Home » Мақалалар » Ақталған үміт

Ақталған үміт

Мамырхан Дәурен Ержанұлы
Алматы қаласы Алатау ауданы
№185 жалпы білім беретін мектептің
“қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінің мұғалімі

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
(Мағжан Жұмабаев)

Биылғы  жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, тәу еткен Тәуелсіздігімізге – 29 жыл, Желтоқсан оқиғасына – 34 жыл.

Қазаққа Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Біз оған ызғарлы 1986 жылы Желтоқсанда империя бодандығына қарсы Алматы қаласының орталық алаңына жиналған алаш айбынын асқақтатар қазақтың бұлқынған намысшыл жастарының арқасында қол жеткіздік.  Алаңға шыққан боздақтар Қазақстан компартиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орынына Қазақстанда бір де бір күн жұмыс істемеген, үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын есімі елге  белгісіз Геннадий Колбиннің тағайындауына қарсылық таныту мақсатында жиналып, бибіт түрде өз наразлықтарын  көрсету еді. Өзіне қарсы пікір айтылғанын көтере алмаған өкімет жыландай жиырылды.

   Ұлт намысын жоқтап, көкейдегісін өкіметке ашық айтқаны үшін темір таяқтарға жығылып, сапер күректерінен өлімші жараланған, шаштан сүйреліп, іштен тепкіленген қақаған аязда тастай суық сумен атқыланып өрт сөндіргіш машиналардың табан  жолында тапталаған, улы газдармен тұншықтырылып, итке таланған, аяусыздықпен ары зорланған қазақ қыздарымен намысы қорланған қазақ жігіттері оқиғадан соң жаппай қудалауға ұшырады. 17-18 желтоқсанда телеканалдар мен газет, журналдар қазақ жастары бұзақы, нашақор, маскүнем деп айыптап жарыса жазып жатты. Желтоқсан оқиғасынан кейін жастар оқудан шығарылып,  жұмыстан босатылып, түрлі жаламен сотталып одақтан да шығарылып жатты. Төл құжаттарына бүлікші деген таңбасы басылғанан кейін  туған тустармен қоса қудалауға ұшырап, қара жұмыстан басқаға жарамайтын болды. Оқиға құрбандары жайлы ақпараттар жым-жылас жоғалып  Қайраттың – қайсарлығындай, Ерболдың – ерлігіндей,  Ләззаттың – намыстылығындай қайран жас жаланың жолында мерт болды.  Сол алаңда болған рухты қазақ азаматтарын астыртын ұстапбергендер, жасырын марапаттар алып жатқандар да болды… Құлақ естіп, көз көрмеген мұндай демократиялық көтерілістен жалпақ әлем бей хабар жатты. Осы оқиға жөнінде жазуға, айтуға тыйым салды. Қазақ даласында болған сол қаралы үш күнге орай тікелей күнәhар өкімет басындағылар  өтірік ақпарат беріп жатты.  1985-1989 жылдар арасында болған көтерілістер жөнінде кезек –кезек талқыға түскен 1989 жыл съезде Алматыда болған «Желтоқсан қасіреті» туралы бірде бір сөз қозғалмады, тап бір қазақ даласында бұндай қанды қасірет болмағандай.

  Ұлтымның ұяты болған Әлихан Бөкейханов «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпаққа не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар» -деп, айтқан екен. Міне ХХ ғасырдың аса ауыр ең маңызды жүгін  Мағжан сенген  86-ның жастары арқалап қайсықан беледерін, бодандыққа бүкпей бүгінгі мына біздің болашағымызыдңың ақтаңы үшін ердің ері ғана көтеретін алпауыт жүкті ғасырдан ғасырға жеткізді.

   Желтоқсанда жастарымыз жастығын құрбан етті, бүгінгі ұрпақтың болашағы үшін, өздерінің жас өмірлерін қиды. Енді сол жастардың рухы разы болсын десек, біздер Егеменді елдігіміздің қадірін бағалап, бір тудың астында бірігетін,  іште қайнап жатқан рухымызды сыртқа шығарып, өзгелерге үлгі ететін кез келді. Өз елімізде қазақша сөйлеп, дініміз бен ділімізді ұмытпай, болашақ ұрпағымызға тəрбие беретіндей қызмет, амалдар жасайық.

Түркі  халқының  қаны  тулағанда тыңдамайды айналаны.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.