Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі БЖБ және ТЖБ жүргізу

Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі БЖБ және ТЖБ жүргізу

Маңғыстау облысы  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Сулейменова Айгүл Дайханқызы

   Қазіргі уақыттағы қиын жағдайға қарамастан білімді алдыңғы орынға қойып, аз ғана уақыт ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа өзгеріс — қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілді.Қашықтықтан оқыту кезінде БЖБ/ТЖБ–ны  әдеттегі  режимде  жүргізуге мүмкіндік жоқ. Жиынтық бағалау — белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі. Қойылған балл негізінде оқу кезеңі  және жылдық бағалар бойынша автоматты түрде есептеледі. Қашықтықтан оқытуға байланысты IV тоқсан бойынша БЖБ/ТЖБ-ны Online Mektep платформасы арқылы алуды  жөн көрдім. Ол үшін  Online Mektep  парақшасында орналасқан  БЖБ/ТЖБ  бөліміне кіріп сабақты,   сыныпты, оқыту тілін  таңдадым.  Бөлім бойынша жиынтық бағалау құру үшін  Жаңа БЖБ/ТЖБ,  Менің  БЖБ/ТЖБ   немесе  Ы.Алтынсарин атындағы  Ұлттық білім беру академиясы   ұсынатын   БЖБ/ТЖБ-ның  нұсқалары берілген. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды құруда Менің  БЖБ/ТЖБ-ым  бөлімін  басшылыққа ала отырып  математика   пәнінен   «Уақыт бөлімі бойынша жиынтық бағалауды»  Online Mektep платформасында  құрастырдым. БЖБ-ны алудағы  мақсатым оқушылардың «Уақыт бөлімі бойынша» алған білімдерін  тексеру.
Орындау уақыты  20 минут.
Бөлім
«Уақыт бөлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар»
Оқу мақсаты:
3.1.3.3 Шамалар мәндерін уақыт (сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау.
Бағалау критерийі
Білім алушы:
Уақыт өлшем бірліктерін салыстырады;
Уақыт өлшем бірліктерін түрлендіреді;
Уақыт өлшем бірліктерімен амалдар орындайды
1-тапсырма     Салыстыр. Жұлдызшаның орнына дұрыс таңбаны қой.
5сағ 30 мин * 240 мин;
1 тәул. 10 сағ * 48 сағ;
110 сек * 2 мин;
450 жыл * 5 ғасыр.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИйІ
Уақыт өлшем бірліктерін салыстырады.
ДЕСКРИПТОРЛАР   ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ
Уақыт өлшем бірліктерін салыстырады: сағат және минут; 1
Уақыт өлшем бірліктерін салыстырады: тәулік және сағат;  1
Уақыт өлшем бірліктерін салыстырады: минут және секунд; 1
Уақыт өлшем бірліктерін салыстырады: жыл және ғасыр.  1
2 — тапсырма Өрнекте.
2 cағ 45 мин = … мин;
3 тәул. 9 сағ = … сағ;
360 сек. = … мин.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИйІ
Уақыт өлшем бірліктерін түрлендіреді.
ДЕСКРИПТОРЛАР   ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ
Сағатты минутпен өрнектейді;   1
Тәулікті сағатпен өрнектейді;     1
Секундты минутпен өрнектейді; 1
3- тапсырма. Есепте.
 3 мин 18 сек + 33 сек =
3 тәул. – 18 сағ =
5 ғасыр – 270 жыл =
БАҒАЛАУ КРИТЕРИйІ
Уақыт өлшем бірліктерімен амалдар орындайды.
ДЕСКРИПТОРЛАР  ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ
Шамалардың қосындысын есептейді: минут пен секунд.1
Шамалардың айырмасын табады: тәулік пен сағат.  1
Шамалардың айырмасын табады: ғасыр мен жыл.1
Тапсырмалар енгізіліп, сақталғаннан кейін сыныбымдағы оқушылар өзінің  ЖСН  және парольдерімен кіріп тапсырмаларды орындады. Мен мониторинг бөліміне өту арқылы оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеріп, ұпайларын қойып отырдым. БЖБ қорытындысы, оқушылардың неше минутта орындап болғаны  автоматты түрде шығады. Мұғалім оқушыға пікір жазып жіберу арқылы әр оқушы өзінің алған ұпайларын  көре алады.
Қашықтықтан оқыту кезінде БЖБ/ТЖБ  өткізу үшін оқушыларға тапсырмаларды ыңғайлы байланыс құралдарымен жіберу керек. Бұл электронды пошта, мессенджерлер Online Mektep,ok.edus.kz т.б. Оқушы орындаған тапсырманы өзіне ыңғайлы тәсілмен оқытушыға жіберуі тиіс. Мұғалім оқушының жұмысын тексеріп тиісті ұпайын қояды. Қорыта келе , қашықтықтан оқыту кезіндегі БЖБ/ТЖБ жүргізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі  Online Mektep. Online Mektep платформасында БЖБ-ны алып оқушылардың қорытынды бағасын шығару маған оңай болды. Қашықтықтан оқыту кезінде Online Mektep платформасы арқылы IV тоқсан  бойынша  ТЖБ-ны  оқушыларым жоғары деңгейде орындайды  деген ойдамын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.