Home » Жаңалықтар » ТҮЛЕКТЕР 152 МЕКТЕПКЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ТҮЛЕКТЕР 152 МЕКТЕПКЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

 

 Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі
    Биыл қаңтар-мамыр айлары аралығында «Мектепке тағзым» акциясы аясында облыс мектептерінің түлектері  өңірдегі 152 мектепке  материалдық  көмек  көрсетті.
   Атап айтсақ, мектеп өміріне қажетті деп танылған компьютерлер, планшеттер, магниттік тақталар, велосипедтер, шахмат кабинеттінің жиһаздары, домбыралар және спорттық құрал-жабдықтар табыс етілді.
Бұдан бөлек мектептердің ауласында газондар, шыршалар, жеміс ағаштары отырғызылып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Түлектер аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды да елеусіз қалдырмады. Оларға телефондар мен оқу құрал-жабыдықтары беріліп, сапалы білім алуларына  жағдай жасады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.