Home » Балабақша » Тәрбиеші болу-бұл үлкен бақыт

Тәрбиеші болу-бұл үлкен бақыт

«Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл »
Тәрбиеші мамандығын ойлағанда –мен бір таңғажайып әңгімені есіме түсіремін.
Саяхатшы ауыр жүкті көтеріп жатқан үш жұмысшыны көреді, олардың әр қайсысынан не істеп жатырсың деп сұрайды.
Бірінші айтады: «Осы жүкті құрып кетседе итеріп жатырмын,
Екінші айтады: «Өзімнің отбасыма арнап нан тауып жатырмын»,
Үшінші мақтанышпен тұрып айтады: «Мен керемет ғажап үй салып жатырмын»
Үш жұмысшы бірдей жұмыс жасап жатса да бірақ өздерін әр түрлі сезімде сезінеді. Бірінші жұмысшы өзін бақытсыз сезінді,ал екінші өз отбасының қамқоршысы, асыраушысы сезінді, үшіншісі алдына қойған мақсатпен қызмет жасады. Ол өзі бақытты еді.
Адамның бақыты «өз ісіне сүйіспеншілікпен және жұмысына бар күші мен еңбек ету.»
К.Гельвецкий айтқан «Тәрбиеші –бұл сиқыршы, бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге не болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады»
Тәрбиеші болу деген не?
Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Осы сенімнің болуы –әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіне білуі қажет.
Тәрбиеші ! Мен бұл сөзді үлкен әріппен ойып жазамын, өйткені бала бақшадағы 15 жылдық жұмысымда қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым –үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиеленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Сондықтан да бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл –бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін жан-жақты білетін, бүлдіршіндерді жан-тәнімен сүйе білетін, оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан ғана келетін жұмыс.  Мен тәжірбиелі тәрбиешілерден өз білімімді шыңдадым. Мен тәрбиеші болу үлкен жауапкершілікті қажет ететінін түсіндім.  Пәк көңілді балалармен қарым –қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажеттігіне сенімдімін. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін ,тәтті қылықтарынымен ,сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін.
Ұлы педагог Г.Песталоции : «Егер де сүйе білмесең,тәрбиелеу құқығың жоқ» деген екен. Әрине әр балаға сүйіспеншілікпен, қызығушылық қөз қараспен қарау керек.
Бүгінгі таңда мен кіммін?
Мөлдір бұлақтың бастау көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да қызықты еңбек пен тер төгіп келемін. Балабақшада жұмыс істеу кезінде мен өз мамандығымды таңдағаныма ешбір күмән келтірмедім . Менің ойымша тәрбиеші –өте қызықты мамандық. Себебі,  сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді, ал мен болсам, олардың өмірімен бірге өмір сүремін табыстарына қоса қуанамын.
Сіздер сұрайсыздар неге керек деп?
Тәрбиеші болу мен үшін үлкен мамандық деп жауап беремін.

 

Абенова Гульмира Сартаевна,
№85 «Мейіржан» санаториялық
балабақшасы
«Аққу» ересек тобының
бірінші санатты  тәрбиешісі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.