Home » Мақалалар » Төрлет, төрлет Жаңа Жыл

Төрлет, төрлет Жаңа Жыл

Жарылкапова Балжан Шымкентбаевна
Алматы қаласы Алатау ауданы
МКҚК  «№164 бөбекжай – балабақшасы»
мектепалды даярлық «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі

Жүргізуші:   Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа орап алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бәрімізге мына жыл арайлы.

ӘН:Жаңа жылға арнау
Әже сандықтың үстінде, тапаншасын сүртіп отырады.
Залға кішкентай қарақшы жүгіріп шығады.
( Әже отырады )
Кішкентай қарақшы: Әже, әже! Бүгін ескі жылдың соңғы күндері екен ғой!
Қарақшы  әже: Иә
Кішкентай қарақшы: Әже, Жаңа жылда қар жауатын елдер бар екенін және онда Аяз ата болатынын  бір кітаптан оқып едім. Ол сондай мейірмді, балаларға сыйлықтар алып келеді. Неге Африкада бәрі басқаша? Мен қарды, сыйлықтарды, ақсақалды атаны тым болмағанда бір көзіммен болса да қатты көргім келеді. Қалай ойлайсыз, ол біздің атамызға ұқсайды  ма?
Қарақшы әже: Әй, сен де ойлайды екенсің?! Кітаптарды оқудың тіпті не қажеті бар? Сыйлықтарды армандау пираттық іске жатпайды. Біз – пиратпыз, біз тонауымыз керек! Сенімен әуре болып отыратын уақытым жоқ! Әлі сорпа пісіруім керек, екі кемені тонауға жіберуім керек!
Әже залдан шығып кетеді. Кішкентай қарақшы  ойланып отырады. Қасына Қоян келіп тұрады.
Қоян: Не болды, саған мейірімді, адал болуға мүмкіндік бермей жатыр ма? Ал сен тек мейірімді, адал адамдардың қалаған арман-мақсаттарына жететінін білесің бе? Тек мейірімді, адал адамдардың барлық армандары орындалады!
Кішкентай қарақшы: Рас па? Тіпті ең қалаған арманы да ма? Мен мысалы, Аяз ата мен қарды көруді армандаймын. Мен ешқашан ешкімге зұлымдақ жасаған емеспін. Менің арманым Африкада да орындалып, қар жауа ма?
Қоян: Менің кішкентай досым,әрине армандар орындалады, жүр оданда екеуміз серуендеп қайтайық, балалармен бірге жаңа жыл мерекесін қарсы алайық.
-Қарашы міне, айналамыз аппақ қар. Расымен дәл қыстың өзі! Қара, қара ұлпақарлар қалай айналады? Мәссаған!
Жүргізуші:Кіші қарақшы. Бұл нағыз қар ғой. Айналамыз аппақ қарашы? Қарлар биін тамашалалағың келеме?
Би: «Ұлпа қарлар»
Жүргізуші:  Бізге балалар, Жаңа жылымыздың басты қонақтары кешігіп жатыр екен?
Қоян: Тұра тұрыңдар, бәлкім мен қоңырау шалып көрермін.
Қоян телефонын алып: Сәлем, Аяз ата!  Жаңа жылға көп сыйлықтар дайындадың ба? Балаларды құттықтап үлгердің бе? Тыңдашы, Аяз ата! Мұнда Африкада ғажайып болып, қар жауып, қыс болып жатыр! Мүмкін сен уақыт тауып менің кішкентай достарымды қуантып келіп қайтарсың?
Аяз ата: Барлықтарыңызға Қайырлы күн! Жаңа жыл құтты болсын! Сәлем, Қоян! Әрине, мен жолға дайынмын! Менің ойыншықтармен ,дорба толы тәттілерімде да дайын! Күтіңдер!
Жүргізуші: Әліде кешігуде,
Осы кезде, Мыстан кемпір кіріп келеді.
Мыстан әже: Аяз-ата, Ақшақарларың келмейді. Мен оны сиқырлап,қатырып тастағам. Олар енді келмейді.Жаңа жылдарың болмайды. Аха-ха.
Қоян: Әже, әже, керек емес! Өтініш! Аяз атаға кедергі келтірмеші! Ол мұнда келсінші, мен мұнда кішкентай достарыма, Аяз атаны, Ақшақарды көрсетем деп, уәде беріп қойған едім.
Жүргізуші: Мыстанға карап:-Иә, шынымен бізге Аяз атамызбен Ақшақарымызды қайтар. -Балалар зұлымдық жасауға бола ма? Жоқ мейірімді болуымыз  керекпе?
Жауыздықты  қойып,  мейірімді бол. Сен оданда бізбен бірге болып, балаларымыздың  өнерін тамашала. Аяз атаға балалар тақпақтарын айтып, сыйлықтарын алсын.
Мыстан әже:  Болды, болды, берілдім. Өздеріңнің сыйлықтарыңды алыңдар. Мен Аяз атаның дорбасын өзіне қайтарып берейін. онда  тек  тәттілер екен. Ал мен тәтті жемеймін!
Мені көндірдіңдер, мен үнемі мейірімсіз болудан шаршадым. Аяз ата мен Ақшақарды ертіп келейін.
Жүргізуші:-Кәне, балалар,ендеше жаңа жылдық мерекемізге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз-ата!Ақшақар!
(Аяз Ата мен Ақшақар келеді)
Аяз ата сөзі: Құтты болсын, балалар.
Келген жаңа жылдарың,
Алаңдамай өсіңдер.
Еркелеп ұл қыздарым,
Өткен жылы келіп ем.
Бәріңді де көріп ем,
Жыл өткізіп келем деп.
Уәдемді беріп ем,
Ойларың мен бойларың
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Ақша қар сөзі: Сәлеметсіңдер ме, балалар Жаңа жылдарың құтты болсын!
Жүргізуші:Келесі кезекте балалардың жаңа жылдық құттықтау тілектеріне берейік.
Айша:          Нұрландырып маңайды.
Шырша шамы жағылсын,
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын.
Сұлтан:      Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Сұлтан:      Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Азатбек:      Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр,
Дәл атамдай салмақты.
Іңкәр:     Жылдың әнін бастайын,
Аяз-ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере  алмай көп қарды.
Мирас:      Қалып едік сағынып.
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып.
Шыршаларға шам іліп.
Ернар:    Мұздай моншақ тағынып.
Күміс қырау жамылып,
Ортада тұр Ақшақар
Көптен күтіп сағынып.
Айзере:       Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың.
Кішкентай қарақшы өзінің достарымен бізге тарту ала келіпті.
Би: «Қарақшы»
Жүргізуші: мерекелік көңіл-күймен балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Аян:          Тау-тау болып үйілген
Аппақ қарға қарашы.
Жермен көктің арасы,
Аппақ қарға жарасып.
Айсана:      Жаңа жылды қарсы алдың.
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Темірлан:   Жаңа жыл,жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
  Саида:      Тамаша тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Нұрасыл:  Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той- маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Жангир:  Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Жүргізуші: Аяз ата біздің шыршамыз көңілсіз тұр. Шыршамыздың шамын жағайық.
Жүргізуші:Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға арналған әнімізді айтайық.
Ән: «Шырша жыры»
Аяз ата: Африкада өте әдемі екен! Үнемі Африкада болсам деп армандаушы едім. Балалар да армандауды біледі, Кішкентай қарақшылардың қар көргісі келді, арманы орындалып  міне нағыз қыс Африкада! Ғажап!
Жүргізуші: Ал, балалар! Ескі жылмен қоштасар сәт те келді! Айтқандай ұлу қайда? Балалар, ұлуды  көрдіңдер ме?
Балалар: Ұлуды қоян алып кетіп тығып қойды!
Жүргізуші: Қоян, ұлу қайда, неге бұлай жасадың?
Қоян: Менің жылым аяқталып, орныма ұлу келеді. Ал мен баршаңызды  қимай тұрмын! Сол себепті ұлуды тығып қойдым, менің кішкентай пират досым, балалар мен кетіп,орныма сендермен бір жыл бойы сендермен ұлу бірге болады.
 Мыстан әже: Қоян, білесің бе тек шынайы, мейірімділердің ғана  барлық арманы орындалады екен. Мен бүгін соны түсіндім. Мейірімді болу керек екен. Мүмкін сенің де барлық арманың орындалып қалар!
Қоян: жарайды, мен ұлуды шақырайын!
Ұлу гитарасын арқалап келеді (музыкамен)
Ұлу: Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын!
Жүргізуші: Балалар Жаңа жылға жақсы дайындалғансыңдар. Мұнда кішкентай сайқымазақтарымызда жаңа жылымызға дайындалып келіпті. Жақсы көңіл-күй сыйлағысы келеді.
«Сайқымазақтар» биі
Ерсұлтан:  О, алақай, Аяз ата
Келе жатыр алыстан
Кел билейік үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын.
Ол келгенше жаңа жыл!
Ернар:     Далада қар борайды
Ақ мамыққа борайды,
Мұз болады қатады.
Жып-жылтыр боп жатады.
Айжұлдыз: Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Аруназ :   Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.
Айкөркем:   Тілеймін мен бар әлемге ,
Дос көп болсын жаң- жыл.
Ата-әже,   ата- әже,
Құтты болсын жаңа жыл.
Нұрали:    Жапалақтап ақша қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жүргізуші: Енді осы кешіміздің сәнін кіргізетін, жаңа жылдық кешімізге арналған жұптық биімізге кезек берейік.
Жұптық би.
Ән: Орманда шырша болыпты.
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдеріңде қандай әдемі! Солай емес ба? Қызым Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал балаларым сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын. Қош сау болыңдар. (Қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Жүргізуші:Кіші қарақшының әжесі іздеп қалған болар, бізде мерекемізді аяқтайық. Сен әжеңе сәлем айт, мейірімділік бақыттың кілті. Сеніңде әжең шын мәнінде өте мейірімді адам,оны мына сенің бал-бұл жанған жүзіңнен байқауға болады. Өте ақылды, арманшыл, тәртіпті бала етіп тәрбиелеген.
Кішкентай қарақшы:-Иә, менің әжем шынымен мейірімді, ол тек адамдарға көмектеседі.
Жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар, біздің  мерекелік бағдарламамыз да аяғына жетті. Мерекелеріңізбен, Жаңа жылымыз құтты бол

21 комментарий

  1. Тельман

    Керемет!

  2. Зауре Аманалиева

    Балжан Шымкентбайқызына шығармашылық табыс тілеймін. Еңбегіңіз елене берсін

  3. Биіктерден көріне беріңіз.

  4. Тек биіктерден көріне беріңіз

  5. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  6. Балжан апай әрұашан тек биіктерден көріне беріңіз. Еңбегіңіздің демісін жеңіщ😘

  7. Балауса

    Шыгармашылык табыс тилеймин.балапандарды тарбиелеу улкен енбекти талап етеди.енбек жолынызда талмай кызмет етебериниз.

  8. Балжан апай еңбегіңіз жана берсін

  9. Калкулов Бакытжан

    Балжан апай сізге тілерім шығармашылық табыс, мол бақыт ұзақ өмір и кажымас қайрат

  10. Балжан апай еңбегіңіз жансын

  11. Акжаркын

    Балжан апай еңбегіңіз жана берсін. Жемісін жеңіз👏👏👏

  12. Атиркуль

    Балжан Қадамың нық. болашағың жарқын болсын. Шығар биігің мен алар асуың көп болсын

  13. Такирова Айгерим

    Балжан Шымкентбаевна шығармашылық табыс тілеймін

  14. Айгерим

    Еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін.Еңбегіңіздің жемісін көруді Аллам нәсіп етсін

  15. Еңбегіңіз еленіп,биіктен көріне беріңіз.

  16. Балжан апай еңбегіңіз еселене түссін, шығармашылық табыс тілеймін

  17. Зауре Жайлаубаевна

    Балжан Шымкентбаевна еңбекте табысты, жұмыста беделді болыңыз. Творчестволық табыс тілеймін

  18. Керемет апай

  19. Балжан апай керемет 💐👏

  20. Баймешова Гулзинат

    Балжан жараисын, құттықтаймын 👏👏👏

  21. Еңбекте табысты болыңыз 🌷🌷🌷

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.