Home » Жаңалықтар » Кемел білім — болашақ шұғыласы» мақала

Кемел білім — болашақ шұғыласы» мақала

«Кемел білім — болашақ шұғыласы» мақала
«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін
ең алдымен азаттық пен білім қажет»
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Оқу да, білім де шыдамдылықты, ұзақ уақыт еңбектенуді талап етеді. Жас ұрпақ сауатты-салиқалы, білімді-білгір, өрелі-өнерлі болуы үшін жақсы орта, сапалы мектеп, дарынды ұстаз қажет екені даусыз. Замана талабы мен өмір шындығы осыған орайласады. Білімнің дұрыс берілуі, көкейге қонуы, сұранысқа ие болуы бәсекелестікті тудырады. Кемел болашақ — білімді жастардың қолында. Өткенімізден сабақ алып, болашаққа ұмтылу, креативті ойлап, рухани жаңғыру арқылы жаңаша қоғам құра аламыз. Ізгілікті қоғамда білім беру ұйымдары толығымен өзгеріп, аты мен заты жаңаланады.

Менің ойымша болашақ мектеп, басқа да білім ұйымдары этнопедагогика, ұлттық құндылықтар негізінде құрылған болуы қажет. Ол мектептерде латын әліпбиін үйретіп, қолданысқа енгізу заман талабы. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы құрған қазақ мектебінің моделі мен тіл тазалығын сақтау туралы идеяларын зерттеп, осы заманға лайықтау қажет. Ел болып бірлесіп, жаңа жобалар мен ұсыныстарға қолдау білдіріп, қоғамдық жағымды пікір қалыптастыру маңызды болып тұр. Келешекте компьютерленген сыныптар пайда болып, мұғалімнің қажеттілігі болмайды деген пікірлер де бар. Алайда өркениетті елдердің деңгейіне жету үшін жаңашыл бастамалар қажет-ақ.

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек — білім беруші «дарынды ұстаз» болуы шарт. Ғаламдану дәуірінде жаңартылған бағдарлама арқылы білім беру — өзект

Сагидода Меруерт
Нұр-Сұлтан қаласы
№57 орта мектеп

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.