Home » Білім және заң » Мұғалім мәртебесі-ел мәртебесі

Мұғалім мәртебесі-ел мәртебесі


  «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан қолдау тауып қабылданды.
  Алматы қаласы Жетісу ауданы №102 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері 11 қаңтар күні Осы Заң жобаларымен педа­гогтерді таныстыру, өз ойларын ортаға салу мақсатында мектеп мұғалімдері қатысуы­мен дөңгелек үстел өткізілді. Заңның әрбір бабы толық қарастырылып, түсінік берілді.
Әзірленген заң жобасының Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың орта білім беру жүйесін дамыту және білім сапасын арттыру жөніндегі алға қойған міндеттеріне жауап беретіні мұғалімдерді шынайы қуантты. Себебі, осы Заң жобасының негізгі идеясы — мұғалімдердің жүктемесін азайту, оларды өздеріне тән емес жұмыстарды орындаудан босату, олардың өзін-өзі дамытуға және шығармашылықпен шұғылдануларына мүмкіндік беруі ұстаздар қауы­мының оқушылардың таным-тәрбиесіне, білім сапасына аса мән беруіне жағдай жасайтыны талқыланды. Бұған қоса, мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын ұлғайтуға, педагогтік шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар осы мамандықтың жастар жағынан кең көлемде таңдалуына және жұмыстарына жауапкершілікпен жандасуларына жол ашатыны жас мамандар тарапынан қолдау тапты.
ҚР Үкіметі басшысының айтуынша, жалпы заң жобасын іске асыру мұғалім мамандығының мәртебесін арттыруға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, педагогтар үшін әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жасауға жол ашады.
Тұрғын үй, медициналық сақтандыру, зейнет жасы, мұғалімдердің жүктемесін жеңілдету, мұғалім мен ата-ананың міндеті, құқығы тұрғысындағы, мектеп мұғалімі міндеті, еңбек ақысы және де біліктілікті тексеруге арналған тестке байланысты  пікірлер талқыланып,  өзекті мәселелер айтылды.
Педагог – болашақ прези­денттің, ғарышкердің, мемле­кетіміздің кез келген азаматының өмір жолына жолдама беретін тұлға. Сондықтан бұл заңның саяси, әлеуметтік мәні үлкен,    қоғамның өсуіне септігін тигі­зе­рі анық. Біз  №102 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қолдаймыз, барлық күш-жігерімізді салып жұмыс істейміз.

Математика пәні мұғалімі: Ауэлбекова Г.У.
Әлеуметтік педагог және тарих пәні мұғалімі: Досжан Г.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.