9 сыныптарда қорытынды аттестаттау барысы бағамдалды
Өткен аптаның соңында білім беруді дамытудың инновациялық орталығы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі базасында «Заманауи жағдайда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында тәжірибелік-бағытталған семинар өткізілді. Оған: облыс мектептерінен 500-ден астам педагог қатысты.
Жиында 9-сыныптарда қорытынды аттестаттау және оқу пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері, білім алушылардың білім деңгейін арттыру тәсілдері мен оқу практикасында функционалдық сауаттылықты бағалау критерийлері қарастырылды.
сондай-ақ, тест тапсырмаларын әзірлеу бойынша шеберлік сағаттары берілді. Облыс мұғалімдері тест спецификациясы бойынша тапсырмаларды әзірлеу жөнінде практикалық ұсыныстар алды.
Семинар қатысушыларына жаңа формат бойынша негізгі орта білім беру курсы үшін қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат ұсынылды.
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін Павлодар қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының тренерлері К.С.Альмагамбетов пен ИИ.Айдарханова критериалды бағалау бойынша тапсырмаларды құрастыру кезінде функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Барлық қатысушыларға тақырып төңірегінде тиімді мәліметтер таратылды.
Жақында Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 15 пән бойынша 58 облыстық пән олимпиадасы өтті. Оған: облыстық пән олимпиадасына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен он ауданнан және он үш облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен құрамында 720 оқушысы бар 26 команда қатысты.
Саны жағынан ең үлкен командалар: дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі (57 оқушы), Павлодар қаласы құрама командасы (69) болды. Аудандар арасында: Павлодар ауданы (22) мен Баянауыл ауданы (17) ерекшеленді. Пәндер бойынша ең көп қатысушылар ағылшын тілі (74 оқушы) мен Қазақстан тарихы және география пәндерінде (65 оқушы) байқалды.
Олимпиада қорытындысы бойынша, сапасы жағынан жоғары көрсеткішке ие болған командалар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыт бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда-2020» номинациясымен Сертификаттарға ие болды.
Олар: жаратылыстану-математикалық бағытынан І орын – дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебіне, ІІ орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне, ІІІ орын – дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейіне берілді.
Ал гуманитарлық бағыт бойынша: І орынды – «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, ІІ орынды – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты мен дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы және ІІІ орынды – дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі жеңіп алды. «Ең үздік қалалық команда-2020» номинациясымен Павлодар қаласының құрама командасы марапатталды.
Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасында — 315 оқушыға І, ІІ және ІІІ дәрежелі Дипломдар табыс етілді.
16 оқушы 4 жоғары оқу орнының: Астана халықаралық университеті (6), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (4), Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті (2) және Инновациялық Еуразия университеті (4) білім грантына ие болды.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті 20 жыл бойы өңіріміздің дарынды балаларын анықтау және қолдау қорытындысы бойынша «20 жыл Олимп шыңында» жаңа аталымын тағайындады. Павлодар облысы олимпиадалық қозғалысының дамуына қосқан үлесі және жоғары кәсіпқойлығы мен халықаралық деңгейдегі жетістіктері үшін «20 жыл Олимп шынында» номинациясымен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі марапатталды.
Қысқы футболдан облыстық турнир
2019 жылдың 22 желтоқсаны және 2020 жылдың 5 наурызы аралығына жоспарланған колледж студенттері арасындағы облыстық қысқы футбол жарысы Павлодар облысы білім беру басқармасы аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Электроника және коммуникация» жоғары колледжінде өткізілуде.
Қар үстінде доп теуіп, футбол ойнау жаздағы жасыл желекте кең көсіліп, еркін ойнағаннан гөрі әлдеқайда қиынға соққандай. Дегенмен, жастардың жарысқа деген ынтасы мол, қимылы ширақ.
Бұл жарыста Павлодар өңірінің 11 командасы өзара бақ сынасуда. Қазіргі уақытта ойындар айналмалы жүйеде жалғасып жатыр. Мұндағы Павлодар мұнай-газ, Павлодар химия-механикалық, Павлодар машина жасау колледждері қоржындарына екі жеңістен тоғытып үлгергенмен, алдағы сын сағаттарда әрқайсысы бас бәйгені жеңіп алуға бек үмітті.
Әзірлеген: Айгүл Молдаш,
Павлодар.