Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі
Биыл қаңтар-мамыр айлары аралығында «Мектепке тағзым» акциясы аясында облыс мектептерінің түлектері өңірдегі 152 мектепке материалдық көмек көрсетті.
Атап айтсақ, мектеп өміріне қажетті деп танылған компьютерлер, планшеттер, магниттік тақталар, велосипедтер, шахмат кабинеттінің жиһаздары, домбыралар және спорттық құрал-жабдықтар табыс етілді.
Бұдан бөлек мектептердің ауласында газондар, шыршалар, жеміс ағаштары отырғызылып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Түлектер аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды да елеусіз қалдырмады. Оларға телефондар мен оқу құрал-жабыдықтары беріліп, сапалы білім алуларына жағдай жасады.