Жансая Нартайқызы сұқбатыңызға үлкен рақмет!
Білім жолында асар асуыңыз биік болсын деймін!
Сұқбаттасқан:«Білім айнасы»
Алматы қаласының тілшісі Бағашар Жадыра
«Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы»-деп дана қазақ бекер айтпаған. Бұған бүгін тағы көзім жетті. Мектеп табалдырығын аттаған соң,күнде қоңыраудың сыңғырын естиміз.Он бір жыл білім алу ұзақ боп көрінгенімен,көзді ашып-жұмғанша өте шығады.Қазір «қап» деп күрсініп жүрген күнімізді,кейін «қайран кездер-ай»- деп еске алатынымыз айдан анық.Оқушы кезімізде өмірімізде үлкен рөл атқаратын киелі қызмет иесі-Ұстаз.
Ұстаз-адам жанын нұрландырып,сан түрлі нәрседен құлағдар етіп,дүниетанымымызды кеңейтін жалғыз тұлға.Ендеше,сол жанашырларымыздың өшпес мұратын қадірлеп, қамтып ,жазып отырсақ сауапты іс емес пе?
Сізбен біз күткен бүгінгі сұқбатымның кейіпкері Абушахмаева Жансая Нартайқызы. Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты, Ақбұлақ шағын ауданындағы №154 И.Қ.Мандоки атындағы мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Үкілеген үміт. Уақытпен жарысқан жан.Шамасы менімен жасты қыз. Тура тауыппын, жас маман екен. Жанарындағы отты көріп, әңгімеге тарттым:
Әңгіменің кіріспе бөлімін өзіңізден бастасақ:
Мен, Абушахмаева Жансая Нартайқызы, 1996 жылы 12 қаңтарда ОҚО Шымкент қаласында дүниеге келдім. Жанұяда төрт жанбыз: әкем, анам, сіңілім және мен. Негізі, ата-анам Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына қарасты, Бірлік елді мекенінен. Қарапайым отбасынан шыққанмын. Әкем Исмайлов Нартай 1966 жылы туылған, мамандығы техник- электромеханик. Анам Абсаттарова Айгүл 1972 жылы туылған, мамандығы бас есепші. Ал, сіңілім Әбушахма Мөлдір 1997 жылы туылған, мамандығы – стандарттау, метрология және сертификаттау.
2014 жылы Бірлік аулындағы №55 С.Қожанов атындағы орта мектепті үздікпен бітіріп, Алматы қаласындағы Абылай хан аындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетіндегі, шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша 2018 жылы бакалавр дәрежесін аяқтап, қазіргі таңда сол оқу орнының магистрантымын. Сонымен қатар, Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты, Ақбұлақ шағын ауданындағы №154 И.Қ.Мандоки атындағы ЖББ мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімімін.
Еңбек жолыңыздағы қалыптасқан кезеңге тоқталып өтсеңіз:
2016 жылы, 2 курсты аяқтап, еңбек жолына деген алғашқы қадамымды балабақшадан бастадым. Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы «Зердеш» жеке балабақшасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқардым.
2017-2018 оқу жылында яғни, 4 курс студенті кезімде, Әуезов ауданындағы, №175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясында ағылшын пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасадым.
2018 жылдың қазан айынан бастап қазіргі таңда Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты, Ақбұлақ шағын ауданындағы №154 И.Қ.Мандоки атындағы ЖББ мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі және педагог модератор санаты бойынша қызмет атқарып жатырмын. Қызметтік өтілім – 2 жыл.
Оқушылармен жұмыс барысында қолданатын қағидаңыз
Оқушылармен жұмыс барысындағы ең басты қағидам — оқыту тәжірибемен тікелей байланысты болуы керек деп есептеймін. Ия, теориялық білім бар. Бірақ әрбір теория іс жүзінде қолдануды көздейді. Біз пайдалы деп санайтын ақпаратты ғана есте сақтаймыз. Біз жай ғана қарапайым істермен айналыстық және біз үшін практикалық құндылығы бар нәрсе болды. Ми осы ақпаратты есте сақтады. Практикалық, өмірлік оқыту бар, себебі біздің ақыл-ой қоршаған әлемнің мағынасын түсінуге ұмтыла отырып, ақпаратты үнемі өңдейді. Оқушы білетін материал практикамен тығыз байланысты болған сайын, ол оны жақсы біледі. Оқу үшін біз жаңа білімнің біздің өмірімізбен байланысын көруіміз керек. Олар біздің жеке тәжірибемізге қатысты болуы керек. Сондықтан да жаңа білім біздің мәдениетпен байланысты болуы керек. Егер оқу жоспары оқушылардың мәдени ерекшеліктерін ескермесе, ол оларға практикалық маңызы болмайды- деп ойлаймын.
Осы тұста жеткен жетістіктеріңізге тоқтала кетсек
Сертификат. 5-27 ақпан 2020 ж. Польша мемлекеті, Пшасныш қаласы, Лингвистикалық – техникалық университетінде 72 сағаттық ғылыми тәжірибеден өткендігі үшін берілді
Мақаласы: «Шеттілдік білім беруде студенттердің мотивациясын аутенттік бейнебаяндар мен фильмдер арқылы дамытудың стратегиялары», 8-10 сәуір 2020 ж. Германия мемлекеті, Мюнхен қ., конференциясына қатысқан және журнал бетінде жарық көрген.
Сертификат. Мақаласы: «Шеттілдік білім беруде студенттердің мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттілігін дамытуға арналған аутенттік бейнебаяндар мен фильмдер топтамасын қолдану», 2020 ж. Шымкент қ., конференцияға қатысқан және журнал бетіне жарық көрген.
2019 жылы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі иегері және «Құрмет грамотасы» иегері
«Жастар жылы»аясында «Жас мамандар» арасында өткізілген байқаудың 1 орын иегері және «Жас маман» төсбелгісінің иегері
«Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы құрметіне арналған «World of peace» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестіктің «Ұстаз даңқы — 100 есім» төсбелгі иегері және 100 есім кітабына енді
2019 жылы 4-7 қараша аралығында Өзбекстан мемлекетінің астанасы рухани Ташкент қаласында өткен «Халықаралық ғылыми конференцияға» қатысып, өз ғылыми мақаласын қорғап, гран при жеңіп алады.
2020 ж. «Құрмет грамотасы», «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы құрметіне арналған «World of peace» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестіктің ұйымдастыруымен «Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына» арналған байқауға үздік оқушылар дайындағаны үшін;
- 2020 жыл 6-7 қаңтар аралығында Қырғызстан мемлекетінің астанасы Бішкек қаласында өткен «Халықаралық ғылыми конференцияға» қатысып, өз ғылыми мақаласын қорғап, гран при жеңіп алады.
- Мақаласы: Шеттілдік білім берудегі аутентті видеолар мен фильмдердің рөлі, «Білім айнасы» журналы, 2019 жыл қыркүйек.10-12 бб
- Құрмет грамотасы «www.tio.kz» Республикалық Дәстүрлі интернет олимпиадасында оқушылары 80 пайыздан жоғары нәтиже көрсеткендігі үшін ,25.01.2019 ж Тіркеу нөмірі: 77044597
- Диплом «Болашаққа сенімді қадам» атты оқушылар арасында ағылшын тілінен аудандық олимпиадаға қатысып, белсенділік танытқаны үшін ІІІ орын игереі Жақашбаев Әмірхан
- Certificate «Advancing learning seminar series» Date: 24.04.2019
- tio.kz Мухаммад Еркінбек #A-0023106 , 25.01.2019
- tio.kz Нұрай Әбдіманап #A-0023103 , 25.01.2019
- tio.kz Есіл Сәулетов #A-0023081 , 25.01.2019
- tio.kz Толғанай Жұмақан #A-0023092 , 25.01.2019
- tio.kz Лаура Өмірбек #A-0023096 , 25.01.2019
- tio.kz Әмірхан Жақашбаев #A-0023100 , 25.01.2019
- Алғыс хат «talaptylar.kz» үздік шәкірттер дайындағаны үшін
- «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен марапатталды, talaptylar.kz
- Диплом І-дәрежелі «Ғылыми жоба» атты байқау, kz. 2019 жыл наурыз айы
- Диплом І-дәрежелі «Үздік сабақ жоспары» атты байқау, kz. 2019 жыл наурыз айы
- Мақтау қағазы- №154 мектеп «Білім беру саласына қосқан үлесі үшін»
— Сертификат за участие в международном тренинге «National geographic learning» Date: 16 May.2019
Сертификат «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың білімділік нәтижелеріне жету сапасын бағалау бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» Уақыты: 15.09.2018 Тіркеу нөмірі: 0244436
Сертификат «Республикалық «Білім айнасы» газетінің ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар тренингіне қатысып, БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін меңгерді» 2019 жыл
Алғыс хат «Өрлеу» БАҰО» белсенді ынтымақтастығы үшін 10.2018 жыл Тіркеу нөмірі:1799
- Certificate «Motivating pre-primary and teenage learners» Date: 09.06.2016 Hours: 2
- Cертификат «Развитие критического мышления учащихся через использование новых форм и методов обучения» Алматы,22 ноября,2018
- Алғыс хат «Болашаққа сенімді қадам» атты оқушылар арасында ағылшын тілінен аудан аралық олимпиадаға үздік оқушылар қатыстырғаны үшін, Алматы,2019 жыл
- Сертификат «www.tio.kz» Республикалық Дәстүрлі интернет олимпиадаға қатысқандығы үшін ,26.01.2019 ж Тіркеу нөмірі: А-0023486
- Сертификат USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайытында
«Шеттілдік білім берудегі аутентті видеолар мен фильмдердің рөлі» атты мақаланы жариялады.
Мамандық таңдау мүмкіндігі берілсе тағы да мұғалімдік мамандығын таңдар ма едіңіз?
Мен – педагогпын. Мен балалық шағымнан мұғалім болуды армандап өстім. Мектеп қабырғасында жүргенімде тақталарға жазып, сабақ түсіндірген апайларға қарап өте қатты қызығатынмын. Менде тезірек есейіп, оқушыларға сабақ беріп, білім нәрімен сусындатсам деп ойлайтынмын. Бала күннен армандаған арманым орындалды деп ойлаймын. Мен тағы да мамандық таңдау мүмкіндігі берілсе, еш ойланбастан қайта мұғалім болар едім.
Кешегі және бүгінгі армандарыңызға тоқталайықшы
Бала кездегі Жансаяның арманы мұғалім болу еді. Ал, қазіргі таңдағы арманым қыз бала болғандықтан жақсы бір жігітке тұрмысқа шығып, салихалы отбасын құрып, ана атанып бала сүю.
Бойыңыздағы біз білмейтін жақсы-жаман қасиеттеріңіз бар ма?
Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. Жақсы қасиетім – көпшілмін. Жаман қасиетім – тез ашуланып қаламын, интровертпын.
Мектеп жылдарындағы қызықты кезеңдерді еске түсірейікші
Балалық шақтың ең қызықты, есте қалатын кезеңдері ол — мектептегі күндері. Сол кезден есімде қалған бір қызық оқиғамен бөлісейін. Мектепте ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралар кезі болатын. Жаңа жыл мейрамының кезі. Әр жылда болатын осы кеште қасымда Ерғали деген жігіт отыратын.Енді жаңа жылдық мерекелік кешімізді бастағалы жатқанымызда, торт кесіп таратып жатқанда, сыныптасым алдыма тортты түсіріп алмасы бар ма? Содан сол бүлінген көйлекпен мерекелік кешке қатысып шығып едім.
Езуімізге күлкі сыйладыңыз.Ұмытылмас ерекше сәттер екен. Сөзімізді қорытындыласақ, ұстаз болу..
Барлық уақытта ұстаз болу — бұл ең қажетті және ең күрделі мамандықтардың бірі. Оны таңдап, адам өз өмірін балалармен байланыстырады. Ол оқуға үйретіп қана қоймай, өз білімін беріп қана қоймай, сонымен қатар балаға осы қиын әлемде өзін табуға көмектеседі, оның көзқарастарына әсер етеді, мінез-құлқы мен тұлғасын қалыптастырады.