Ыбырай Алтынсаринның өміріне үңілсек қазақ халқына үлкен үлес қосқан. Ең алғашқы болып тұңғыш рет қазақ даласында мектеп ашқан, оқулықтар жазған, өзі сабақ берген. Ыбырай Алтынсариннің ең алғашқы оқулықтары орыс пен Европа елдері ағартушыларының әдіс – тәсілдеріне негізделіп жасалады.
Ыбырай алғаш рет мектебін ашты. Бұл қыздар мектебі, Ырғыздағы қыздар мектеп – интернаты деп аталады. Кейіннен Ыбырай Алтынсарин көп ізденіп, білімін жетілдіре, білім қорын молайта ағартушы жолына қадам басты. Ол өзінің қазақ халқы үшін сауатсыздықты түбімен жоймақ болды. Туған халқына пайдалырақ қызмет істеуді мақсат етті. Мектеп ашып, оған он төрт қазақ баласы кірді. Барлығы қазақтың қара домалақ балалары.
«Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім», — деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай Алтынсарин сабақ пен тәрбие жұмысын орыс мектептептері үлгісінде құрады. Сабақтарын қазақ тілінде жүргізеді. Сонымен қатар балаларды қосымша орыс тіліне үйретеді.
Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді. Ыбырай тәрбие мен білім жолында халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Оны қазақ балаларының жігерінен көреді. Қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды екеніне Ыбырай сол кезде білді. Сол ойы Ыбырайды сеніммен жұмыс істеуге шабыттандырды.
1860 жылы Жайық өңірінде қазақ балалары үшін төрт бастауыш мектеп ашылады. Ыбырай Алтынсарин сол мектептердің біріне мұғалім болып барады. Соның бірі Торғай мектебі болады.
Ыбырай Алтынсарин мектептер ашу мақсатымен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Ыбырай ізденіп оқу — тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Сол кезде қазақ халқы үшін мектеп ауадай қажет болды. Ал мұғалім- ең керектісі болды. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының болашағына зор сеніммен қараған. Ыбырай Алтынсариннің өміріне үңіле қарасам, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлең жолдары есіме түседі: «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, қараңғылықтың кегіне, күн болмағанда, кім болам» — деген екен.
Раева Мерей Рахымқызы
Нұр- Сұлтан қаласы
«Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжінің
қазақ әдебиеті оқытушысы, 1- ші санатты