Home » Мақалалар » Жаңартылған бағдарламаға жаңаша көзқарас

Жаңартылған бағдарламаға жаңаша көзқарас

Ұстаз деген –жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген –анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

           ХХI ғасыр – білім, ғалымның ғасыры. Еліміздің Еуразия жүрегіндегі  жаңа Қазақстанды өркендетудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш,еліміз үшін абырой екендігі ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіндігі, ұлттың ақыл-ойының ұйтқысы болатындығы көрсетілген. Бәсеке қабілеттіліктің басты көрсеткіші-білім. Ол білімнің кәусар бұлағы – ұстаз екені бәрімізге белгілі. Өмірдегі көп мамандықтың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та –ұстаздық мамандығы. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек деп ойлаймын.

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік, экономикалық өміріндегі түрлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында көптеген өзгерістер болыпжатқандығы баршамызға аян.

Бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтік шеберлік-дарынды талант» емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Осы қағиданы ұстана отырып, Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде мектептердегі «Қазақ тілі» нәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсында болдым. Курс шиыршықтап оқыту бағдарламасы бойынша жүргізілді. Алғашқы күндері мен үшін бағдарлама түсініксіз, қызықсыз болды. Курстан аларымыз өте көп екендігін ұғындым. Атап айтар болсам, жаңартылған бағдарлама да әрбір сабаққа оқу мақсаты айқын көрсетіліп берілген. Сонымен қоса өзімізге тиімді бірнеше әдіс-тәсілдермен» Ойлаудың алты қалпағы», «ДЖИКСО», «Айналмалы бекет», «Қабырғадағы рөл», «Жүгіртпе диктант», «Балық қаңқасы», «Оқырман семинары», «Блум түймедағы», «Постер», «Сөздік қоржын» сияқты әдіс-тәсілдерді пайдалана білсек, сабағымыздың жүйелі,сапалы боларына сенімім мол. Сондай-ақ бірнеше термин сөздермен танысып, куәсі болдық.

Бүгінгі күнгі ұрпақ – таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыны әлемде дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын,сондай-ақ өзінің өмірінің өзгерістеріне икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан да сауатты ұстаз шәкіртіне бүгінгі күнгі білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету – мұғалім үшін міндетті деп есептеймін.

Даусыз шындық таласта бой көрсетер,

Нағыз дана сөзімен жол көрсетер.

Болар шәкірт ұмтылып ой көрсетер – деп курсқа келгенге дейін «үздік мұғалім» болу үшін ең бастысы – оның білімі деп білдім. Берген біліміңді оқушылардан талап ете білсең, балалар да білімді болады деп санадым.

Алайда осы курсқа келіп бірнеше әдіс-тәсілдерді іс жүзінде көре отырып, ой түйгенім жаттанды, дәстүрлі білім балалардың шығармашылық қабілеттерін, сыни ойлау тұрғысын тежейтінін, алған білімдерін көп жағдайда, өмір белестерінде қолдана алмайтындарын түсіндім. .Нағыз ұстаз көшбасшы болу керек. Әрбір білім саласындағы басшы қызметкер, әрбір мектеп директоры, әрбір мұғалім көшбасшы болып, шәкірттердің бойына мемлекетшілдік,отансүйгіштік қасиеттерді сіңіре білгенде ғана Қзақ елі мәңгілік Елге айналады. «Адам мен адамды теңестіретін – білім» екенін Мұхтар Әуезов айтса, өзге дамыған елдермен тереземіз тең болуы үшін біз білім алаңында олармен тең дәрежелі болуымыз керек. Бәсекеге қабілетті елдер қатарында болуымыз үшін, ең алдымен, жастарымыздың білігі мен біліміне көңіл аударып, сандық көрсеткішке емес, сапалық көрсеткішке баса назар аударуымыз керек.Болашақтың мектебін бүгіннен қалайық,әріптестер. «Ұстаздық –ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай, бұған лайық болу –үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін.

 

Қамбарбекова Жаңыл Қамбарбекқызы,

    Алматы қаласы, Түркісіб ауданы

№198 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.