Home » Жаңалықтар » «Өрлеу»- СҚО  елдің ғылыми қоғамдастығында

«Өрлеу»- СҚО  елдің ғылыми қоғамдастығында

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұран-Астана университетінің ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқытудың инновациялық және педагогикалық аспектілері» атты республикалық онлайн ғылыми-практикалық вебинар өткізілді.

Аталмыш вебинарға еліміздің танымал оқу орындарының ғалымдары (Тұран-Астана университеті, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Еуразия техникалық университеті) және  «Өрлеу» СҚО бойынша филиалының директоры Мырзалинова Алма Жәкімқызы қатысты. Алма Жәкімқызы «Дағдарыстан шығу жолында өзін нығайту: Н. Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласының тұжырымдамалық ережелерді тарта отырып тәрбиеге деген көзқарас,- деген тақырыпта баяндама жасады.  

Мұндай игі шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты ел басына түскен ауыртпашылықты жеңілдету,  күш-жігерді біріктіру ғалымдардың ой-тұжырымдарын олртаға сала отырып, қашықтықтан оқыту және инновациялық ойлаудың деңгейін арттыру болып отыр. Бұндай шараларды өткізу үйде отырып қашықтықтан білім беріп жатқан ұстаздарға рухани, педагогикалық-психологиялық қолдау болып есептеледі. Вебинарға қатысып, салиқалы да, салмақты пікір айтқан ғалымдардың пікірі тыңдап отырған магистранттар мен студенттерге өмірлік азық болады.

 

Сонымен қатар СҚО бойынша «Өрлеу» филиалында «ACTUALIS: білім беру» электрондық анықтамалық-сараптамалық жүйесін және республикалық білім беруге арналған журналдарды таныстыру бойынша вебинар өтті.

Вебинарға облыстың 53 балабақша меңгерушілері мен мектеп директорлары қатысты. Мұндай іс-шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.  Білім берудің сапасын арттырып, өз тәжірибелерімен бөлісу үшін өткізілген вебинардың маңызы зор.

СҚО бойынша «Өрлеу» филиалы «ХҚЭДО-Қазақстан» кәсіби медиа саласындағы ірі компаниясымен көпжылдық ынтымақтастығының нәтижесі». Филиал директоры, п. ғ. д., профессор А. Ж. Мурзалинова аталмыш екі журналдың редакциялық алқасының мүшесі болып табылады. Өңіріміздегі  мұғалімдер журналдармен ынтымақтастықта жұмыс жасап, өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Өткізілген вебинардың өзектілігі мынада: қашықтықтан оқыту жағдайында электронды анықтамалық жүйелерді қолдану, жетекші республикалық ақпараттық-әдістемелік журналдарда педагогтардың әдістемелік, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін тұрақты жариялау, СҚО білім беру ұйымдарына ақпараттық қолдау көрсету.

Вебинарда компанияның электрондық өнімдері ұсынылды. «ACTUALIS: білім беру», «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы», «Білім беру мекемесі басшысының анықтамалығы», «Білім беру ұйымының әдіскері», «Сынып жетекшісінің анықтамалығы»,  «Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» т.б. журналдар.

Жетекші спикерлер – Тамырлан Аманжол – «ACTUALIS» анықтамалық жүйесі бойынша топ жетекшісі және Гүлжазира Ақбаева – электрондық журналдар бойынша топ жетекшісі (Алматы қ.).

Президент ретінде қатысушыларға көрсетілген электрондық өнімдердің VIP тарифіне тегін демо-қол жеткізу ұсынылады.

Алдағы уақытта да СҚО бойынша «Өрлеу» филиалымен ынтымақтастығы жалғасатынын айтты.

Өткізілген екі вебинардың да мақсаты айқын. Бұндай шаралардың жиі ұйымдастырылып отыруы теріскейлік ұстаздардың қашықтықтан білім беруі ғана емес, оқып білім алуы, іс-әрекет жасап, басқа әріптестерімен ой-бөлісіп, тәжірибе алуына да үлкен мүмкіндік береді.

Қазақстан республикасы журналистер
одағының мүшесі
Көкбасқызы Жазира
«BILIM AINASY»,
СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.