Home » Мақалалар » Нұр-Сұлтан қаласының экологиясы

Нұр-Сұлтан қаласының экологиясы

  Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы
86 мектеп-гимназиясы
Ерінбет Ғанимат Алдабергенұлы

 

Қаланың орнықты дамуы оның экономикалық әлеуетінен, жер, адам және басқа ресурстарының болуынан ғана емес, сондай ақ қалалық экожүйесінің жағдайына да тәуелді. Осылайша, Гидрометеорология орталығының деректеріне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының экологиясы 2011 жылмен салыстырғанда бірқатар жақсарды. Егер 2011 жылы ауаның ластану индексі  АЛИ=4.7 болса, онда 2012 жылы АЛИ=4.28 құрады.
Салыстыратын болсақ: Алматыда АЛИ=21.1. Республика бойынша АЛИ =5.6 құрайды.
Қала ауасын ластаушылардың негізгі үш көзі -бұл стационарлы түрлері (ЖЭО, қазандықтар) , автокөлік және ұйымдастырылмаған ластау көздері (құрылыс алаңдары, өндіріс алаңдары, цемент нүктелері, асфальттік бетон зауыттар және т.б), әрқайсысының үлесі диаграммада ұсынылған.
Өткен жылдар деректеріне сәйкес Нұр-Сұлтан  қаласындағы стационарлы көздерден шыққан ластаушы заттар көлемі төмендеу тенденциясына ие. 2019 жылы бұл тенденция сақталады және қала экожүйесінің ауа құрамына ластаушы заттар эмиссиясы 42 мың тоннаға дейін азаяды деп күтілуде. Қозғалмалы көздерден болатын эмиссиялар керісінше өседі: 2013 жылы олар 60.6 мың тоннадан асты, ал 2012 және 2011 жылдары сәйкесінше 44.1 мың және 46.2 мың тоннаны құрады. Ұқсас ахуал Қазақстанның барлық ірі қалаларында байқалады, онда автокөліктің ауа бассейіні ластауға салымы соңғы жылдары 60%және одан астам, ал Алматыда жалпы шығыстардың 80%құрайды.
Нұр-Сұлтанда қозғалмалы көздердің үлесі 55% асты, бұл автомобильдер санының тұрақты өсуімен байланысты, сондай ақ шығысы экологиялық нормалардың жол берілетін мөлшерінен асатын машиналардың ескі үлгілерінің бар болуы мен пайдаланылуына байланысты. 2010 жылы 120 мыңнан астам, 2011жылы-160 мыңнан астам машина, 2018 жылы 300 мыңнан астам тіркелген автокөлік болды.
Ауаны ластаушы заттардың шығарылуын азайту үшін келесі шаралар атқарылады:
ЖЭО-2 мен ЖЭО-1 қазандықтарының күл ұстаушылары қайта жөнделді.
Көлік құралдарының бір бөлігі газ жанармайына көшті. 250 карбюраторлы қозғалтқыштары бар шағын автобустардың 165 (немесе 66%)газ жанармайымен жұмыс істейді, қаланың коммуналдық кәсіпорындарында 120 машина газға көшірілген.
Қаланың барлық жолаушылар кәсіпорында қозғалмалы құрам жаңатылған «Газель» маркілі шағын автобустар мен карбюраторлы қозғалтқыштары бар ескірген үлгідегі автобустар ауыстырылған. «EURO-3» «EURO-4»   улағыш заттардың еуропалық стандарттарына жауап беретін және зиянды өнімдерді шығарудың ең төмен дәрежесіне ие дизельді қозғалтқыштары бар автобустар сатып алынды.
Үлкен жүкті және технологиялық көліктің қаланың орталық бөлігінен шығару бойынша шаралар қабылданды, нақты рұқсат беру жүйесі белгіленді, автокөлікті пайдаланғанда экологиялық талаптарды сақтауға мерзімді тексерулер жүргізіледі.
Су сапасы бойынша 2007 жылы   екінші Нұр-Сұлтан классқа жатқызылды (таза), жоғары жатқан судың ластану индексі (СЛИ) 0.94 құрады (2006жылы СЛИ=0.97) .Салыстыру үшін: Алматыда СЛИ=2.15  (3 класс, орташа ластанған) , республика бойынша-2.62 (4 класс, ластанған) . Су ластанудың негізгі себебі өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар, сондай -ақ жүк және жеңіл автомашиналарды ашық су қоймаларында жуу фактілері болып табылады.
Су ресурстарының сапасын жақсарту үшін:
Тазарту құрылыстары мен үш насостық станцияны салынды..
Жыл сайын «Нұр-Сұлтан қаласының жер беті суларының гидрохимиялық мониторингісін жүргізу» іс- шарасы іске асырылады.
Қаланы көгалдандыру және абаттандыру бойынша -жалпы мақсаттағы жасыл желектердің негізгі бөлігі ағаштарға, талдарға және көк алаңдарға берілген.
Нұр-Сұлтан қаласының шекарасы бойында жасыл аймақтарды енгізу қарқыны

Покозатели201420152016201720182019
Жыл бойында отырғызылған орман, га70025004500470051005000
Жасыл аймақтың аумағы барлығы, га5370.77618.310173.811357.413904.215723.4

  Қаланы одан әрі көгалдандыру және абаттандыру үшін келесі шаралар қабылданған:
Астана қаласының қала шеті аумағында және негізгі көлік магистралдары бойында ландшафты желектерді құру бойынша жобалау- іздестіру жұмыстары жүргізілді және тиісті шаралар қабылданды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.