Home » Мақалалар »   Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс

  Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс

Издибаева Гульнара Байзаковна
Қызылорда облысының дене шынықтыру
және спорт басқармасының Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы
атындағы олимпиадалық резервтің облыстық
мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиешісі

Жүргізуші: Желбірейді бейбітшілік алауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы.

Жауынгердің жүрегі боп жанып тұр,

Мәңгілік от – ескерткіші алауы.

Жеңіс күні салтанат тойланады,

Анамыз ғой жұмыр жер толғанады.

Жеңіс туы мәңгілік желбіресін,

Ерлік, дәстүр жаңғыртып кең даланы!

— Қайырлы күн құрметті оқушылар! «Жас ұрпақ» балалар мен жасөспірімдер ұйымының  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырып отырған «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты интелектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайыстың мақсаты: Жас ұрпақты ардагер аталарымыздың ерліктері мен әжелеріміздің еңбектерін үлгі-өнеге тұту және оларды  құрметтеу, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Енді сіздерді  бүгінгі интелектуалды сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейін. Сайыс 3 турдан тұрады.

І   тур:   «Ер есімі-ел есінде». Бұл турда әр команда 3 сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

ІІ  тур: «Отты жылдар шежіресі». Әр команда мүшесіне жеке тест сұрақтары беріледі. Тест мәтіні бірдей, әр бала жеке жауап беру арқылы өз командасының ұпайын толықтыра алады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

ІІІ  тур: «Сен бұл жайлы не білесің?» суретпен жұмыс. Бұл турда команда экранда көрсетілген ұяшықты таңдау арқылы берілген суретке байланысты мәлімет жинақтап, ұсынады. Берілген мәліметтің нақтылығы мен дұрыстығы 5 ұпаймен бағаланады.

ІҮ  тур:  «Ерлікке тағзым» тақырыбында эссе жазу. Бұл турда мектеп командаларға 7 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде 10-15 сөйлемнен тұратын эссе жазу керек.

Сіздердің білімдеріңізді сараптайтын сарапшы апайларыңызбен таныстырып өтейін.

І.   Сұрақтар. 1 топтың сұрақтары:

  1. Талғат Бигелдинов кім? (Екі мәрте Совет Одағының батыры, авиация полковнигі, Ұлы Отан соғысының ардагері)
  2. Гитлердің КСРО-ға шапқыншылық жоспары қалай аталады? (Барбаросса)
  3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ халқының қаҺарман ұлдары кімдер? (Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Р.Қошқарбаев,                                                       С. Нұрмағамбетов).

2 топтың сұрақтары:

  1. Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз, 1945 жылы 24 маусымда Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысқан кім? (Болтай Тасыбаев)
  2. Қазақ халқынан шыққан, Совет Одағының батыры атағын алған батыр қыздар (Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова)
  3. «Россия ұлан – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва!» деген сөздерді қай жауынгер айтты? (Саяси басшы (политрук) А.Клочков)

3 топтың сұрақтары:

  1. «Қанмен жазылған кітап», «Біздің генерал», «Москва үшін шайқас», «Айтылмаған ақиқат», т.б шығармаларының авторы? (Бауыржан Момышұлы).
  2. Ұлы соғысында батыр атағын алған қалаларды ата. (Брест қамалы, Москва, Ленинград (Санк-Петербург), Сталинград (қазір Волгоград), Киев, Одесса, Севастополь, Керчь, Минск, Тула, Смоленск).
  3. Ұлы Отан соғысына қатысқан, жауынгер жазушыларды ата. (Ә. Нұршайықов, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин).

4 топтың сұрақтары:

  1. «Қазақ солдаты» романының авторы кім? (Ғабит Мүсірепов)
  2. Халқымыздың біртуар қаһарман ұлы, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы биыл нешеде? (Бауыржан Момышұлы 100-ге толады және батырдың 100 жылдық мерейтойы «Юнеско» көлемінде аталып өтпек). 
  3. Атақты қазақ партизаны кім? (Қасым Қайсенов)
  • топтың сұрақтары:

1.Ұлы Отан соғысында Москва түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ жауынгері кім? (Төлеген Тоқтаров )

  1. Бауыржан Момышұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1910 жылы 24 желтоқсанда, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында)  
  2. Майдан тылында жауынгерлерге ән салған қазақ бұлбұлы? (Роза Бағланова )

ІІ  тур: тест  «Отты жылдар шежіресі» 

  1. Әуе шайқасында жеке өзі жаудың 37 самолетін жойған қазақстандық ұшқыш, истребитель кім?

а)  Сергей Луганский

б)  Нүркен Әбдіров

в)  Леонид Беда

  1. Әлия Молдағұлова Ұлы Отан соғысына кім болып қатысты?

а ) әскери дәрігер.       б)  Пулеметші.        в)  Мерген.

  1. Қазақстандық оқушылар Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек етіп тапқан 4 миллион сом ақшаларын қандай қорға аударды?

а ) «Қорғаныс».

б) «Қазақстан пионері»

в) «Жеңіс»

  1. Қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров қандай ерлік жасады?

а) Жаудың 800 автомашинасын жойды.

б) Ұшағын жау танкілері шоғырына  құлатты.

в) Неміс траншеясына бірінші болып кірді.

  1. «Боздақтар» әнінің әні мен сөзін жазған кімдер?

а)  М.Әлімбаев, Н.Тілендиев.

б)  М.Әміреев, Б.Нұржанов.

в)  Н.Тілендиев,Ш.Қалдаяқов

  1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

а)  1941ж 22 маусым.   б)   1941ж  22 мамыр.  в)   1941ж  22 тамыз

  1. Соғыс жылдарында күріштен мол өнім алған атақты күрішші кім?

а)  Ы.Жақаев.

б)  Ш.Берсиев.

в)  Ж.Қуанышбаев.

  1. М.Мәметова қай қала үшін шайқаста ұмытылмас ерлігін жасады?

а)  Невель.        б) Гомель.        в) Москва.

  1. Брест қамалына қай жылы «батыр қамал» атағы берілді?

а) 1980 ж

б) 1945 ж

в) 1965 ж

10) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар саны қанша?

а)  603 мың.           б) 1 миллион.        в) 750 мың.

ІІІ  тур: «Сен, бұл жайлы не білесің?» турында ұпай саны көп команда ұяшықты бірінші таудауға мүмкіншілік алады.   Суретте көрсетілген ескерткіштердің атауын және қай қалада орналасқанын айтуларың керек.

1 сурет — Мәскеу қаласындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған «Мәңгілік алау».

2 сурет — Сталинград (қазіргі Волгоград) қаласындағы «Мамаев қорғаны» кешені.

3 сурет — Берлин қаласындағы «Трептов» паркіндегі фашизммен күресте қаза болған совет солдатына арналған ескерткіш.

4 сурет — Қызылорда қаласындағы Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш.

5 сурет Алматы қаласындағы “Панфилов” паркіндегі                                                         28 панфиловшыларға арналған ескерткіш.

ІҮ тур: «Ерлікке тағзым» тақырыбында командалар эссе жазып шығады.

Қорытынды: Сайыс соңында командалардың ұпай сандары есептеліп, орындар белгіленеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.