Home » Жаңалықтар » Қосыл, оқы, дамы!

Қосыл, оқы, дамы!

2020 жылғы 11 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» СҚО ПҚ Біліктілікті арттыру институты  Оқушылар сарайымен бірлесіп «Қосымша білім беру навигаторы: қосыл, оқы, дамы…» Live On Stage өткізді.
Жетекші идеясы — қосымша білім беру мобильді навигаторы құрылымынында Оқушылар сарайының ресурстарымен таныстыру және оның ауыл мектептері мен ерекше ЕББҚ бар балалар үшін практикалық маңыздылығын ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Әлеуметтік-педагогикалық тиімділігі: Оқушылар сарайы қызметінің ресурстары мен бағыттарын таныстыру негізінде ауыл мектептерінің оқушылары мен ЕББҚ бар балаларды күндізгі-қашықтықтан қосымша білім беру жүйесіне тарту болды.
Аталмыш кездесуге  ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р.П. Шер, ҚР Оқушылар сарайының директорлары, ауыл мектептерінің оқушылары, ЕББҚ бар балалар, ауыл мектептерінің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен  ата-аналар комитетінің өкілдері, қосымша білім беруге жетекшілік ететін аудандық білім бөлімдерінің мамандары, пән мұғалімдері қатысты.
Бірінші құрастырушылық-танушылық бөлімінде «Өрлеу» БАҰО» СҚО ПҚ Біліктілікті арттыру институты филиалының директоры А.Мырзалинова мен Оқушылар сарайының директоры Д. Әбілмажинова «Қосымша білім беру әр  Қазақстан оқушысының өмірінде болуы керек» тақырыбында конструктивті диалог өткізді.
Екінші «ҚББ контенті» бөлімінде Оқушылар сарайының әр түрлі бағыттағы Work Shop пен электронды сауалнама көрсетілді.
        Нәтижелі-рефлексивті бөлімде қатысушылар кері байланыс микрофонын пайдалана отырып, берілген сұрақтарға толық жауап алғаны үшін бір-біріне алғыстарын білдірді.
Іс-шара соңы «Қосыл, оқы, дамы» атты жалпы онлайн флешмобпен аяқталды.

А. Тайланова,
курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі,
«Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО бойынша филиалы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.