Home » Ашық сабақтар » Төтенше жағдай кезіндегі қашықтықтан оқыту үдерісі

Төтенше жағдай кезіндегі қашықтықтан оқыту үдерісі

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№2 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Құқық пәні мұғалімі
Алмагамбетова Айгерим Болатбековна

Елімізде жұқпалы вирустық індеттің таралуына байланысты халқымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, төтенше жағдай режимі (карантин) енгізілді. Бұл вирустық індеттің кең таралып әлем халықтарын дүрсілкіндіріп, барлық адамзатты есеңгіретіп тастады. Адамдар бір-бірінен оқшауланып тазалық шараларын қатаң сақтау басты талаптардың бірі болды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты барлық сақтық шараларын қолданып, халықтың  денсаулығын сақтау басты өзекті мәселеге айналды. Бұл індет елімізге үрей туғызды. Төтенше жағдай кезінде елімізде бір қатар шаралар мен шектеулер енгізіліп, инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды іс-шаралар қабылданып, қиын жағдайдан шығу жолдары қарастырылып жатты.
Халықтың тыныс – тіршілігі мен өмір сүру жағдайын  одан әрі қамтамасыз ету қажеттілігі туындап, мемлекет басшылары көптеген іс-шараларды ұйымдастырды. Төтенше жағдайдың енгізілуі  білім ордасына да үлкен қиындықтар туғызды. Мұндай жағдайда туындаған қиыншылықтардың бірі мұғалімдер білім  алушыларды қашықтықтан оқыту жүйсі болды. Білім министірлігі тарапынан түрлі қашықтықтан оқыту жүйелері енгізіліп, күрбеуі мол қиындықтардың бірден шешімі табылмай, әртүрлі кедергілерге тап болғаны бәрімізге мәлім. Осы жағдайлардың барлығы қашықтықтан оқытудың оңай еместігін ұстаздар жақсы түсінді. Алғашқы уақытта қашықтықтан оқытамыз деп ақпарат алаңына қарусыз майданға түсіп, күн-түні шайқастық десем артық айтпаған болармын. Бастапқы кезде қашықтықтан оқыту мүмкін емес іс сияқты болып талай күйзелісті  бастан өткіздік. Ата-ана үшін де әр  баласын қажетті байланыс құралдармен қамтамасыз ету оңайға түспеді. Бұл жағдай әсіресе көпбалалы отбасыларға көптеген кедергілер мен бірқатар қиындықтар келтірді. Ата-аналарда түрлі кедергілерге тап болып, жүйкелері сыр беріп,  айқай-шу болып қашықтықтан оқыту талаптарын еңсере алмай шағымдарын жарыса айтып жатты. Дегенмен ұстаздар мен ата-аналар өзара ерік, күштерін біріктіріп  барлық қиындықтарды еңсеріп, қазіргі уақытта ұстаздар қашықтықтан оқытудың қыр-сырын жетік меңгеріп, өздеріне жүктелген жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен орындап, тынымсыз еңбектің нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетуде. Дегенмен  әлі де болса, қашықтықтан оқытудың түрлі қиындықтары сабақ өту барысында байқалады.
Көп нәрсе оқушылар мен ата-аналардың жауапкершілігіне байланысты болады.
Ұстаздарымыз бен балаларымызға сенім білдіруге тиіспіз-деп Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетов ұстаздарға сенім білдіруі үмітті күшейтті. Қай кезде  де қиындықты бірлікпен еңсеріп, ұлт болып ұйыған халықпыз! Ел жұрттың амандығы болмаса, мың сан жиған дүние — мүлкіңнен не қайыр? Жасы бар, үлкені бар-бүкіл халық болып  уақыт жауапкершілігін мойынға алып, билік пен қоғамды жұмылдырып, «бір қолдың саласындай» ұжымдасып, әлемдік дертке қарсы тұру-әрі адамзаттық, әрі адамшылдық іс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.