Наурыз айының 21-күні — Халықаралық Даун синдромы бар адамдар күні. Бұл күн бекер таңдалған жоқ. Даун синдромына шалдыққан адамдарда 21-хромосоманың жұбы емес, үшеуі болады. Бұл генетикалық артықшылық оларды өзгеше етеді.
Даун синдромы бар балалардың әрқайсысы ерекше. Олардың өзіне ғана тән мінезі, мүмкіндігі, қызығушылығы болады. Қабілеті әртүрлі болғандықтан, бірі үйреткеніңді жылдам меңгеріп алса, кейбірі қосымша дерттеріне байланысты меңгере алмайды.
Бұл балаларға ерте көмек бағдарламасы бойынша нақты түзету жұмыстары жүргізілсе, медициалық көмек көрсетілсе, түрлі жаттығулармен шұғылданса, арнайы білім алса осы тұлғалардың жеке адам болып өмір сүруіне көп мүмкіндіктер ашылар еді.
Ерте көмек даун синдромы бар балалардың даму мүмкіндігін жоғарлатады. Даун синдромды балаларға бірден –бір көмек Монтиссори бағдарламасымен жұмыс жасайтын мекемелер болып табылады.
Танымдық процесті дамытуға, кеңістікті бағдарлауға, қоршаған орта туралы түсінігін молайтуға ,ұсақ моториканы дамытуға,заттарды салыстырып, топтастыруға, математикалық ұғымдарды меңгертуге де әр түрлі жаттығулармен ойындар қолданылады.Түзетіп –дамыта оқыту ойын түрінде көрнекі құралдар арқылы жүргізілсе нәтижелі болмақ.
Аз нәрсенің өзі бала үшін көп болады !
Баланың бір нәрсені көріп, оны қолына ұстап қарағаны, қозғағаны, оның дамуына ықпал етеді. Себебі бұндай балаларда жаңа ойыншықтарға қызықпайтын, қызығушылық қабілеті болмайтындары да болады.
Әрбір ойынды ойнаған сәтте оны ұзаққа созудың қажеті жоқ. Себебі эмоциялық іс-әрекет бұл балаларда сақталған. Бірақ бұл балаларда тез ауытқушылық, алаңдаушылық , әлеуметтік стимулдың тапшылығы,сөздік қоры өте аз болады.Сол себептен бұндай балалармен жұмыс істеген де , осының бәрін ескеру қажет .
Күн сәулелі балалар үшін ата-ананың және арнайы педагогтардың мейірімі өте маңызды, сол себепті үмітті үзбей, қолдан келгеннің бәрін аямайық.