Home » Жаңалықтар » «ӘР АДАМҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ­­- ҚОҒАМДАҒЫ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР»

«ӘР АДАМҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ­­- ҚОҒАМДАҒЫ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР»

Бүгінгі таңда мемлекет өз азаматтарының лайықты өмір сүруіне, олардың құқықтарын қорғауға, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға барлық жағдайды жасай алатын және жасауға тиісуақыт келді.
Ел президенті Қ.К. Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа жолдауында әлеуметтік әл-ауқат басты басымдық болып табылатынын атап өтіп, елдің жаңа экономикалық бағытының 7 қағидатын белгіледі, олардың бірі ­- адам капиталын дамыту, жаңа үлгідегі білім берудіинвестициялау.
Мен,үздік әлемдік тәжірибені үнемі енгізе отырып, зерттеу университеті мәртебесіне ие болған жетекші жоғары оқу орнында16 жыл бойы бірінші проректор болып қызмет атқарған тәжірибелі маман ретінде,отандық жоғары білім беру мәселелерінбілемін және болашақ мамандардың дайындығы мен сапасын қалай жақсарту керектігін түсінемін. Шетелдік серіктестердің тәжірибесіне сүйенсек, біздің мамандарға күрделі үрдістерді түсінуге және жаңа білім алуға, еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттіліктерді қалыптастыруға, өндіріске инновациялар енгізуге мүмкіндік беретін іргелі дайындық жетіспейді. Сондықтан бакалавриаттағы барлық мамандық студенттері өз өндірісін ашу және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында «Кәсіпкерлік негіздері» курсын оқиды.
Кез-келген мемлекеттің болашағын елдің негізгі күші, оның басты стратегиялық және кадрлық ресурсы болып табылатын жастар айқындайды. Қазіргі жағдайда көптеген жастар жұмысқа орналасудың, жеке және мансаптық өсудің келешегі жоқ деп санайды, себебі қоғамда жеке қасиеттерге қарағанда, көп жағдайда сыбайлас жемқорлық пен тамыр-таныстық байланыстар үлкен рөл атқарып тұр. Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың басты қасіретіне айналды. Осыдан билікке деген сенімсіздік пен жастардың саясаттан алшақтығы, өздерінің әлсіздігі үшін реніш сезімі және жеке көзқарастарын қанағаттандыра алмауы қалыптасады.Сондықтан сыбайлас жемқорлықты жеңу ­- ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады деп санаймын, өйткені қоғамға білімді, бастамашыл, жаңашыл, ең бастысы, адал адамдар қажет.
Мен біздің қаламызда студенттік шақтан, яғни 40 жылдан астам уақыт, тұрып келемін. Өкінішке орай, елорданың шеткері аймақтарындағы және ескі бөлігіндегі тозығы жеткен, астананың деңгейіне сәйкес келмейтін тұрғын үйлер, асфальтталмаған жолдар, тұрғындарға қажетті инфрақұрылым мен қажетті таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерінің әлі күнге дейін өзекті сұрақтар қатарында тұрғанын білемін. Сонымен қатар, балабақшалар,мектептер, денсаулық сақтау мекемелері сияқты қазіргі заманғы әлеуметтік нысандар да аз салынуда. Әкімдік қаланың шеткері аймағы мен ескі бөлігін дамыту бағдарламасын қабылдауы керек. Халықтың қаржысы есебінен құрылған бюджет олардың қажеттіліктеріне жұмсалуы тиіс. Оған қалалық мәслихат тарапынан қатаң бақылау қажет.
Әлеуметтік мәселелерді талқылайтын отырыстар он-лайн өткізілуі тиіс.Мәслихат деңгейіндегі басқару жүйесінің ашықтығы ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жоюға мүмкіндік береді.
Елімізге тараған індет көрсетіп отырғандай, халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру қажет, ол дәрігер мамандығын құрметтеуге негізделуі тиіс, бұл ретте медицина қызметкерінің еңбегі мен оның мәртебесі қоғамда ерекше назар аударуға лайық деп санаймын. Сондықтан бұл мәселе менің бағдарламамның басымдықтарының бірі болып табылады.
Егер мен қалалық Мәслихатқа сайланатын болсам, елордамызды, әсіресе, оның шеткері аймақтары мен ескі бөлігін одан әрі дамытудың заңнамалық базасын реттеу бойынша жұмыс істейтін боламын. Мен үшін басты міндет: елорда тұрғындары мен қонақтарының тұруына, еңбек етуіне және демалуына қолайлы жағдай жасау болады.
Сондықтан мен кадрлар даярлауда, жалпы білім беруде, ғылымда және нақты өндірісте мол тәжірибесі мен білімі бар адам ретінде қоғам мен біздің елордамызға пайдамды тигізу үшін, партия ішіндегі сайлау – праймеризге қатысуға шешім қабылдадым.

Әбдіров Айтжан Мұхамеджанұлы

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.