Home » Мақалалар » Бірлескен жұмыс нәтижесі

Бірлескен жұмыс нәтижесі

Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы
«№74 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК
Байтас Гулшат Берікбайқызы

              «Ұлттық бәсекелестік қабілеттілігі-ең алдымен оның білімділігімен өлшенеді» — деп атап көрсете отырып, елімізде білім беру ісіне ерекше назар аударуда. Әлем жылдам өзгеруде. Әлемнің жылдам өзгерісіне ілесе отырып, заман көшінен қалмай оқушыларға жаңа мазмұнды білім беру басты міндетіміз екені белгілі. Ендеше, жаңа өмірге жаңаша әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға білікті мұғалім, жоғары кәсіби тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып оқыту мен оқуды тәжірибемізге енгізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына қойылып отырған талап та күшті.

Ұлы педагог К.Д. Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген, яғни бүгінгі күннің мұғалімі жаңалыққа жаны құмар, жан-жақты болып, білімді үздіксіз жетілдіруі қажет екендігінде сөз жоқ. Осы мақсатта мектеп мұғалімдерімен түрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру Нұр-Сұлтан қаласы №74 мектеп-гимназиясында жақсы жолға қойылған. Мұғалімдердің түрлі біліктілік курстардан өтуін, шығармашылықпен, зерттеу жұмыстарымен айналысуына және оқушылардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндікті жасап отырған мектеп директоры Жеңіскүл Темірханқызы осы білім ордасының ілгерілеуі үшін жан аямай еңбек етіп келеді. 2014 жылы қыркұйекте ашылған мектеп-гимназия осы жылдар бойы Республика, қала деңгейінде түрлі іс-шаралар өткізіп, іс-тәжірибесімен алмасуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында орта білім беру сапасын дамытуды айткан еді. Педагогтердің тә­жіри­бе алмасуын жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі мұғалімдері мен жетекші мектеп арасындағы  бірлескен әдістемелік күн  2020 жылдың 27 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы №74 мектеп-гимназиясында «Әдістемелік күн: мұғалімнің тәжірибесін жетілдірудегі бірлескен жоспарлау» тақырыбында өтті. Назарбаев зияткерлік мектебінің физика және матиматика бағытындағы мектебі мұғалімдері мен жетекші мектеп арасындағы бірлескен әдістемелік күннің мақсаты: НЗМ мұғалімдерімен бірлескен іс-тәжірибе алмасу арқылы жаратылыстану бағытын дамыту.

Семинарда химия, биология, география, физика, математика, информатика пәндерінен бірлескен сабақтар топтамасы өтілді. НЗМ мұғалімдерімен бірлесе отырып жоспарланған сабақтардың нәтижесі жоғары болды, сабақтың әр түрлі өту деңгейінде оқушылардың қызығушылығы, зертханалық, практикалық жұмыстардың дұрыс таңдалып алынғаны оқушылардың сабақтың барлық кезеңіне белсене қатысуына мүмкіндік болды.

Семинарға қала мектептерінің жаратылыстану бағыты бойынша пән мұғалімдері қатысты. НЗМ физика және матиматика бағытындағы Назарбаев Зияткерлі мектебінің бейіндік ісі орынбасары Татьяна Варламова, ПШО тренерлері А.Алданыш, Ш.Калиханова мен Білімді жаңғырту орталығы әдіскерлері Дайра Амиргалиева, Марат Жасанович сабақтарға қатысып, өз ойларымен бөлісіп, бірлескен жоспарлау сабақтарының нәтижелі болғанына тоқталды. Семинарда әріптестерімнің кәсіби деңгейлерін көтеруге және әр баланың ой-өрісін жетілдіретін технологияның түрлі әдіс тәсілдерін топпен жұмыс, жұппен жұмыс, сын тұрғысында ойлау, диалогтық оқыту және тағы басқа технологиялардың ерекшеліктерін қолдануы көп мұғалімдерге ой салып, сабақ өткізудің ерекшеліктерін көрсете білді. Әріптестерімнің жаңашалыққа, өзгеріске деген талпынысы менің өз жұмысыма деген қызығушылығымды арттыруда. Әр әріптесіме сәттілік тілеймін!

                                                                                                                  Нұр-Сұлтан қаласы №74 мектеп-гимназиясының                                                                                                                              ҒӘІ орынбасары Г.Байтас

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.