Home » Мақалалар » БҚО-да «Алтын белгіге» 371 түлек үміткер

БҚО-да «Алтын белгіге» 371 түлек үміткер

Батыс Қазақстан облысы бойынша  биыл 371 түлек «Алтын белгіге» үміткерлердің  қатарында.

Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне  жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

Мектеп бітірушілері биыл төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайды. Сол себепті аттестатқа жылдық қорытынды баға түспек. «Алтын белгі» иегерлері де  жылдық қорытынды баға негізінде нақтыланады.

Айта кетейік, биыл облыста  5142 түлекке аттестат табысталады деп күтілуде.

                                        БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.