Сарсенбекова Асемгул Рахимжановна
Астана қаласы әкімдігінің
№ 63 «Әсем — Ай» балабақшасы,
ортаңғы топ тәрбиешісі
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау.
Баласын жан-тәнімен сүйетін ата-ананың міндеті – бөбегін таным жолына жетелей отырып, оның өздігінен әрекет жасау құқығын қуаттай білу, үнемі жетіліп отыруына мүмкіндік беретін орта қалыптастыру болып табылады.
Ондай орта, әрине, ұжымдық орта. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықтарымен, ата-анасымен, бауырлары, сыныптастарымен бірлесіп ойнау арқылы, қиялдарға беріліп, қызығушылығы артады. Қиялдау арқылы шығармашылық әрекеттерге қадам жасайды.
Бала ең алғаш мектепке келген кезде, біршама уақыт өзінің ойыншықтарын, бірге ойнаған достарын ұмыта алмай ойы соларға бөлініп жүретіні түсінікті жай.
Балабақшада баланың логикасын дамытуды жеделдететін, нақты геометриялық пішіндермен айлалы әрекеттер жасай отырып абстракты математикалық тұжырымдамаларды қабылдауына ықпал ететін жаңа мазмұндағы ойыншықтармен ойната отырып оқытқан жағдайда оның мектеп өміріне қызығушылығы арта түседі.
Бұл ретте қоғамдық тәрбиенің негізін салушы бүкіл саналы өмірін балабақша тәрбиелеріне «әрбір бала — өзінің мүмкіндіктеріне жету үшін лайықты білім беруді күтетін бірегей тұлға» — деп өз бағдарламаларын үйретуден жалықпаған Фридрих Фребельдің материалдарынан жасалған, көз жауын аларлықтай алуан түсті, экологиялық таза, ағаштан жасалынған математика, информатика пәндеріне арналған геометриялық фигуралар, ұшбұрыш, төртбұрыш, ромб, трапеция, ірі-майда дөңгелек айшықтар мен ұзын, қысқа кесінділерден т.б., бір комплектіде 14 бөліктен тұратын оқыту кезінде ойын элементтерін қолдануға ыңғайлы ойыншықтарды ұсынады. Геометриядан фигуралардан жұлдызшалар жануарлар, зәулім ғимараттар құрастыруда матемаикалық логиканың даму процесін жылдамдатуға логикалық ойлауды жүйелеумен бірге, логикалық операциялар сияқты негізгі ұғымдарды модельдеуге ықпалы зор. В. Давыдовтың «Балабақша баласының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі балалардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.
«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» — дейді В. Кириллова.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:
- Қызығушылығын арттыру;
- Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
- Шығармашылық ізденісін дамыту.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:
- Машық. Сергіту;
- Балалардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
- Іздену тапсырмаларын орындату;
- Балаларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
- Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар
- Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.
- Көру қабілетін дамытатын ойындар.
Керемет, тәрбие тал бесіктен ғой, өте жақсы екен. Балалардың дамуына аса маңызды ақпарат!!
Керемет тарбиеши! Балалармен жумыс жасау тартиби керемет! Менин 2 кызым да Асемгуль апайымызда тарбиеленди, екеуиде апайларын жаксы кореди👍 Улкен кызым али кунге деин есине алып отырады. Рахмет сизге апай
Өте білікті маман! Баланың әр күні қызықты ойындар мен өтеді. Қуана барады бала бақшаға! Ата анамен де баламен де тығыз байланыс орната біледі. Әр баланың қабылетіне мінез құлқына жекелей мән береді. Еңбегіңіз бағалана берсін! Үлкен алғыс!
Асемгуль Апай өз iciнiң бiлikтi маманы. Балалардың әр күнін түрлі ойындармен қызықты етіп өткізеді. Қызықты, ақпаратты мақала үшін ракмет.
Өте керемет жазылған мақала. Баланы қазіргі кезде тек ойын арқылы дамыту керек. Балалардың эмоционалдық дағдысына және шығармашылық дағдысына көп ден қою керек. Маңызды ақпарат үшін рахмет сізге
Әсемгүл Рахимжанқызының өз ісінің білікті маманы! Тамаша мақала! Балабақшадағы әр күніміз қызықты өтеді, баланың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту әр тәрбиешінің қолынан келе бермейтін дүние, сондықтан апайымызға алғысымыз шексіз! Баламыз үйге келген соң, қызықтап айтып береді күні қалай өткізгенін. Рахмет!
Асемгул апай оте биликти маман озинин саласында. Балармен жумыс жасауы оте керемет, кызыкты. Ар баланы куштарландырып жибереди. Кызым бала бакшага барамын, апайды жаксы коремин дегенинен байкаймын кандай апай екенин. Кунделикти жумысын айтып созбен жеткизсек мына парак толы болады. Барин айтып балам келгенде куанып Асемгул апайга тусенимизге куаныштымыз! Рахмет сизге! Енбегиниз жана барсен, жемисин коре бериниз! Ар баланыз оздери оскен сон сиздин алдынызга келип рахметтерин жаудырта берсин!
Асемгүл апай білікті, профессионал педагог! Еңбегіңіз жана берсін! Ақылды шәкірттеріңіз көп болсын!