрлі тілдерге аударылып жатыр. Абайдың қолжазбаларының ерекшелігі міне ,осында.

Осы жолда  фольклордың  рөлі  аз  болған  жоқ.  Кейбір  зерттеушілер «Абай Уәлиханов Ш.Таңдамалылары. А., 1985, 154-б

Абай жаңа әдебиетке  жаңа жанр, жаңа  әдіс  керек  екенін  біліп,  реалистік  сипаттағы әдебиет үшін қажетті панорамалы дүние туғызған. Фольклорлық утопия мен романтикалық  сарындағы  сюжеттерді  реалистік поэма етіп  жазған Абай сонымен қатар  романтизмге  тән  алыстағы  елдер туралы баяндап, шәкірттеріне  жол  көрсетті,  сөйтіп  казақ  әдебиетінде реализммен  бірге романтизмге де жол ашты (Мағауия мен Акылбайдың «Зұлыс», «Медғат –Қасым», «Дағыстан»сияқты шығармаларын еске алуға болады).Абай фольклорға ақын есебінде ғана емес, сондай-ақойшыл зерттеуші ретінде  де  барған.  Өзінің  көркем  поэзиясында  ол,  негізінен,  фольклорлық сюжет пен поэтиканы пайдаланса, қара сөзінде фольклорды тарихи-қоғамдық тұрғыдан  қарастырып  талдайды.  Оның  кейбір  қазақ  мақалдары  мен мәтелдерін талдау принципі, зерттеу аспектісі ақынның өлеңдерінде көтерген проблемаларымен  үндесіп  жатады:  қалай да  адамды түзеу, сол арқылы қоғамды  жөндеу.  Ал,  мұның  өзі,  бір  жағынан,  халық  утопиясына  апарса, екінші жағынан, ислам дінінің иманды адам, жақсы қоғам туралы, хақ жолы жөніндегі түсінікпен де байланысып жатады.

Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін шет тілі бірлестігі орындап енді жаратылыстану бірлестігіне chalange арқылы жолдадық.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.