Home » Жаңалықтар » Мерекеде аналар үйіне кітап сыйлады

Мерекеде аналар үйіне кітап сыйлады

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашылары және «Bookstart» жобасының қатысушылары 8- наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс орталығындағы «Аналар үйіне» барды. Олар жас аналарды құттықтап, бүлдіршіндерге кітаптар мен ойыншықтар сыйлады.

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Bookstart» авторлық жобасы ата-ананың көмегімен бала бойына кітап оқу мәдениетін сіңіруді көздейді. Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі биыл үшінші жыл қатарынан бұл жоба бойынша «Аналар үйіндегі» балаларға кітап сыйлап келеді, — дейді аға-кітапханашы Жанар Бахитова.

«Bookstart» жобасының тұрақты қолдаушы оқушылары 15 кітап сыйлап бүлдіршіндерге қосымша ойыншықтар да табыстады.

  • Аналар үйінің бүлдіршіндерінің жасы кішкентай болғандықтан көбінесе ертегі, бояуы қанық, жұқа мұқабалы кітаптарды сыйлауға тырысамыз. Өйткені күрделі кітаптарды түсіну балаларға қиын. Аналар бос уақытында кітаптарды оқып беріп, өзара тіл табысады, бір-біріне жақындай түседі, — дейді кітапханашы Динара Қайратбекқызы

Оқушылар аталған жобаға қатысқандықтарына өте қуанышты екендерін айтады.

Аналар үйіндегі балалар ауысып тұрады. Сондықтан әр барғанда әртүрлі бөбектерді жолықтырамыз. Ойыншықтар сыйлап, олармен ойнап, көңіл-күйіміз көтеріліп қалады, — дейді 12-сынып оқушысы Нұрсая Сарғожаева.

Ақтау қаласындағы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.