Home » Мақалалар » Балаларға арналған психологиялық  дамыту ойындары

Балаларға арналған психологиялық  дамыту ойындары

Әбілқасым Ақбота Әнуарқызы
Алматы қаласы, Алатау ауданы,
МКҚК  «№164 бөбекжай-балабақшасы»
педагог-психолог

 «Балаларға арналған психологиялық  дамыту ойындары»
Мақсаты: Ойындары арқылы балалардың ойлау қабілетін, ұсақ қол моторикасын, белсенділігін, қабылдауын дамыту. Балалардың мінезін, эмоциясын, көңіл-күйін анықтау.
Көрнектілер: слайд, ойын құралдары, музыка
Сабақтың барысы:
Балалар мен сендерді күнде балабақшада көргенде қуанамын. Мен бәріңді жақсы көремін. Ал сендер бір-біріңді көргенде қуанасыңдарма?
Балалардың жауабы: Иә
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Оларда сендерді көргеніне қуанышты, бізде қонақтарға қуанышымызды білдірейік. Кәне қонақтармен амандасайық.
Амандасу барысы:
Сәлем! сәлем!
Шапалақ соғайық!
Сәлем! сәлем!
Шапалақ соғайық!
Көкке керіліп!
Аяқты ұстайық!
Айналып тұрайық!
Сәлем жолдайық!
Сәлем! сәлем!
Аяқпен таптайық!
Көкке керіліп!
Аяқты ұстайық!
Айналып тұрайық!
Сәлем жолдайық!
Сәлем! сәлем!
Аяқпен таптайық!
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде болады, тақырыбы:
«Балаларға арналған психологиялық дамыту ойындары» деп аталады. Балалар,эмоциялар әртүрлі, жағымды және жағымсыз болады. Барлық эмоциялар біздің сөйлеуіміз бен мимикамызды толықтырады.
Ендеше балалар барлығымыз суретке қарап, мұнда қандай эмоциялар бейнеленгенін айт. (Экранда 1-сурет көрсетіледі психолог сурет бойынша түсіндіреді)

   

  1. «Пиктограммалар» жаттығуы
    Мақсаты:  Мимиканы дамыту.

Тапсырма: Балаларға әртүрлі эмоцияларды бейнелейтін пиктограммаларды қарау ұсынылады. Содан кейін балалар қорқвнвш, қайғы, қуаныш, ашу, таңдану сезімін мимика арқылы көрсетеді.
Психолог: бұл берілген «эмоциялар» деп аталады деп түсіндіреді.

  1. «Пішіндер» ойыны
    Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, белсенділігін, қабылдау қабілетін дамыту.

Тапсырма: Балалар пішіндердің түсіне сәйкестендіріп кішкентай доптарды тез-тез жылдамдықпен қояды. Балалар тез жылдамдықпен келіп, үстел үстіндегі бос пішіндерге, пішіндерді орналастырады.
Психолог: жарайсыңдар балалар, өте керемет!

   

  1. «Қолшатыр» ойыны
    Мақсаты: Балалардың  ойлау қабілетін және жылдамдықтарын, белсенділіктерін дамыту.
    Нұсқау:  Балалар шеңберге дөңгеленіп тұрады. Ортасында психолог қолшатырды қолына ұстайды балалар сол қолшатырға кішкентай допты лақтырады.
    Психолог: жарайсыңдар балалар, өте керемет!
  2. «Балалардың ұсақ қол моторикаларын дамытуға арналған» ойындар
    Мақсаты: Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.
    Тапсырма: Балалар кішкентай шарларды жұлдызқұрттың түсіне сәйкестендіріп қойып шығу керек.
    Психолог: жарайсыңдар балалар, өте керемет!

7 комментариев

  1. Бота апай !
    Керемет тек биіктерден көрініңіз.

  2. Кушти!! Жумысынызга табыс тилеймин.

  3. Гульжахан

    Өте керемет екен. Жақсы жұмыстар атқарып жатырсыздар. Тек алға! Сәттілік тілеймін!

  4. Оте керемет,психолог,балаларда оте коп жетістік тер бар

  5. Керемет. Жумысынызга табыс тилеймин

  6. Зауре Жайлаубаевна

    Ақбота Әнуарқызы керемет психолог

  7. Молодец Бота

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.