2020 жылғы 16-19 қаңтар аралығында Маңғыстау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. ҰБТ-ның ашықтығы мен объективті өтуіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанынан құрылған арнайы мониторингтік тобының және «Маңғыстау –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелерінен құралған қоғам белсенділері және Департамент мамандары бақылау жасайды.
Қаңтар айында өтетін ҰБТ бірінші кезеңінде Республика бойынша 99 пункт, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша 4 пункт (Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау және Бейнеу аудандары) жұмыс жасап, 5170 мектеп бітіруші түлектер тестілеуден өтеді.
Іс-шараның әділ, адал өтуі мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мен қоғам белсенділеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі