Home » Жаңалықтар » Берекелі алтын күз

Берекелі алтын күз

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді.

 

Жуырда №18 «Балдырған»  бөбекжайында   «Бәйтерек»   тобында   дәстүрлі «Берекелі алтын күз» мерекесі өтті. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, осы ұйымдастырылған іс- шара ата-аналардың тікелей қатысуымен өткізілді. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. . Ата –аналар көбі жастар болғандықтан белсенді қатысты, сайыстың талаптарын орындап, балалардың үстіне мерекеге сай киім үлгілерін дайындап, көкөністер мен жемістерден түрлі қол өнерлерін паш еті, сайыс  нәтижесінде белсенді қатысқан  ата-аналар «Алғыс хаттармен» марапаттады, балалармен бірге өткізген есте қаларлық шара болды. Баланың ең керемет кезеңі бөбекжайда  екенін жақсы білеміз , кішкентай бала ата-анасымен бірге осындай ойындарда, саяхаттарда, отбасылық мерекелерде шаттанып ойнап –күліп жүрсе, баланың болашағына да керемет әсер, ұмытылмайтын естеліктер қалдыратыны анық. Бөбекжайда осындай іс-шаралар өткізу арқылы  бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп, оларды ептілікке , жылдамдыққа, шыдамдылыққа және батылдыққа тәрбиеленіп келе жатқандығын айқындай түседі , балалардың бір-біріне деген жанашырлығы, көмек қолын созуы олардың адами асыл қасиетті бойларына сіңіріп өсіруде екендігін көрсетеді. Біздің мақсат, тәрбие мен білім беруде отбасыларды, ата-аналарды бірлесе жұмылдыру, баланы тәрбиелеу мен оқытудағы мәліметтерін кеңейту, өзара сыйластық, түсүнушілік, бір біріне деген шынайы сенімділік, терең қарым- қатынастарды арттыру. Бөбекжай ұжымы келешекте де ата-аналарды бөбекжайдағы тәрбие існе  белсене қатысуларына арналған іс- шаралар жиі өткізіп тұратыны анық. Ата-аналар оқу әрекетіне қатыса отырып, өз балаларын жан-жақты зерттеп, танып, не толғандырып жүргенін, не қажет екенін біле алады. Ата-анармен бірігіп өткізетін іс –шаралар арқылы, бөбекжаймен ата-ана бірлестігі орнап, балаларды жан –жақты осы заманға сай тәрбиелейтінімізге нық сенеміз!

БҚО. Орал  қаласы

МКҚК №18 «Балдырған»

бөбекжайының І санатты

тәрбиешісі: Аккереева С.Н.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.