Home » Жаңалықтар »    15-мамыр  Халықаралық отбасы күні

   15-мамыр  Халықаралық отбасы күні

          Жуырда Алматы қаласы, Жетісу ауданы  № 102 мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры Кержикеева Данагуль Рысбаевна: «Жиналыстың мақсаты :  Ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру»- деді.  Айта кету керек, ата-аналар жиналысы Халықаралық отбасы күніне арнайы жоспарланды. Қоғам үшін маңызды жиналыстың рөлі де жоғары болып тұр. Жиналысқа қатысушылардың қатарында : ата-аналардан бөлек, жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың өкілдері, демеушілер мен меценаттар болды.

Ата-аналар жиналысында мына мәселелер қарастырылды:

  • «Жыл табысы»республиканың,өңірдің мектептің білім беру жүйесіндегі жетістігі:
  • Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыру.
  • 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары;
  • Оқу процесін цифрландыру
  • Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.

2017-2018  оқу жылында Кіші бағдарламаны іске асыру шеңберінде өңір және мектеп қызметімен ата-аналарды  таныстырды.Сонымен қатар, «Тәрбие және  білім» кіші бағдарламасының өңірлік  және жобалық офисінің өкіліне сөз берілді.Аталған тақырыптар бойынша бейне роликтер көрсетілді. Мектептің жеткен жетістіктері көңіл толарлық.Ата-аналар бұған өз көздерімен куә болып қайтты.Алдағы жылдардан әлі де үлкен үміт күтетіндерін айтты.Иә, Мемлекетіміздің жарқын болашағы-жастардың қолында,білім айнасы ұжымы да бұған тілектес.

                                                                                                                Жадыра БАҒАШАР
                                                                                                                   Алматы қаласы
«БІЛІМ АЙНАСЫ»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.