Home » Жаңалықтар » Білім берудегі Live On Stage өткізудегі ерекшелік

Білім берудегі Live On Stage өткізудегі ерекшелік

Г.Әлжанова
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының
 СҚО бойынша  ПҚ БАИ аға оқытушысы,
педагогикағылымдарының магистрі

 «Өрлеу» Солтүстік Қазақстан филиалында педагог-көшбасшы, ұйымдастырушы көшбасшыларға арналған «Білім берудегі көшбасшылықтың бағыттары мен табиғаты» тақырыбында Live On Stage іс-шарасы өтті.
Көшбасшылық шеберлігі — бұл ХХІ ғасырдың жаһандық және пәнаралық құзыреттерінің бірі, еріктілік, азаматтық және әлеуметтік белсенділік, қарым-қатынас және кәсіпкерлік.
  Солтүстік Қазақстандық «Өрлеу» филиалының көшбасшылық ұстанымы жайлы ғылыми-әдістемелік есеп және шығармашылықты қатар алып жүрудің қаншалықты маңызды екендігін белгілеу өзекті болды.
Осы ретте нағыз майталман көшбасшы Солтүстік Қазақстан «Өрлеу» ұжымының басшысы А.Мурзалинованы атауға болады. А.Жәкімқызы көшбасшы ғана емес, өө мамандығының кәсіби деңгейдегі шебері, қызметкерлерге үлгі болатын және оңтайлы қарым-қатынасты жандандырушы, тұлға деп білеміз. Сонымен қатар көшбасшы ретінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінде өзінің жаңашыл идеяларын, шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, республика деңгейінде СҚО «Өрлеу» қызметін үнемі жоғары шыңнан көрсетуде.
Іс-шараға Ақмола және Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» ұжымының басшылары Н.Стукаленко, С.Муканова, Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы НЗМ директоры З.Уразбекова және республикалық білім берудегі қоғамдық-саяси «Білімді ел» газетінің редакторы Л.Туркестанова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, «Нұр Отан» партиясы, Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы, білім беру ұйымдарындағы көшбасшыларымыздың қатысуы өзара ынтымақтастықты білдірді.

Live On Stage шығармашылық бағыттағы іс-шарамызда білім беру жүйесіндегі кәсіби деңгейдегі қызметтері мен өзара бірлескен іс-әрекеттің өзектілігін ескере отырып, сындарлы диалог жоғары деңгейде өрбіді. Ал ғылыми тұрғыдан білім беру жүйесінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы шешуші рөлі мен ҚР білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын енгізу мен мұғалімнің мәртебесін көтерудің объективті талабы туралы сындарлы диалогта қатысушылар мәселені жан-жақты қарастырды.

Өрлеу «БАҰО» СҚО көшбасшысы А.Жәкімқызы өзінің сындарлы диалог арқылы курстық жұмыс және курстан кейінгі қолдау тұжырымдамасын, мұғалімдердің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауды, позитивті тұлға аралық қатынастар, мұғалімдердің жеке мақсаттарын білу, педагогикалық қауымдастыққа деген сезімді нығайту, сындарлы өзара әрекеттесу және диалогтік қарым-қатынас, ынталандыруды күшейтуде белсенді көмек көрсету қажеттігін ерекше атап өтті.

Іс-шарадағы пленарлық отырыс, сессия жұмыстарында «Біздің ортамыздағы көшбасшы» тақырыбында эссе, мақала және «Мен танитын көшбасшы…» тақырыбындағы бейнероликтер бойынша жұмыстар қорытындыланып, үздік жұмыстар анықталды. Келіп түскен жұмыстардың жалпы саны – 127. Бұл жұмыстарда Аққайың, М.Жұмабаев аудандарының педагогтері белсенділік танытып, өз бойындағы көшбасшылық қасиеттері мен шеберліктерін,сан қырлы белестерін білдірген.

Сонымен қатар СҚО «Өрлеу» директоры А.Мурзалинова білім беру ұйымдарындағы көшбасшылық корпусты қалыптастыру бойынша ұсынымды бекітіп, Live On Stage эстафетасын Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» басшысы С.Д.Мукановаға табыстады.

Іс-шарада конкурстың шешімі шығарылып, үздік жұмыстар I, II, III дәрежелі дипломдармен және «Білімді ел» газетіне Өрлеу» басшысы А.Мурзалинова конкурстың үздік мақала авторларына басылымға арналған сертификатты сыйлық ретінде табыстады. Сонымен қатар іс-шара соңында Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындаудағы Қызылорда, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары бейне жолдауларымен қатар СҚО «Өрлеу ұжымы қызметкерлерінің әнді тебіренте орындаулары үндесе отырып, қатысушыларды рухани тұрғыдан жігерлендіре түсті.

СҚО «Өрлеу» ұжымы қатысушы педагогтардың арқалап жүрген қызметтеріне табыс, еңбектеріне жеміс тіліп, кәсіби өсу жолында  шығармашылықтың биік белесіне шығыңыздар деген тілектерін білдірді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.