Home » Жаңалықтар » Өткен жыл жетістікке толы болды

Өткен жыл жетістікке толы болды

      Ағымдағы жылдың 13 ақпанында  Қоғамдық коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2019 жылдың қорытындысы бойынша арнайы брифинг ұйымдастырылды.
Брифингте аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Нұргүл Жанназарова мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз етудің жай-күйі, мемлекетттік көрсетілетін қызметтердің сапасы және мемлекеттік қызметтегі әдеп ережелерінің сақталуы бойынша өңірде қолға алынған шаралар туралы ақпаратын жеткізді.

            Қазіргі күні өңірдемемлекеттік қызметтің имиджі әлдеқайдаартты

 Спикердің мәліметінше, пилоттық режимде Маңғыстау облысында 2017 жылдан бері енгізілген мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеудің жаңа факторлы-балдық шкаласының (ФБШ) өңірдегі мемлекеттік қызмет жүйесіне келесідей9 оң әсерін атап өтуге болады.

1.Маңғыстаудың еңбек нарығында мемлекеттік қызметтің бәсекелестік қабілеті артты(мысалы, жеке сектордан мемлекеттік қызметке орналасқандар саны 6 есеге артқан, 2017жылы  – 10 бірлік, 2019 жылы – 63 бірлік).

2.Маңғыстау әкімдігінде бос орындар саны7,5%-ға дейін азайды (2017 жылы – 11,8 %(159 бірлік), 2019  жылы 4,3% (58 бірлік).

3.Маңғыстауда мемлекеттік қызметтен кеткендер саны 2 есеге дейін азайған(2017 жылы — мемлекеттік  қызметтен таза ауысымдылық бойынша – 101 адам кетсе (7,5%), 2019 жылы -62 (4,6%) адам).

4.Маңғыстауда ауыл әкімдіктерінде кадр тапшылығы жойылған(2017 жылы ауыл әкімдіктеріндегі бос орындар  саны 28-ден (штат санының 12,6%-ы) 2019 жылдың қорытындысы бойынша  6 орынға дейін (2,7%) азайған.

5.Мемлекеттік қызметке маңғыстаулықтардың қызығушылығы артқан(бір орынға үміткерлер саны 2017 жылы  0,9 адам, 2018 жылы  2,6 адам,  2019 жылы 2,9 адам).

6.Мемлекеттік қызметшілер еңбегінің тиімділігінің артуы байқалады(мысалы, бағалау қорытындысымен «өте жақсы» нәтиже көрсеткендер саны 3 есеге артқан–2017 жылы 7,7% болса, 2018 жылы 13,4%, 2019 жылы 19%).

7.Маңғыстау әкімдігінде біліктілігі жоғары мамандар қатары көбейді(«Болашақ» бағдарламасы мен Мемлекеттік басқару академиясының түлектері 3-тен 7 адамға дейін өскен, «Болашақ бағдарламасы түлектерінің саны 2017 жылы – 1 болса, 2019 жылы – 2 Мемлекеттік басқару академиясының түлектері 2017 жылы – 2 болса, 2019 жылы – 5.

8.Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің квазимемлекеттік секторларда тағылымдамадан өту тәжірибесі енгізілді(2017-2018 жылдары -0; 2019 жылы -38).

9.Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері республика бойынша үздіктер қатарында топ жарды (2019 жылы республика бойынша ең үздік деп табылған 10 мемлекеттік қызметшінің 2-і маңғыстаулықтар, 2018 жылы да Маңғыстау облысының 2 әкімшілік мемлекеттік қызметшісі үздік жиырманың ішінен көрінгенін, облыстың мемлекеттік қызметшілері бұдан бұрын үздіктер қатарында болмаған).

  1. Маңғыстаулықтарға мемлекеттік көрсетілетін

қызметтер сапасыедәуір жақсарған

Бұл туралы 13 ақпандағы Қоғамдық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова мәлімдеді.
Маңғыстау облысының рейтингісі 7 сатыға көтеріліп, республика бойынша жергілікті атқарушы органдар арасында өңіріміз 10 орынға жайғасты. Өткен жылдары бұл көрсеткіш соңғы орындарда болатын. Айта кету қажет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қоғамдық мониторингі нәтижесі бойынша рейтинг «ЗОР РУХ» жеке меншік қайырымдылық қорымен жасақталған.

Нақты айтқанда, қызмет нәтижесіне қанағаттану бағыты бойынша оң өзгерістер орын алуда.

Көрсеткіштер қызметкерлердің құзыреттілігі,жеделдігі және сыпайылығы жағынан жақсарды.

Сонымен бірге, қолжетімділік пен ақпараттың ашықтығы, ақпараттың нақтылығы мен шынайылығын бағалау, құжаттарды ұсыну компонеттері бойынша оң қозғалыс байқалуда.

Бұдан басқа, қызмет көрсетудің мерзімін бағалауда да жақсы нәтижелер көрсетілуде. Яғни, 2018-2019ж.ж. кезеңінде Маңғыстау облысының бағасы жалпыреспубликалық көрсеткіштен екі есеге асты.

Айта кетер болсақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік сатып алу арқылы  көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау бойынша жыл сайынғы әлеуметтік зерттеу жүргізіледі.

Қоғамдық мониторинг нәтижесі көрсеткендей, бағалауға ең бұқаралық, мәселелерді туындататын (бюрократияландырылған, жемқорлыққа белшесінен батқан, мерзімі бұзылып көрсетілетін, арыз-шағым көп түсетін қызмет түрлері және т.б.) және әлеуметтік маңызды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жатқызылған.

Азаматтар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалауға қатысуы тұрғындардың мемлекетке деген сенімі және үмітін, елдегі оң өзгерістерге деген қолдауын білдіретін маңызды факторлардың бірі.

Сауалнама аясында Қазақстанның барлық 17 өңірі (14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала және астана) қамтылып, 65 мемлекеттік қызмет қамтылып, олардың 38-і орталық мемлекеттік органдарға жататын, 2-уі Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін және 25-і жергілікті атқарушы органдардың қызметтері бағаланды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы келесі критерийлер бойынша бағаланды: 1) ақпарат, 2) қолжетімділік, 3) қызметкерлер, 4) процедура,   5) мерзімдер, 6) шығындар, 7) кері байланыс, 8) нәтиже.

2019 жылы қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша республикада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесімен қызмет алушылардың 74,8% қанағаттанатындықтары белгілі болды.

Қолда бар мәліметтерді талдау нәтижесі қызмет алушылардың қызметтермен қанағаттану деңгейі 2018 жылмен салыстырғанда 2,4% өскендігін көрсетеді.

2018 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелерімен салыстырғанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының оң динамикасы байқалуда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жүйелі жұмыстар атқарылды

Спикердің мәліметінше аумақтық департамент тарапынан барлық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып,жыл бойы атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесіндеосындай жетістіктерге қол жеткізілді. Сонымен қатар:

1.Өңірде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары 4 еседей көбейді, оған қамтылған адамдар саны  4,3 есеге артқан(2018 жылы 37169 адамның қамтылуымен 314 түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 2019 жылы 159 569 адамның қамтылуымен 1134 шара өткізілді).

2.Ведомствоаралық жұмыс тобының қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстары 3 еседей артты.(2018 жылы жұмыс тобымен 20 ұсыныс енгізіліп, орындалса, 2019 жылы 56 ұсыныс енгізіліп өз орындалыстарын тапты).

3.Қоғамдық кеңес отырыстарының қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстары көбейді (2018 жылы қоғамдық кеңеспен 11 ұсыныс енгізіліп, орындалса, 2019 жылы 19 ұсыныс енгізіліп өз орындалыстарын тапты).

  1. 10 (2018 — 9) қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

5.Электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланушылар 50 мыңға көбейіп отыр(Мысалы, 2018 жылы азаматтарға 177 257 ЭЦҚ берілген, 2019 жылы 229 019 ЭЦҚ берілген).

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде аумақтық департаментпен қызмет алушылардың сұранымына сай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жетілдіру бойынша тыңғылықты жұмыс одан әрі жалғасын табатын болады деп спикер өз сөзін қорытындылады.

  • Шағымданушылардың

80 пайыздан астамының құқығы қорғалды

        (Заңнамаларды бақылау бойынша)

Бұл туралы 13 ақпандағы Қоғамдық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова мәлімдеді.

        Спикердің айтуынша, аумақтық департаментке өз құқығын қорғау бойынша 17 адам  шағымданған болса, оның 14-нің құқығы қорғалды немесе 82%(Агенттіктің Стратегиялық жоспарына сәйкес меже — 48%).

Сонымен бірге тексерулер нәтижесінде 2019 жылы 12 қызметші тәртіптік жазаға тартылып, саны 2 еседей азайған (2018 — 21).

Аумақтық департаментпен мемлекеттік органдарда 2019 жылы 30 тексеру жүргізілген, бұл 2018 жылмен  (43 тексеру) салыстырғанда 1,4 есеге азайған.Яғни, Департамент қазіргі таңда мемлекеттік органдарда заңнамалардың сақтау бойынша профилактикалық шараларға үлкен мән беруде.

Оның тағы бір дәлелі, тәртіптік тәжірибе бойынша 2018 жылмен  салыстырғанда  қозғалған істер саны 5 іске азайған,керісінше профилактикалық шаралар көбейген(қаралған сұрақтардың 58%, ал өткен жылы — 49% құраған).

2019 жылы қаралған 35 тәртіптік істің 17-сі немесе  48,6% қысқартылған.Қысқартылған істердің ішіндеӘдеп жөніндегі кеңестің шешімімен 6 (35,3%)мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды.

 Департаментпен 2019 жылы мемлекет бюджетіне

2,5 миллиондай қаражат өндірілді.

 2019 жылы өтініштерді қарау қорытындысы бойынша барлығы 1 315 073 теңге мемлекет кірісіне қайтару бағытында тиісті жұмыстар жүргізілген.
Бұдан басқа, 2019 жылы департментпен 38 әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, нәтижесінде мемлекет қаражатына 1 175 389теңге өндірілген.
Заманауи талаптарға сай кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда  әдеп ережелерін сақтау мен заңбұзушылықтарға жол бермеудің өзектілігі күннен күнге өсуде. Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган ретінде профилактикалық шаралар және түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

                               ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Маңғыстау облысы
бойынша департаментінің
баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.