Қазақстан және Сингапур
Үстіміздегі жылдың 16.01.2024 күні Алматы қаласы, Білім басқармасына қарасты Наурызбай ауданында орналасқан №184 бөбекжай-балабақшасыда тәжірибе алмасуға арнаған іс шара өтті.
Баса назар аударғым келгені Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы Л.Ә.Жылқыбаеваның қолдауымен, Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік балабақшаларының меңгерушілері халықаралық тәжірибе алмасу бойынша оқуға жіберілген болатын.
Бүгінгі семинарға Алматы қаласы Білім басқармасының жаңадан ашылған Ресурстық орталығының мамандары Жанар Ануарбековна, Ләйлә Мауленовна және Наурызбай аудандық Білім бөлім басшысы Салтанат Амангельдиевна, Бас маманы Мәншүк Сапиевна сондай ақ мемлекеттік балабақшалардың меңгерушілері қатысты.
Сингапурдағы іс-тәжірибені салыстырмалы түрде саралап, жақсы жерлерін өзіміздің білім беру жүйесіне енгізу мақсатында, балабақшамызда “Бала, балабақша және ата-ана” атты жоба іс-жүзінде жүргізілуде. Жобаның мақсаты: балабақша мен ата-ананың арасындағы ынтымақтастықты нығайту жұмыстарын ұйымдастыру. Осыған орай, КМҚК “№ 184 бөбекжай-балабақшасыда” халықаралық деңгейдегі іс-тәжірибе алмасу бойынша 4 топ “Айгөлек” , “Қызғалдақ” , “Ақжелкен” және Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған “Шағала” тобының тәрбиеленушілерімен жобаға сәйкес бекітілген тақырыптары бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.
Атап өтсек:
ата- аналармен және балалармен ұйымдастырылған көрме, Алматы қаласындағы “Мәдени” театры, “Океанариум” демалыс орталығына және де оқу барысында тәжірбиелі мамандықтары бар азаматтарды қонаққа шақыртып, балалармен танысу жұмыстары жүргізілді.
Сингапур мемлекетінде білім берудегі тәрбие мен оқудың негізгі саясаты — ерекше ойлайтын, шығармашыл, жан дүниесі бай тұлға тәрбиелеу. Кіші жастағы балаларда қарым -қатынас дағдысы калыптасады, ұжымдыққа баулайтын құндылықтар өте маңызды. Барлық білім беру бөлімдерінің мақсаты — өскелең ұрпағына дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету.
Іс шара “Бала, Балабақша және ата-ана!” жоба жүйесінде ата анамен қарым-қатынас, ынтымақтастықты нығайту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тәжірбиелік топтардың бүлдіршіндерімен “Қоқысқа жаңа өмір сыйлау” атты тақырыбында сәндік шеру көріністері және балабақша педагогтарының орындауында “Балабақша ұстаздарының гимні”әнімен аяқталды!!! Өскелен ұрпаққа тәлім мен тәрбие беру ол ата ананың және педагогтардың ортақ міндетті. Ендеше осы міндеттімізді шынайы атқарайық, қымбатты әріптестер, құрметті ата ана!!!
Алматы қаласы
КМҚК «№184 бөбекжай-балабақшасының” әдіскері
Шеримкулова Аида Майбековна
Устаздарымыз оте билимди, Жанна Абдуллаевна оте биликти маман иеси. Топтагы устаздарымыз ари мугалим, ари психолог барлык балаларымыздын минездерин жатка биледи.
Гүли құдаша еңбегіңіз жана берсін
Керемет күшті