Home » Жаңалықтар » Хакім Абай даналығы

Хакім Абай даналығы

Нұр-Сұлтан қаласы
Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы 56-мектеп-лицейі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Бейсенбаева Үміт

       ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын еүлкен құлшыныспен оқып шықтым. Абай мен Қазақстанды тоғыстырып, ажырамас бір арнада сөз ету мемлекет басшысының ұтымды шешімі деп білемін. Ұлтымызға ұлы тұлғаны үлгі етіп қоюы өте орынды. Сондай-ақ, бұл –даналықтың көзі. Ақынның 175 жылдығын жоғары деңгейде атап өту – ұлттық сананы сақтаудың жолы және заман талабына сай бәсекеге қабілетті мемлекет болуымызға жетелейді. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай ұлттық сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашылатын болады.    Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жариялаған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы үлкен серпін беріп отыр. Мақала әсіресе, білім саласымен, жалпы ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты екендігі қуантады. Жаһандану дәуірінде кез келген дүниені Абайдың даналығымен байланыстыру керектігі және әр қазақтың үйінде домбыра болу керек десек, әр отбасының төрінде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабы мен Абайдың қара сөздері тұруы керектігін ден қойып айтты.     Осы сөздерден қазақтың ұлттық өнері мен ұлттық құндылықтарымызды, Ұлы Абай даналық сөздерін әр бала жастайынан өз отбасында ұғынуы керек деген ой түйіндейміз. Біз ұстаздар қауымы, алдымызға келген бүлдіршіндерді Абайдың қара сөздерімен қуаттандыру керекпіз. Біз Мемлекет басшысының мақаласын басшылыққа алып, алдағы уақытта тек мерейтой қарсаңында емес, әр жыл сайын Абай мұрасын дәріптеп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге күш жұмсау қажеттігін айқындадық.
Бұл мақала Елбасымыздың алға қойған елді рухани жаңғыртудың жалғасы болып табылады. Сол негізде айтылған Ұлы Абайдың тұжырымдамалары баршамызға азық болары анық. Абай – мәңгіліктің ақыны, ақынның рухани дүниесі арқылы біз ХХІ ғасырда мәңгілік елге айналдық. Рухани жаңғыру негізінде осындай ұлы тұлғамыздың артынан қалдырған асыл мұрасынан үлгі алуымыздың өзі зерделілік деп білемін. Бұтақтары биікте, тамырлары тереңде жатқан халқымыздың, мемлекетіміздің, ел басқарып отырған басшылардың Ұлы Абайды темірқазық жұлдыз етіп алуы – оның қаншалықты маңызды тұлға екенінен хабар береді. Аспан – мәңгілік, жер – мәңгілік, Абай – мәңгілік. Абай поэзиясы жер-анамен бірге өмір сүре бермек.  Қасым-Жомарт Кемелұлының Абай туралы жазған мақаласы әрбір қазақтың жүрегіне жылы тиеді деп ойлаймын.  «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақала ұлы ақынның 175 жылдығына арналған ең мазмұнды да, көлемді дүние екен. Бұл жерде Президент сонау бір жарым ғасыр бұрын жазған Абай мәтіндеріне жаңашылдықпен қарауға күш салған. Жалпы, Абай ақын-ойшылдың мәтіндерін әртүрлі оқуға болады. Ал Президент бұл мәтіндерді мемлекеттік мүдде тұрғысынан, Қазақстанның болашағы тұрғысынан, қазіргі ел жастарын заманға лайықты ету тұрғысынан қарап, оқыған тәрізді. Осы ретте бұл мақаланы үлкен бағдарламалық мақала деуге лайық екенін айта кеткім келеді. Қазірде Абайды оқушылар көп екенін жақсы білеміз. Алайда, мәселе – оның санының артуында емес, оны бүгінгі заманға қалай жақындатуымызда, Абай айтқан ойдан, өлеңдерден, мәтіндерден бүгінгі заманға сай ұран боларлық өсиеттер табуымызда. Қарап отырсаңыз, Абай мәтіндерін Президент өзгеше оқып шыққан. Бұл оқырмандарды бағыттап отыратын мақала болған. Жасампаздыққа, еңбекқорлыққа, білімдарлыққа, ұлтжандылыққа, жаңашылдыққа, имандылыққа бағыттайтын мақала әрбір қазаққа рух беріп, жігерлендірді деп ойлаймын.

Биылға жылы атаулы мерей тойға орай мектебімізде де көптеген іс-шаралар жасалынды. Әрбір өткізілген іш шараға мұғалімдермен бірге оқушыларда жан-тәнімен құлшынып ат салысты. Абай әндерін айтудан жалғасқан челлендж ұстаздардың шығармашылылық тұстарын аша түсті. Ұстаздар бірігіп жұмыс жасау барысында бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміздің артқанын байқауға болады.

Сондай ақ, Ұлы Абайды тек ақын- жазушылығы тұсынан бөлек, психолгиялық тұрғыда зерттеп, қазірге заман тенденциясына айналған IQ, EQ,VQ ұғымдарына қатысты айтқан сөздерін зерттедік. Абайдың шығармаларын іздену барысында, кез-келген салаға байланысты пікір, бағыт-бағдар табуға болатынын ұғындым. Мектебімізде өтіп жатқан әр іс-шараның өзіндік баурап алар тұстары бар. Оның бірі бізді шағармашылық дамытса, екінші бірі ғылымға үңілуге, сондай-ақ, қарапайым өмірдің жарқын тұстарын ашуға көмектеседі деп айқын сенемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.