Home » Айтарым бар » Латын негізді әліпбиді оқушыға оқу және жазу дағдысын меңгерту жолдары

Латын негізді әліпбиді оқушыға оқу және жазу дағдысын меңгерту жолдары

 Қалыптасқан таңбалардан арылып, жаңаша латын графикасын меңгеру үшін қандай іс әрекетке барамыз? Ал бірақ, күндегіден басқа таңбалануы бөлек келетін латын гафикасын оқушыға қалай тез ұқтырып танымына енгіземіз? Қатесіз жазу мен таңбаны танып оқи білу үшін қандай тәсіл әдісті пайдаға жаратсақ болады? Осы сұрақ кез -келген білім саласында жүрген жанды тебірентпей қоймайды. Мен өзім сабақ беретін сыныптардан бес оқушыға латын таңбаларымен берілген әліпби бойынша ойындар құрастырып, тапсырмалар беріп көрдім. Нәтижесінде оқушылардың таңбаны жете танып, қатесіз жазу мен оқуға қол жеткіздік.

  1. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу;
  2. Буын түрлерін анықтап, әріптен сөз, сөзден сөйлемге көшу;
  3. Төл дыбысымыз бойынша тапсырмалар беру
    Дауыссыз дыбыстардың ережесіне тоқтала кетсем
    Дауыссыз дыбыстар дауыс шымылдығының жиырылып, өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысындағы мүшелердің біріне соқтығысып, бір-біріне кедергі жасауынан шығады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, щ, ш.
    Оны латын графикасындағы дауыссыз дыбыстарға келтіргенде: b, g, q, d, j, z, i, c, k, l, m, n, ń  p, r, s, t, w, h, v, f қалдырамыз. Латын алфавиті негізінде у мен й дыбыстарын қоспағанда, 16 дауыссыз дыбыс шығады.
    в мен ф дыбыстары қазақ тілінің төл алфавитіне орыс тілінен  енген кірме дыбыстарды береді. Жаһандану дәуірінде технология медицина саласын алсақта термин өте көп қолданыста жүрген сондықтан бұл екі таңбасыз дауыссыз дыбыстарды толық ете алмаймыз сондықтан біз  v және f әріптері мен толықтырамыз.
    v – әрпі кириллица әліпбиіндегі в әрпін береді
    f – әрпі кириллица әліпбиіндегі ф әрпін береді
    Дауыссыз дыбыстар дауыс пен салдырдан құралады да, үш топқа бөлінеді.
    1. Қатаң дауыссыздар мыналар: p, f, c, k, t, sh, s, h, ts, ch. Бұл дыбыстар негізінен, салдырдан құралады.
    2. Ұяң дауыссыздар мыналар: b, v, q, g, d, j, z, Ұяң дауыссыздарда салдыр басым, дауыс азырақ болады. Қазақ тілінде 7 қатаң дауыссыз бен 7 ұяң дауыссыз дыбыс бір-бірімен қатаң ұяң болып жұптасады: p-b, f-v, c-g, k-q, t-d, s-z, sh-j.
    3. Үнді дауыссыздар мыналар: l, m, n, ing, p, i, w. Мұнда дауыс басымырақ болып, салдыр аз болады. w мен і дыбыстары дауысты да, дауыссыз да болып қолданыла береді. Қосымша таңбалар
    Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
    Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер: a, á, о, о́, у, і, u, ú, е.
    1. а, е, у, і әріптері сөздердің барлық буынында жазылады: nan, bala, shaǵala, taran, bota, bolashaq; еrlik, egemendik, el, izet, senim; yqtay, yry, jańǵyrý, baqsy, jaqsy; irgeli, irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil.
    2. а́, о, о́, u, ú әріптері төл сөздің басында жазылады: ádis, álem, sán, dán, mádenıet, báıterek; ozyq, ońtaıly, qoǵam, torsyq; óris, ómirsheń, kósem, bórik; utymdy, ustaz, qujat, tumar; úrdis, úkimet, júıe, túbegeıli. Кірме, шеттілдік сөздердің екінші, үшінші буынында да жазылады: sirá, kiná, kýá, ińkár, kúmán, shúbá, zámzám, dúdámal; bulbul, maǵlumat, samuryq, májbúr, dúldúl, dástúr, manо́vr, montо́r, parashút, absalút, festıvál, kоbált, banknot, alkogól, vestıbúl. j, sh мен ı әріптерінің ортасында келген а дыбысы жіңішке айтылғанымен, а әрпі жазылады: jaı, jaılaý, jaıly, shaı, shaılyq.
    Дыбыс құраудың халықаралық қосалқы баламалары gh, ph, sh халықаралық жағдайларға ғана қолданылады.
    Дауысты дауыссыз дыбыстардың таңбалануын жадына тез сақтау үшін қима суреттер мен түсіп қалған әріптерді толықтыру тапсырмаларын беріп отырдым. Ең алдымен оқушы таңбаларды дұрыс жаттап, төл таңбамыздың өзіне сай орындарын анқтай алса, еш қателеспейді. Яғни ағылшын әріптерімен шатастырып алмай оқи алу керек.  Әріптен сөзге, сөзден сөйлемге көшу үшін баланың негізгі таңбаланған латын графикасындағы әріптерімізді диктант түрінде жаздыру керек. Бірнеше қатемен жазылған диктантты өздеріне дұрыс нұсқамен  тексерткізу бойынша өз қатесін есінде ұстап, қатесіз жазуға және оқуға талпынады
    ы. Мазмұндама жаздыру да аса қатты көмегін береді, сонымен қатар сөзжұмбақ құрастырып оның торкөзін толтыру да оқушыға жылдам латын әліпбиңн меңгеруге септігін тигізеді деп ойлаймын. Төл дыбыстарымыз: Ә, á; Ғ, ǵ; Қ, q;  Ұ, u; Ү, ú; І, i; Ң, ń; Һ,Hh; Ө, о́; Қадағалауды қажет ететін таңбалар осылар деп айта аламын. Өйткені көп жағдайда оқушылар әріптің үстіне қойылатын афострофты ұмытып немесе а, не ә дыбысының орнын алмастырып отыруы  көп кездеседі.
    Осы жағдайдың алдын алу мақсатында мен дауысты дыбыстарды сөзден сөйлемнен анықтап астын сызып көрсету. Табылған әрбір әріптен сөз құрап айтып шығу. Және де төл дыбыстарды аса назар салып жаттату. Жемістер туралы мәтін құрастырып ішінен дауысты дыбыстардан болған жеміс атауларының суретін салып, оқушылар бірне бірі тапқызуы, іздеткізуі жақсы көмектеседі. Аз ғана уақыт ішінде осы қарапайым тапсырмалар арқылы   көздеген  мақсатқа жетуге болды. Әрине бұл бірінші кезекте мұғалімнің қызығушылығын талап етеді. Егер мұғалім қызығып, талаптанып, қайтсем баланың бойына дарытам, ойына жеткізіп, санасына құямын деген ынтасы болса, онда кез келген әдіс нәтиже береді деп сенемін!

 

Аманова Шолпан Ибраимкуловна,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№65 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.